Садум халқының жермен-жексен болуы
Хазірет Лұт үмбетін алып қаладан шалғай кеткенде, таң рауандап атқан еді. Соққан желдің
арты дауылға айналып, қала үстіне тас нөсердей құя бастады. Осы кезде ғайыптан: «Сендер
Лұттың хабар берген азабы мен ескертуін жоққа шығарып едіңдер. Енді сол азапты тартыңдар.
Лұттың туралығын біліңдер», – деген дауыс естіліп тұрды. Аятта:
«Оларға апат əміріміз келген
сəтте, ол жердің үстін астына келтірдік. Сондай-ақ үстеріне əдейі əзірленіп қыздырылған
тас жаудырдық»
?">[210]
, – деп айтылады.
Деректерде Садум елінің тұрған жері қазіргі «Лұт көлі» яки «Өлі теңіздің» тұрған жері
екендігі айтылады. Оған «Шария» өзені ғасырлар бойы аққанмен, оның тұзын азайта алмаған.
Құранда сол жер туралы:
«Ол арада күйзелтуші азаптан қорқушылар үшін бір ғибрат
қалдырдық»
?">[211]
?">, – деп, сол жердің қарғыс атқан мекен екендігін білдіреді.
Кейбір деректерде Лұт пайғамбардың (а.с.) отбасын алып, Мысырға яки Шамға, не болмаса
Йорданияға қоныстанғандығы айтылады.
ƏЙЮБ ПАЙҒАМБАР (А.С.)
Əйюб (а.с.) – Ысқақ пайғамбардың Айыс деген перзентінің баласы. Əйюб пайғамбар атасы
хазірет Ысхақтың берген батасының арқасында шаңырағына көп берекет дарып, шаңырағы
балаға, өрісі малға, қамбасы астыққа, сандығы алтынға толыпты. Кейбір деректерде жары
Рахима Жүсіп пайғамбардың (а.с.) қызы екендігі айтылған. Хазірет Əйюбтың ең үлкен сынағы
осы көл-көсір байлығы еді. Алайда ол дүниеге еш құмартпады. Хақ тағалаға құлшылық жасауды,
Аллаһты дəріптеуді ол бəрінен жоғары қоятын. Кейіннен хазірет Əйюбқа осынша байлығы өз
алдына, Шам жақтағы бір елді дінге шақыру үшін пайғамбарлық уазипасы берілді.
Ол сабырлығы мен Хаққа деген іңкəрлығымен танылған пайғамбар еді. Аллаһ тағала ел
ішінде сынақ қылу үшін, оның барлық байлығын қайтарып алды. Бір жолғы апат төрт түлік
малынан тышқақ лақ та қалдырмай жұтып кетті. Алтындары түгіл бала-шағасы қырылып,
шаңырағы ортасына түсті. Алайда осының бəріне сабырлық танытқан хазірет Əйюб ешкімге мұң
шақпады. Қара халық мұның осы қылығына қатты қайран қалып, бастарын шайқады.
Аллаһ тағала «Оның қаншалықты ықыласты, рухы биік адам екенін көріңдер» дегендей, Хақ
пайғамбарды адам жаны күйзелетін дертке шалдықтырды.
Пайғамбарларда жұқпалы ауру яки сырт көзге жиіркеншті дерт болмайды. Олардың бір
ерекшеліктері – сырт көзге тартымды болулары қажет. Жай ғана жараның өзі олардың осы
ерекшеліктеріне қайшы келеді. Өйткені олар пайғамбар болғандықтан, қасына келген
адамдарды шошытпай, қашан да дене-бітімімен де өзіне тартып тұруы тиіс. Сондықтан олардың
тəнінде қандай да бір кемістік болмайды.
Əйюб пайғамбардың (а.с.) науқасы да осыған сай науқас еді. Осы науқасын кейбір
кітаптарда «денесінде құрт қаптап, кеулеп жеп жүрді» деп берілген. Бұлай деп ойлау үлкен
қателік. Оның дерті – пайғамбарлыққа жарасар дерт. Əйтсе де осы дерті күннен күнге меңдеп,
жанына қатты батқаны сол, оны көрген адамдар қасында көп тұра алмайтын. Бұрын соңды
болмаған мұндай дертті көрмеген халық оған жаны ашып жүректері ауырса да, көңілін сұрап
баруға дəті шыдамайтын болды. Қасында сүйген жары – Рахима ғана қалып, күндіз-түні
жанынан бір елі айырылмай, күтімін жасады. Қолы қалт еткенде, жеңіл-желпі жұмыс жасап,
күн көріс нəпақасын тауып отырды. Осыған орай бір күні Рахима əлдебір шаруалармен сыртқа
шығып кеткен болатын. Сол мезгілде хазірет Əйюбтың (а.с.) дерті қатты асқынып, жаны
қысылып əйелін көмекке шақырды. Оған жауап қайтарған əйелі болмады. Осылайша сүт пісірім
уақыт өтті. Жаны қиналған Əйюб (а.с.) қатты ашуланып: «Осыдан дертімнен айықсам, оған жүз
дүре соғамын», – деп ант етті.
Ауыр дертке шалдыққан Хақ пайғамбар азаптан арыла алмай Аллаһ тағалаға сабырлық
көрсетіп, жаны қанша қиналса да, құлшылығы мен зікірін азайтпады. Қайта уақыт өткен сайын,
Жаратқанға деген сүйіспеншілігі, сабырлығы, құлшылығы һəм жақындығы арта түсті.
Бұл кездері шайтан да қарап қалмады. Мың түрлі айламен оны, азғыруға тырысты. Ібіліс
оған: «Сен ілгеріде төрт түлігің сай, төрт құбылаң түгел, бала-шағаң көп, дүниесінің есебін
білмейтін осы аймақтың атақты байы едің. Енді жатқан жатысың мынау. Байлық тұрмақ дені-
басың да сау емес», – дейді. Сонда хазірет Əйюб: «Олардың иесі мен емес жаратқан Раббым ғой.
Ол өзі берді, өзі алды. Ол өз мүлкін қайда қоям, қайда берем десе өз еркінде. Біз Оны емес, Ол
бізді сынайды», – деп жауап береді. Ол Аллаһ тағалаға сиынып:
«Раббым! Рас мені шайтан
бейнет пен қинауға ұшыратты»
?"> [212]
?">, – деп жалбарынды.
Достарыңызбен бөлісу: |