Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет41/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

ЛҰТ ПАЙҒАМБАР (А.С.)
Садум елі
Хазірет Ибраһим пайғамбар жары Сара мен інісі Лұтты ертіп Бабылдан Харранға қарай
хижрет еткен болатын. Ибраһим пайғамбар сонда қалды да, інісі Лұт Садум еліне кетті.
Кейіннен оған пайғамбарлық міндет жүктелді.
Садум елі бұрын-соңды болмаған тағылыққа басқан-ды. Оларда еркек пен еркектің
жыныстық қатынас жасауы қалыпты саналатын. Еркектері күні бойы жол торып, ер кісілер өте
қалса, тас лақтыратын. Тасы кімге тисе, соны қорлайтын. Шайтан бұлардың осы бір осал
жерінен ұстап, азғындықтың шыңырауына құлатып, тұзақтарына түсіретін. Олардың осы
азғындықтарын жыртқыш аңдардың өзі істемейтін. Осындай азғын елге Хақ тағала хазірет
Лұтты пайғамбар етіп жіберді.
Лұт пайғамбар (а.с.) өзіне уахи келісімен, дереу іске көшіп оларды ақиқат жолына шақырды.
Ол алдымен өзінің оларға жіберілген пайғамбар екендігін айтып, өзіне бағыну қажеттілігін
түсіндірді. Ол туралы Құранда: 
«Сол уақытта оларға туысы Лұт: «Қорықпайсыңдар ма?», –
деді. «Мен сендерге сенімді бір елшімін. Енді Аллаһтан қорқыңдар да, маған
мойынсұныңдар»
?">[197]
, – деп айтылады.
Хақ пайғамбар өзінің пайғамбар екендігін айтқан соң, оларға күн-түн демей тура жолды
уағыздап, жасаған істерінің жиіркеніштілігін түсіндіріп, тəубаға шақырды. 
«Лұт сол уақытта
еліне: «Жер-жаһанда сендерге дейін ешкімнің істемеген арсыздықты істейсіңдер ме?» – деді.
«Сендер əйелдерді қойып, еркектерге қызығып келесіңдер ме? Əрине, сендер шектен шыққан
елсіңдер?">»
?">[198]
?">.
Алайда Садум елі оның сөзін елең ғұрлы көрмеді. Кейбіреулер оның іс-əрекетінің астарында
дүниелік мақсат жатыр деп ойлады. Сол себепті бірде Лұт пайғамбар: «Уа, халқым! Егер де
тəубаға келмей, осылай кете беретін болсаңдар, іс насырға шабады. Мəңгілік азапқа ұшырап,
мына азғын істеріңнің сазайын тартасыңдар. Одан да мүмкіндіктерің бар кезде, тəубаға келіп,


Хақ тағалаға сəжде етіп, адами қасиеттеріңе қайта оралыңдар. Мен сендерге екі дүниенің
пайдасы мен зиянын көрсетудемін. Осы уазипамның астарында қандай да бір дүниелік пайда
жатыр деп ойламаңдар. Осы ісім үшін сендерден ешбір ақы талап етпеймін. Менің ақым Хақ
тағалаға ғана тиесілі?">»
?">[199]
, – дейді.
Жанына батырып айтқан Лұт пайғамбардың ескертулерінен Садум елі мезі бола бастады. Бір
күні басшылары жиналып: «Бұл Лұт біздің басымызға пəле болып жабысты. Ол бізге «дүниенің
пайдасы» дейді. Дүниенің пайдасы мен қызығын біз онсыз да көріп жатқан жоқпыз ба? Одан да
Лұтты да, оған иман келтірген адамдарын да елден қуайық», – деп, бір ауыздан мақұлдасты.
Олар Лұт пайғамбарға барып: «Ей, Лұт! Егер сен біздің дəстүріміз бен жүріс-тұрысымызға
осылай киліге беретін болсаң онда біз сені елден аластатамыз»
?">[200]
?">, – дейді. Олар осыған ғана
тоқтамай, оған: «Ей, Лұт! Егер сөзің тура болса, Құдайдың азабын біздің басымызға төндір,
қанеки, көрелік мықтылығыңды. Біз сенің бір сөзіңе де сенбейміз. Қане, қайда əлгі уағда еткен
азабың? Шамаң келсе тезірек алып кел!?">»
?">[201]
?"> – деп зеки сөйлеп, миықтарынан күліп,
келемеждеді.
Хақ пайғамбар осы сөздерінен олардың əсте иман келтірмейтіндіктерін ұқты. Өйткені мына
сөздері арқылы жан-дүниесі қарау тартып, жүректерінде иман ұялайтын жер қалмағандығын
білді. Олардың жүректеріне мөр басылған еді. Кімге мөр басылса, ол əсте мұсылман бола
алмайды. Хазірет Лұт оларға: 
«Əрине мен сендердің қылықтарыңнан жиіркенемін»
, – деді де,
Хақ тағалаға қол жайып: 
«Раббым мені жəне отбасымды бұлардың сұмдықтарынан құтқара
гөр!»
?">[202]
?"> – деп дұға етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет