Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет34/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   96
Пұттардың қиратылуы
Бабыл халқының жыл сайын жаппай қырға шығып, ел болып тойлайтын мерекесі бар еді.
Бұған еңбектеген баладан еңкейген кəріге дейін түгел қатысатын. Олар хазірет Ибраһимге де:
«Бізбен бірге осы діни мерекемізге қатыс. Сол кезде біздегі сенімнің дұрыстығына көзің


жетеді», – деді. Хақ пайғамбар жұлдыздарға қарап тұрып: 
«Мен науқаспын»
?">[184]
?"> деп жауап
береді.
Бұны естіген халық Ибрахим жұлдыз тəңірлердің киесіне ұшырап кесел тапты Тойымыздың
шырқын бұзар, бəлесінен аулақ» деген ойға барды. Сөйтті де оны жалғыз қалдырып кетті.
Осы мүмкіндікті пайдаланған Ибраһим пайғамбар (а.с.) ойындағысын жүзеге асырмақ
болып, қолына балта ұстап пұтханаға беттейді. Қызметшілеріне дейін тайлы-таяғымен мерекені
тойлауға кеткендіктен, Ибраһим пайғамбар пұтханаға еркін кіреді. Əдетте, қауымы мерекеден
қайтқан соң пұттардың құрметіне əзірлеген осынау жылы-жұмсақты өздері тауысатын. Хақ
пайғамбар жансыз пұттарға астан ұсынып: «Ал, қанеки дəм алыңдар», – деді. Аздан соң
«Сендерге не болған өзі, мүлдем тілден қалғансыңдар ма? Қане, бірдеңе десеңдерші?!» деп
оларға шүйлікті. Бірақ бəрі де үнсіз. Пұтхананың іші толған тастан, ағаштан немесе балшықтан
жасалған жансыз мүсіндер. Кəдімгі шебер ұсталардың қолтаңбалары. Əу баста қалай қойылса,
қазір де міз бақпаған күйде мелшиіп тұр. Пенденің өзі жасаған жансыз мүсіндері неліктен өзіне
үстемдік етіп, тəңір болуы керек? Бұл мүсіндер ұсталардың қолынан шыққан бұйым емес пе?
Ендеше неліктен адамдар өз жасағандарына табынуы тиіс? Бəріне көз жүгірткен Хақ пайғамбар
уақыт оздырмай екі білегін сыбанып, қолына балтасын алып, өзі тұрған жердегі пұттан бастап
қирата бастады. Көп ұзамай ең үлкенінен өзге пұттар түгел қирап, Хақ пайғамбардың
табанының астында жатты. Пұтхананың төрінде қирамаған ең үлкен пұт «қаңқ» етер түкті
байқамастың кейпін киіп мелшиіп тұр. Хазірет пайғамбар қолындағы балтасын оның мойнына
ілді
?">[185]
?">, жолындағы қираған пұттардың сынықтарын басып-жаншып пұтханадан шығып кетті.
Ымырт үйіріле құмарынан шыққанша сайрандаған жұрт шат-шадыман кейіпте үйлеріне
қайтып оралды. Осы кезде міндетін атқаруға оралған пұтхана қызметшісі табалдырықтан аттай
бере əлдебіреу бір шелек мұздай суды төбесінен құйып жібергендей болды. Себебі пұтханадағы
пұттардың барлығы күл-талқан боп қирап жатқан еді. Өңі-түсін айыра алмаған ол бір сəт
сазарып тұрып қалды. Көз алдындағы қирап жатқан тəңірлерінің расында да быт-шыты
шыққандығын аңғарды. Оның есін жиюына себепші төрдегі үлкен пұт еді. Ол оны кейіннен
аңғарды. Төрдегі үлкен пұт «мыналарды мен өлтірдім, ал маған не істей аласыңдар» деп
мойнына балта асына айбаттанып қарап тұрғандай. Есін жиған ол сыртқа теңселіп əрең шықты
да, жан даусымен айқай салмақ болды. Алайда даусы қарлығып шықты. Сосын ол өз көзіне өзі
сенбей қайта ішке кірді. Барлығы бəз баяғысындай. Бұл жолы: «Масқара! Масқара! Пұттар
қирады, пұттар!» – деп бар дауысымен айқайлады. Көп ұзамай дауысты естіген адамдар жан-
жақтан пұтханаға жинала бастады. Əркім өзінше күбір-сыбырға көшті. Ə дегенде бəрі де естерін
жия алмады. Өйткені қысылғанда демейтін, мұңайғанда жебейтін, жалбарынса жүректегі бүкіл
дертін емдейді деп ұққан тəңірлері табандарының астында қирап жатыр еді. Бір кезде біреуі
даусын көтеріп:
Мұндай жауыздыққа қай жүрек жұтқан барып жүр? Біздің жарылқаушы пұттарымызды
қалай ғана дəті барып қиратты екен?! деді. Сонда біреуі:
– Мұндай басбұзарлыққа бір-ақ адам бара алады. Ол – Ибраһим деген жас жігіт, – деп жауап
берді.
Бұны қасындағылар да мақұлдады. Иə, адасқан елдің пұттары мен пұт саналы ойларын Хақ
тағаладан жіберілген елшілер ғана қирата алатын.
Олар көп ұзамай хазірет Ибраһимге адам жіберіп пұтханаға шақырды. Хақ пайғамбар
пұтханаға кіргенде, онда бір топ адамның жиналып өзін күтіп тұрғанын көрді. Пұттары қираған
халық оған бір жағынан ашулы көзбен тесіліп қараса, екінші жағынан іштей «қайда барады
дейсің, көп ұзамай мына пұттардың қарғысы тиеді» деп өз-өздерін жұбатты. Тіпті кейбіреуі:


«Ойпырм-ай! Мына пұттардың киесі бізді де ұрып жүрмесін», – деп абыржып, қорқып та тұрды.
Олар Пайғамбарға қарап: – Тəңірлерімізді сен қираттың ба? – деп сұрады. Хазірет Ибраһим:
– Кім білсін? Мүмкін əне бір үлкенірегі істеген шығар. Егер сөйлей алатын болса пұттардың
өздерінен сұраңдар? – деді.
Олар осы кезде бір сəт жетелі сөзге жүгінгендей болды. Ибраһимді мойындап іштей: «Иə, біз
ең үлкен əділетсіздікке барып өзімізге өзіміз қастық жасадық» деп ойлады. Бірақ өздерін
күпірлікке итермелеген азғын күш оларды қайтадан бұрынғы адасқан жолдың жиегіне жетеледі.
«Баяғы жартас бір жартас» баяғы əніне басты. Ибраһим пайғамбарға:
– Бұлардың сөйлей алмайтындықтарын сен де жақсы білесің ғой? Сөйте тұра неге бізге
бұлай сұрақ қойып тұрсың? – дейді. Осы кезде Ибраһим пайғамбар:
Сөздерің өте дұрыс. Ендеше, сендер Аллаһ тағалаға бет бұрмай, зəредей пайдасы да, зияны
жоқ нəрселерге несіне табынып жүрсіңдер?">?
?">[186]
?"> – деді.
Ашулы халық дереу оны тұтқындап, Нəмрұдқа хабар салды. Нəмрұд пұттарға табынбайтын,
жаңа бір сенім, жаңа бір дін əкелген бұл жас жігітті көргісі келді. Алдына келген Ибраһим
пайғамбарға қарап:
– Иə, айтшы қане, Раббың кім сенің? Сен сонда кімге бас иіп, кімге тағзым етесің? – деп
сұрады. Пайғамбар:
– Менің Раббым өмірді де, өлімді де беру құдіретіне ие. Мұндай құдірет тек соның ғана
қолында, – деп жауап қайырды. Нəмрұд сонда:
– Сол да сөз болып па? Өмір мен өлімді мен де бере алам. Егер сенің құдайыңның бар
құдіреті осы болса, онда мені «құдай» дей бер, сенбесең көрсетейін, – деді де, дереу зынданнан
өлімге үкімі шығарылған екі адамды алдыртып біреуін өлтіртті, енді біреуіне кешірім етіп
босатты. Сосын Пайғамбарға бұрылып:
– Міне, көрдің бе? Біреуіне өлім, енді біреуіне өмір бердім. Ендеше Раббыларың менмін! –
деп көкірегін қағып, тағына жантая кетті.
Нəмрұд Ибраһим пайғамбардың өлім мен өмір беру деген сөзінің астарын терең түсіне
алмаған еді. Ол біреуді өлтіріп, енді біреуді тірі қалдырғанына мəз болып «тəңірмін» деп
күпінді. Осы кезде хазірет Ибраһим:
– Сөзсіз Аллаһ күнді шығыстан шығарады. Ал қанеки мықты болсаң, сен оны батыстан
шығар, – деп еді, Ибраһимнен мұндай сөз күтпеген Нəмрұд жүні жығылып сілейіп тұрды да
қалды.
Əсіресе, оның жанына ең қатты батқаны бұғанасы қатып, буыны қатаймаған бозбаланың
дүйім елдің алдында «тəңірмін» деп даңғырлаған қуыс кеудесін бір ауыз сөзбен əп-сəтте
қабыстырып тастағаны болды, сөйтіп, «ине жұтқан иттей» сүмірейді. Қара орман халқының
алдында «аузынан сөзі, қойнына бөзі» түсіп, абыройы айрандай төгілді. Ұяттан жарылардай боп
теңселіп əрең тұрды.
Осылайша хазірет Пайғамбар елінің табынған үш түрлі құдайының өздері секілді
жаратылған мақұлық екендігін дəлелдеп, əбден адасқандығын ұғындырды.
Нəмрұд намысының тапталғанына қатты ызаланып, адамдарын шақырып, Ибраһимді қалай
жазалау турасында ақылдасты. Ақырында былай деп шешті: «Жұлдыз құдайларын жоғалтқан,
пұт құдайларын қиратқан, адам тəңірлерін ел алдында «жерден алып, жерге салғандығы» үшін
«Раббым – жалғыз Жаратқан» деп өзгені менсінбеген осы жас жігітті алаулап жанған отқа
лақтырып, өртеп өлтірмек болды. Сондықтан оған арнайы бір төбесі ашық ғимарат салынып,
оның іші отынмен толтырылып, сосын от қойылып, Ибраһим пайғамбар сол отқа лақтырылатын
болды. Осылайша пұттарға қарсы келудің ақыры немен тынатынын өзгелері біліп жүрсін, бұдан


кейін ешкім де жаңа дін ойлап, оны халыққа жеткізбесін, ұрпаққа үлгі болсын» деді.
Олар осылай келісіп ғимараттың іргетасы да қалана бастады. Кейбір дерек бойынша бұл
ғимараттың ұзындығы отыз аршын, ені жиырма аршын болған дейді. Ғимарат бітіп, ішіне отын
толтырылып, от қойылды. От ат шаптырым жерден алаулап көрінді. Хазірет Ибраһимді алдын-
ала əзірлеген манжаныққа салып лақтыруға əзірлене бастады. Осы кезде уахи елшісі – Жəбірейіл
Хақ пайғамбардың қасына келді. Оған:
– Ибраһим! Бір нəрсе қажет пе? – деп сұрады. Хақ пайғамбар сонда:
– Жоқ, еш нəрсенің қажеті жоқ. «Хасбуналлаһи уа нимəл-уəкил»
?">[187]
?">деп жауап берді.
Манжанық жебедей тартылып барып жіберілген кезде, Ибраһим пайғамбар лаулап жанған
оттың ортасына гүп ете түсті. Бірақ осы кезде Хақ тағаланың əмірі мен көмегі қатар келіп: 
«Ей,
от, Ибраһимге салқын əрі қауіпсіз бол»
?">[188]
?">, – деп жарлық айтылды. Осы жарлық бойынша от
хазірет Ибраһимді ғажап рахатқа бөледі.
Ибраһим пайғамбар осы оттың ішінде жеті күн жатты. Кейбір деректерде ол осы оттың
ішіндегі өмірін меңзеп, «Жалған дүниеде ең тамаша күндерім сол оттың ішінде болған жеті
күнім» дегені айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет