Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған


ИБРАҺИМ (А.С.) ЖƏНЕ ОНЫҢ ҰЛДАРЫ ИСМАЙЫЛ МЕН ЫСҚАҚ (А.С.)



Pdf көрінісі
бет30/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   96
ИБРАҺИМ (А.С.) ЖƏНЕ ОНЫҢ ҰЛДАРЫ ИСМАЙЫЛ МЕН ЫСҚАҚ (А.С.)
Кейбір деректерде Ибраһим пайғамбар Евфрат өзеніне жақын жердегі Бабыл қаласында
дүниеге келген. Ибраһим (а.с.) – əйгілі бес ірі пайғамбардың бірі. Һəм пайғамбарлардың атасы.
Осы пайғамбарлардың ішінде үш үлкен пайғамбар бар. Оның ақырғысы – хазірет Мұхаммед
пайғамбар 
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
.
Аллаһ тағала «Мəриям» сүресінде ол жайлы 
«Кітапта Ибраһимді есіңе ал! Ол шыншыл
пайғамбар еді»
?">[163]
, – дейді.


Хақ тағала Ибраһим пайғамбарға (а.с.) көптеген ерекшеліктерді нəсіп етті. Атап айтқанда,
көптеген пайғамбарлардың атасы, тақуалардың имамы, елшілердің құрмет тұтар ұстазы болды.
Аллаһ тағала оны елші мен хабаршы пайғамбарлардың арасынан таңдады. Оған «Халилур-
Рахман» (Аллаһтың досы) деген ерекше мəртебе берді. Құранда: 
«Оған Ысхақты, Жақыпты
бердік жəне оның ұрпақтарына кітап, пайғамбарлықты нəсіп еттік. Һəм өзіне дүние
сыйлығын бердік. Əрі ол ақыретте де салиқалы жандардың бірі болады»
?">[164]
?">, – дейді.
Ибраһимнің (а.с.) мұншама қадірлі болуының өзіндік мəні бар. Мұхаммед пайғамбарымыз
(саллаллаһу 
алəйһи 
уə 
сəллəм)
бір 
хадисінде: 
«Сынақтың ең ауырына алдымен пайғамбарлар
ұшырайды»
?">[165]
, – дейді. Ал Ибраһим (а.с.) ең үлкен пайғамбар жəне пайғамбарлардың атасы
болғандықтан, оған келген сынақты заңғар таулар да көтере алмайтындай ауыр еді. Ол өз
өмірінде көптеген қиыншылықтарға душар болды. Бірақ осының бəріне сабырлық сақтай білді.
Осалдыққа берілмеді. Өмірдегі ең үлкен сынағының бірі баласы Исмайылды құрбандыққа шалу
жөніндегі аян еді. Ол осы сынақтан да сүрінбей өтіп, Раббысының құзырына шынайы
құлшылығы мен асқан мойынсұнғыштығын, иманының беріктігін көрсетті. Сол себепті
Құранда: 
«Шындығында, Ибраһим шынайы жүрек, тұнған тəухид сенімімен Аллаһ тағалаға
бас иген жалғыз өзі бір үмбет, халық еді. Ол ешқашан мүшріктердің бірі болмады»
?">[166]
?">, –
дейді.
Иə, Хақ тағаланың оған мұншалықты баға беруі жайдан-жай емес. Ол – пайғамбарлардың
əкесі, тақуалардың имамы, иманның рəмізі, сыналғанда сабыр еткен, жеңгенде шүкір еткен,
Жаратқанға жақын құл еді. Сондықтан Құранда: 
«Аллаһ тағала Ибраһимді дос тұтты»
?">[167]
?">, –
деп оның ұлы Жаратушыға жақындығы айтылады.
Бабыл халқы
Ибраһим пайғамбардың елі үш түрлі пұтқа табынатын. Біріншісі сол елдің патшасы –
Нəмрұд еді. Ол өзін тəңір санаған қатігез адам болатын. Байлығы мен малының қисабы жоқ-ты.
Халық қуаңшылыққа ұшырап, оларға азық-түлік таратар кезде, алдымен «сен біздің
тəңірімізсің» деген сөзді міндетті түрде айтқызатын. Задында, оның өзін «тəңір» санауының
себебі, Жаратқанның берген байлығын көтере алмағандығынан еді.
Екіншісі – көктегі жұлдыздарға, ай мен күнге табынатын.
Үшіншісі – жердегі өздері қолдан жасап алған жансыз пұттарға табынатын. Тіпті кейбір
деректерде көктегі əрбір жұлдыз үшін бір пұт жасап, бұл пұттар көктегі жұлдыз-тəңірлеріне
баланып, олардан шапағат күтетін.
Міне, Ибраһим (а.с.) олардың осы үш түрлі пұттары жайлы Құранда үш жерде қисынды
дəлелдер келтіріп, олардың қауқары жоқ түкке тұрғысыз екендігін айғақтап беред?">і
?">[168]
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет