Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет32/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

«Менің Раббым мынау ма?»
Ибраһим пайғамбар пұттарға табынудың бұрыстығын түсіндіріп, елін тəухидке шақыра
бастады. Елі жұлдыздарға табынатын. Ибраһим (а.с.) небір қисынды дəлелдер келтіріп,
пұттардың тəңір бола алмайтындығын түсіндірді. Бірде тіпті мынадай оқиға орын алды.
Бұрын да сан мəрте айтып түсіндіре алмаған соң, Ибраһим (а.с.) тың тəсілге жүгінді. Бірде
елдің алдында дінді насихаттап тұрғанда, түн болып, аспаннан жұлдыз көрінген-ді. Сол сəт ол
көктегі жұлдызды көрсетіп: «Осы ма менің Раббым? «Бəрімізді жаратты» деп жүргендерің мына
жұлдыз ба?» деп елге сауал тастады. Насихатын атүсті тыңдап тұрған халық оның бұл сөзіне
елең етіп, құлақ түре қалды. Олар «Менің Раббым мынау ма?» деген сөзді естігенде, Ибраһим
(а.с.) халықтың сенімін қабылдады екен деп ойлап қалды. Шамасы, ол осы кезде дүйім жұртқа
жалпы жұлдыздардың жаратылысы, жарығы, түнде адасқан жан соған қарап жол табатынын
айтып, жалпы оның жаралу хикметі туралы сөз қозғаса керек. Оның жаратылғандығына назар
аудартса да, соңғы сөзін өз көздерімен көрсін деп кейінге сақтады. Халық үйлеріне тарқады. Таң
сəріде олар ерте оянып ісіне кірісе бастағанда, əлгі жарқырап көрінген жұлдыздың жарығы
бірте-бірте азайып көз алдарында ғайып бола бастады. Сол кезде Ибраһим (а.с.) дауыстап: «Уа,
халқым! Түнде мына жұлдыз аспанда жарқырап тұрғанда, мен сендерден: «Менің құдайым
мынау ма?» – деп сұрадым. Сонда сендер: «Бəріміздің құдайымыз – осы!» – деп жамырасып
едіңдер ғой. Ендеше, құдайларың қайда кетті? Неге ол түнде ғана көрініп, күндіз жоғалып
кетеді? Көзден таса боп, жоғалатындар қайтіп құдай бола алмақ? Мен əсте көзден ғайып
болатындарды жақсы көрмеймін» деп түндегі əңгімесінің астарын баяндайды. Халық түнде
жұлдыздың жаратылғандығына назар аудартып, жаратылған нəрсенің сөзсіз бір Жаратушысы
болатындығын насихат еткендігін енді аңғарды.
Ибраһим жұлдызды көрсеткен түні аспанда ай жоқ болатын. Ол əдейі ескі айдың жоғалып
жаңа ай əлі тумаған түнде жұлдызға назар аудартқан еді.
Осыдан соң жаңа ай да туып, күн өткен сайын толыса бастады. Шамасы Ибраһим оларға
көрсету үшін айдың он төртінші, он бесінші күндерін күтсе керек. Өйткені аяттағы «толған ай»
осы күндерде толып кемеліне келеді.
Ендеше сол күткен күн де келіп, аяқталар мезгіл жеткенде, күн көкжиекке батты. Көп
ұзамай аспанды қара шəлідей торлаған қараңғылық көкжиекті де бүркеп алды. Осы кезде көкте
толған ай сүттей жарқырап жер бетіне нұрын шашты. Сол түні аспан əлемінде бір шөкім бұлт та
жоқ еді. Ибраһим жиналған халық алдында айды нұсқап: «Əлде сендер айтып жүрген менің
Жаратушым осы ма? Осы ғой шамасы, солай ма?!» – деп айқай салды. Халық тағы да жиналып


сөзіне құлақ түрді. Ол шамасы айдың жұлдыздан əлдеқайда үлкендігін, сол себепті жер бетіне
жұлдызға қарағанда жарығы да көбірек түсетіндігін айтып, оның да жаратылыс хикметіне назар
аудартса керек. Бірақ халық оның бұл сөзін, əрине, «құдайымыз туралы жақсы сөз айтып жатыр»
деп ұққандай болды.
Ертеңгісін оянып ісіне кіріскен шақта, Ибраһимнің (а.с.) айқай салған дауысы тағы да таңғы
ауаны тіліп түскендей болды. Ибраһим (а.с.) халыққа қарап: «Уа, халайық! Қайда əлгі түнде жер
бетіне нұр шашқаны үшін «құдайымыз» деп тəңір санаған толған айларың? Жаңа ғана көз
алдымда алдымен жарығы əлсіреп, артынша өзі де бұлдырап көрініп тұрды да, мүлдем ізім-
ғайым жоғалып кетті ғой. Ол құдай болса неге жоғалады? Кілең жоғалғыштар қалай ғана құдай
бола алады? Осыған бір сəт ой жүгіртіп көрдіңдер ме? Бір Жаратқанның өзі сақтасын! Егер де
сол Раббым маған тура жолды көрсетіп, жүрегіме иман ұялатпағанда, мен де сөзсіз адасып,
шіркке ұрынар едім»
?">[177]
, – деп насихатын тамамдады.
Осыдан кейін көп ұзамай күн шықты. Күн шығысымен, көк аспандағы күллі жұлдыз да, ай
да, түгелдей көзден ғайып болды. Жер беті жарқырап, күн шұғыласын шашты. Осы кезде
Ибраһим пайғамбар тағы да дауыстап: «Уа, халайық! Əлде мынау ма менің Раббым? Бұл
əлгілердің бəрінен де үлкен ғой. Жарығы көз ұялтады. Бірақ қайдам? Бұл да əлгілердің соңына
түсіп жоғалып кетіп жүрмесе», – деді.
Күн түс əлетінде тас төбеде тұрып алды да, көп ұзамай батысқа қарай асығып бара жатты.
Ақырында жарығы азайып, қызарып барып батты. Іле жер бетін меңіреу қараңғылық тұмшалады.
Осы кезде Ибраһим (а.с.): «Уа, халқым! Қайда əлгі барлық құдайлардан үстем күн құдайларың?
Əлгінде тас төбеге шығып жарығын шашып тұрып еді, ол да батысқа құлап ғайып болып,
жоғалғандардың артынан кетті ғой. Жо-жоқ, халқым. Сендер өз-өздеріңді босқа алдамаңдар.
Олардың бəрі құдай емес, қайта жер бетіндегі жанды-жансыз секілді сендерге Хақ тағаладан
берілген қызметшілерің. Олар күнде бір көрініп, бір жоғалу арқылы өздерінің əсте жоғалмайтын
бір Жаратушысынан хабар беруде. Өйткені жоғалған нəрсенің қайта пайда болуы – оны қайта
бар етіп жарыққа шығарған жалғыз Құдайдың бар екендігіне бұлтартпас дəлел. Ендеше тəубаға
келіңдер!
Уа, халқым! Мен сендердің Раббыма серік қосқан барлық істеріңнен де, пұттарыңнан да,
ойларыңнан да аулақпын. Мен əсте Раббыма ортақ қоспаймын. Мен ханиф, тəухидшыл болып
жүзімді көк пен жерді һəм олардың ортасындағы барлық нəрсені жаратқан Хақ тағалаға
бұрдым»
?">[178]
, – дейді.
Осылайша хазірет Ибраһим елінің көктегі «тəңірлерінің» түкке тұрғысыз екендігін
дəлелдеп, олардың əсте құдай бола алмайтындығын айқындап, кемшіліктерін беттеріне басты.
Елі оның айтқан осынау ащы шындығына қарсы уəж айта алмай, бастарын салбыратқанымен,
оның дінін қабылдамай, естімеген, білмеген адамдарша ескі əдеттерін жалғастыра берді.
Ибраһим пайғамбар осыдан кейін халықтың «құдай» деп санаған мүсіндері мен пұттарының
шыбынның қанаты құрлы құны жоқ, мүлде қауқарсыз екенін айтып елін тəухид дінге шақырды.
Ол бірде пұттардың басына жиналып оларға табынып жатқан халықтың қасына келіп:
– Мына жансыз пұттарды өздерің жасап алып, неге сонша бас ұрып табынасыңдар.
Табынғандарыңмен қоймай, зар илеп одан жақсылық тілейсіңдер. Жерге түсіп кетіп шағылып
қалса, «Құдайымыз шағылып қалды» деп жылайсыңдар. Олар бар-жоғы санадан жұрдай тас пен
ағаштардың бөлшектері ғана ғой. Бастарыңа бір іс түскенде, осыларға келіп жалбарынасыңдар.
Сонда солар сендердің дауыстарыңды ести ала ма? Қалайша жансыз заттарды көк пен жерді
жаратқан ұлы Жаратушымен теңестіре аласыңдар? – деп сұрайд?">ы
?">[179]
?">. Сонда олар:
Бұларда сен айтқан ерекшеліктердің ешбірі жоқ. Бірақ ата-бабаларымыз неше ұрпақтан бері


осы тас мүсіндерге табынып келген. Ендеше ата-бабаларымыздың жолын қалайша ұмытамыз?!
Олар осыларды құрметтеп, кие тұтқанына қарағанда, біз білмейтін бір тылсым сыр немесе
қасиеттің болғаны сөзсіз
?">[180]
?">.
Хазірет пайғамбар олардың бұл жауаптарын есітіп көңілі құлазып, жүрегі сыздады. Сол
себепті шыдай алмай халыққа дауыстап:
– Аллаһ тағаланың атымен ант етейін! Сендер де, ата-бабаларың да қатты қателескенсіңдер.
Өйткені Жаратқанға жаралғанды теліп, оларға құлшылық еткендерге үлкен азап дайын тұр.
Бəрің де жолдан тайып, күпірліктің құзына құлағансыңдар, – дейді. Одан кейін тəухидке
шақырып:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет