Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет28/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   96
Киелі түйе
Салих (а.с.) өзіне сенген мұсылмандарды ертіп тік жартастың жанына келді. Хақ пайғамбар
қолын жайып дұға ете бастады. Əр дұғасына артында тұрған мұсылмандар «əмин» деп тұрды.
Бір кезде жартас қақ айырылды да, ішінен аузына көк шөп тістеген бір түйе шыға келді.
Шығысымен, толғақ қысып, бір бота туды. Одан соң тіке құдықтың басына барып, ондағы судың
бəрін ішіп тауысты.
Осыны көрген Самудтың кəпір халқы не істерін білмей қатты састы. Уəжге жығылып,
уағдасын өтей алмай, құты қашты. Мұсылмандар болса имандары бұрынғыдан бетер арта түсіп,
сəждеге жығылып, жапа-тармағай Аллаһты ұлықтай бастады. Мұсылмандар жағы ел арасында
кедей, қауқарсыз, көп ішінде қораш саналған жандар еді. Десе де олар Жаратқанның алдында
«Салих пайғамбардың сенімді серіктері» атанатыны анық. Қиямет орнап, мақшар күні
құрылғанда, Хақ тағала оларды мақшар халқына «абыройлы адамдар» деп танытпақ-ты.
Самуд халқының кəпірлері болса, олардың жандарына келіп, иман келтіргендері үшін
бейшара, адасқан, ақымақ санап: «Сендер Салихтың Жаратушы жіберген елші екеніне нық
сенімдісіңдер ме? Расында, оның айтқандарының, көрсеткендерінің бəріне сенесіңдер ме?» –
деп сұрады. Мұсылмандар Пайғамбардың сөзіне де, ісіне де, көрсеткен мұғжизасына да
тұтастай сенетіндіктерін анық білдіріп, қажет болса, жолында жандарын құрбан етуге əзір
екендіктерін аңғартты. Кəпірлер: 
«Біз болсақ сендердің сенгендеріңді жоққа шығарып күпірлік
етеміз»
деп, өздерінің қасарысқан кəпір екендігін паш етті
?">[152]
.


Көп өтпей ес жиған Самудтың мүшрік халқы өзара күбірлесіп, ақырында Пайғамбарға қарап:
«Салих, біз сені басқа біреу дуалаған екен деп жүрсек, нағыз дуалаушы, сиқыршы өзің екенсің
ғой», – деп килікті.
Салих пайғамбар жиналған Самуд халқына қарап: 
«Уа, халқым! Мынау – Хақ тағаланың
аруанасы. Бұл – сендерге берілген мұғжиза. Бұған əсте тиісіп, қол жұмсаушы болмаңдар.
Аллаһ тағаланың қалаған жерінде жайылсын. Оған қандай да бір жамандық жасап, залал
келтіретін болсаңдар, көп ұзамай азапқа ұшырайсыңдар»
?">[153]
?">, – деп қатаң ескерту жасады. Ол
əрі қарай сөзін жалғап: 
«Уа, халқым! Мына аруанаға мұқият болыңдар! Су кезегі бір күн онікі
бір күн сендердікі. Қайталап айтамын. Оған килігіп жамандық жасап жүрмеңдер. Онда сендер
ұлы күннің апатына ұшырайсыңдар»
дейді. Ол осыдан кейін халыққа насихат айтып: 
«Уа,
халқым! Ад елінен кейін сендерді олардың ізбасары етіп жер бетіне орналастырғанын еске
алыңдар. Ойпаттарда сарайлар салып, тауларды үңгіп үйлер қазатын едіңдер. Олай болса, Хақ
тағаланың нығметтерін еске алыңдар. Жер бетінде бүлік шығарып, шектен шығып асып-
таспаңдар!?">»
?">[154]
?"> – деп сөзін тамамдады.
Салих (р.а.) аруананы «Аллаһтың түйесі» деп атайды. Оның себебі, аруана сырттай
қарағанда ешбір түйеден айырмашылығы жоқ секілді көрінгенмен, бір құдықтың суын бір өзі
тауысатын еді. Жəне халық оны алғаш сауған кезде, қатты таңырқап не істерін білмей састы.
Өйткені аруананың желінінен бұлақтай аққан сүт елге түгел жетті.
Бұл түйе кəдімгі түйеден еш аумағанымен, таңғаларлығы, мұны көрген жерден Самуд елінің
түйелері тым-тырақай үркіп қашты. Самуд халқының су алу кезегі бір күнге қысқарғандықтан,
түн баласы көз ілмей ертеңгі күннің суын тасумен əбігерленді. Сол себепті уақыт өте келе, олар
бұл түйеден мезі бола бастады.
Ақырында, мүшріктердің басшылары жиналып, халықты түйені өлтіруге үгіттеді. Олар
былай дейді: «Қашанғы бұлай өмір сүре бермекпіз? Мына түйе елдің берекесін қашырып бітті.
Өмірімізді осылайша қиыншылықпен өткізе бермекпіз бе? Бұл пəлекет тұрғанда, бізге күн жоқ.
Оның көзін тезірек құртып тыну керек». Осылайша түйені өлтіруге халықты ақыры көндірді.
Бірақ түйені өлтіруге ешкімнің батылы бармады. Бір кезде Қаддар деген біреу сегіз мас
адамды бастап апарып түйені жайғастырмақшы болды.
Бір күні Салих (а.с.) халықты əдеттегідей дінге шақырып тұрғанда, мүшріктердің басшылары
келіп оны айнала қоршап, келемеж ете бастады. Сол сəтте түйе құдықтан су ішіп тұрған
болатын. Олар түйені көрсетіп: «Мына түйені өлтірсек, басымызға пəле келіп, жермен-жексен
болады екенбіз. Ал ендеше түйені өлтірейік те əуселеңді көрейік», – деді де арнайы топқа
ишарат етті. Олар дереу жабылып жүріп түйені жерге құлатты да сойып тастады. Етін жілік-
жіліктеп өздері бөліп алды. Сосын Салихқа бұрылып: «Ал, Салих! Киелі деген түйеңді өлтіріп
тастадық. Егер пайғамбарлығың рас болса, айтып жүрген азабыңды көрсет»
?">[155]
?">, – деді.
Хақ пайғамбар азғын топқа қарап:
Уа, халқым! Сендер не істедіңдер? Өздеріңе сынаққа келген түйені сойып тастағандарың не?
Осы күнге дейін жасаған күнəларың аз болғандай күнə үстіне күнəні жамағандарың қалай? Əлде
азапты тезірек көруге асығып тұрсыңдар ма? Тəубаға келіп, Хақ тағаладан кешірім сұрасаңдар,
əлі де кеш емес, күнəларың кешіріледі», – деп, тəубаға келуге шақырд?">ы
?">[156]
. Олар:
Ей, Салих! Сен бізге пəле болып жабыстың. Өйткені сен осы дінді шығарғалы, елдің берекесі
қашты. Басымыздан пəле арылмады. Ендеше, мұның бəрі сенің кесіріңнен. Өйткені сенен
бұрынғы өміріміз тып-тыныш еді
?">[157]
, – деп бар кінəні соған артты. Салих пайғамбар:
Уа, халқым! Бар кесапаттарың Хақ тағалаға аян. Ол сендерге көптеген сынақтар берді.
Сендер жақсылықпен де, жамандықпен де, абыроймен де, жоқшылықпен де сыналдыңдар. Бірақ


осының бəрі не үшін екенін аңғара алмадыңдар. Хақ тағала сендерге шарапатын төгіп,
осыншама жақсылық бергенде, шүкіршілік ете алмадыңдар. Хақ тағала сендерге небір
пəлекеттерді жаудырғанда, тағат тауып сабыр сақтай алмадыңдар. Түйені бауыздап тастаған соң,
əлі де тəубеге келуге мүмкіндік бар еді. Амал нешік! Оны да жіберіп алдыңдар. Бұдан соң
сендерге рақым жоқ. Бұндай кеселдеріңнің, сірə енді, емі табыла қоймас. Сендер енді үш күн
күтіңдер. Алғашқы күні беттерің сарғаяды. Екінші күні қызарады. Ақырғы күні қараяды.
Төртінші күні қандалаша қадалған азап сендерді бидайдай қуырып жер бетінен жоқ қылады, –
деп ақырғы сөзін ашынып тұрып айтты.
Мүшріктердің басшылары бұл сөзді де қаперлеріне алмай, əуелі Салихтың өзін, одан соң
отбасын, артынша мұсылмандарды түгел қырып тастауды жоспарлады. Олар осындай шешімге
келіп ант-су ішісті
?">[158]
?">.
Құранда «Шəмс» сүресінің 14-аятында 
«Бірақ, олар Салихтың сөзін тыңдамай, түйені
өлтіріп тастады»
деп айтылады. Яғни олар пайғамбарларының дегеніне құлақ аспады. Күндіз-
түні араларында жүріп, насихат айтқанмен, халқы тым құрыса бір рет: «осының айтқаны дұрыс
болып шықса, жағдайымыз не болмақ?» деп ойланып та көрмеді. Қайта аталмыш аяттағы
«ақара» сөзі бір малды құлатып, аяқтарын байлап, бауыздап тастау деген мағынаға келеді.
Ендеше олар жазықсыз түйені ұрып қана қойған жоқ, жерге жығып, байлап бауыздап өлтіреді.
Бұл іс-əрекеттері олардың азғындықтарының ең шектен шыққан түрі еді.
«Сонда Раббылары оларға қылмыстарының салдарынан апат жіберіп, түгелдей жермен-
жексен етті».
«Хижр» сүресінде: «
Сонда оларды ащы дауыс бүріп əкетті?">»
?">[159]
?">, – деп
айтылғандай, Самуд халқының үстіне ауыр азап найзағайдай жарқ етіп түсіп, бəрін бір сəтте
жермен-жексен етіп, жер бетінен жоқ қылд?">ы
?">[160]
. Көп жылдар, бəлкім, ғасырлар бойы ғұмыр
кешіп келе жатқан қоғам бір сəтте жер бетінен жоғалып, Самуд халқы бұрын-соңды өмір
сүрмегендей ізі ғайып болды. Иə, Хақ тағаланың қаһарына ұшыраған ел, не жеке тұлғаның
ажалы осылай болмақ. Өйткені, олар киелі түйені бауыздағанындай өз тағдырларын өздері
шешкен еді. Аллаһ тағаланың ашуына тиген елдің ажалы кейде су тасқыны, кейде жерден
шыққан от, енді бірде зілзала, тағы басқа біз білмейтін орасан пəлекеттер арқылы көрініс
табады. Міне, Самуд халқы да ащы дауыс арқылы бізге беймəлім бір пəлекетке тап келіп, тауды
ойып салған үйлерімен қоса түгелдей тып-типыл болды. Аллаһ тағаланың түйені жартастан
шығарып, күллі құдықтың суын бір өзіне ішкізіп көрсеткен мұғжизасында құдіретінің
шексіздігін түсінер деген ғибрат жатыр еді. Өйткені, олардың өмірі тау-таспен тығыз
байланысты еді. Олар сол тауларды бұзып сарайлар тұрғызып, өмір сүрген. Ал тасты ойып үй
салу деген – екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Олар тас дегеннің не нəрсе екендігін
жақсы білетін. Бұған қоса түйе олардың малының төресі, яғни, тіршілік көзі еді. Аллаһ тағала
олардың ең қатты деген жартасын жарып, түйе яғни, жанды нəрсені жаратып көз алдарына
қойды. Аллаһ тағаланың құдіретімен жартас екеш жартас та қақ айырылып, қақпадай ашылады.
Ендеше ең қатты нəрседен ең жұмсақ тіршілікті жаратқан Құдайдың бұл құдіреті олардың
көкірек көздерін ашуға жетпей ме? Бірақ олардың жүректері сол жартастан да қатты болып
шықты. Хакім Абайдың «Жартасқа бардым, күнде айқай салдым» дегеніндей, Аллаһ тағаланың
құдіреттілігіне жартас тағзым етіп, қақ айырылғанмен олардың тас жүрегі міз бақпай қойды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет