Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022



Pdf көрінісі
бет123/130
Дата06.04.2022
өлшемі1,03 Mb.
#30032
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   130
Байланысты:
2 5359518998088127895

БІР КҮНДІК ЖОСПАР

1. Сәресі уақыты

Мұнда біз үш амалды жасаймыз:

1) Екі рәкағат намаз оқу;

2) Сәресі ішу, оны соңғы уақытқа дейін кешіктіру сүннет;

3) Сәресі уақытынан яғни, таң намазының уақыты кірмес 

бұрын 5-10 минут қалдырып, сол кезде күналарыңды еске 

түсіріп, истиғфар айту (Алладан кешірім сұрау).

2. Таң намазының уақыты

Таң  намазының  уақытында  мынадай  он  амалды  ат- 

қарғанымыз жөн:

Азанды тыңдау мен қайталау және азан дұғасын оқу;



Таң  намазының  екі  ракағат  сүннетін  оқу  (бұл  екі 

ракағатты  Пайғамбарымыз  (Оған  Алланың  Салауаты  мен 

сәлемі  болсын)  үйде  оқып,  сосын  мешітке  шыққан.  Ал  сіз 

өзіңіз  таңдауыңызбен  қаласаңыз  үйде  немесе  мешітте 

оқуға болады;

Мешітке  бару  және  шығып  бара  жатқан  кезіңізде 



Пайғамбарымыздың  (Оған  Алланың  Салауаты  мен  сәлемі 

болсын) үйреткен дұғасын оқу;

Мешітке  кірер  алдында  иғтикәфқа  ниет  ету.  Өйткені, 



иғтикәф  аз  болсын,  көп  болсын  мешітте  қалумен  жүзеге 

асады. Сондықтан қанша мешітте болсаңыз соны иғтикәфқа 

ниеттеніңіз.

Мешітке кірерде оқылатын дұғаны оқу;



Мешітке  кірген  соң  екі  ракағат  «Мешітке  сәлем» 

намазын  оқу  және  егер  үйде  оқымаған  болсаңыз  таң 

намазының екі ракағат сүннетін де оқу;

Азан мен қамат арасында уақыт болып жатса, өзіңізге 



және басқа да мұсылмандарға дұға қылу, өйткені азан мен 


78

қамат арасындағы дұға қабыл болады. Құран оқу, зікір айту 

т.б.



Қамат  айтылғанда  жүрегіңізді  Аллаға  арнаңыз, 



ниетіңізді  жаңартыңыз  және  таң  намазына  періштелер 

куәлік  ететінін  есіңізге  түсіріңіз.  Намазды  ықыласпен 

оқыңыз  және  шамаңыз  келгенше  оқылатын  аяттарды 

түсінуге тырысыңыз.

Парыздан  кейін  тұрып  кетпеңіз,  отырып  намаздан 



кейін  оқылатын  зікірлерді  оқып  дұға  қылыңыз,  өйткені 

мұның сауабы өте үлкен.

Егер имам намаздан кейін дәріс өткізсе, оған қатысыңыз. 



Себебі  ол  қысқа  болса  да,  періштелер  қатысатын  ғылыми 

мәжіліске жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет