Байланысты: Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)
Хақ пайғамбардың қонақтары Лұт пайғамбар елін дінге шақырғалы, талай заман өтті. Бірақ олар тəубаға келудің орнына
Лұт пайғамбардың өзіне қарсы шығып, жан төзгісіз азап шектірді. Соңында Хақ тағала оларды
жермен-жексен ету үшін періштелер жіберді. Олар алдымен хазірет Ибраһимге барып, жақында
жасы жүзге жетсе де бала көтермеген бəйбішесі хазірет Сараның ұл табатындығын, Лұт
пайғамбарды аяқ асты еткен кəпір елдің тып-типылын шығаратынын айтты. Періштелер оның
үйіне жас жігіттің бейнесінде келді. Хақ пайғамбар мал-дүниеге қаншалықты бай болса, көңілі
де соншалықты кең еді. Ол қонақтардың есігін қағып «құдайы қонақпыз» деген дауысын
естігенде қуанышы қойнына сыймай, есікті ашқанша асықты. Бір-бірлерімен көркем мінезді
мұсылмандарша сəлемдесті. Қонақтардың киім-киісінен, жүріс-тұрысынан-ақ бөгде жердің
адамдары екендігі көрініп тұрды. Əншейінде қонақсыз аузына ас батпайтын, тіпті қонақ
келмесе, көлденең жүргіншілерді шақырып алып асты-үстіне түсіп күтетін Ибраһим пайғамбар
мына келген бөгде қонақтарға да ерекше ілтипат жасап, иіліп жастық, жазылып төсек болды.
Үйдегі жылы-жұмсағының барлығын солардың аузына тосып, құрақ ұшты. Төрге шығарып күтті.
Құранда былай делінген:
«Дереу үйіне барып бір семіз тайынша алып келді. Оларға тамақты жақындатып қойып: «Жемейсіңдер ме?» – деді. Олардан тіксініп қорықты. Олар: «Қорықпа!» – деді де, болашақта білімпаз болатын бір ұлмен қуантты. Сонда үйінің арғы тұсынан Ибраһимның жұбайы бетін шымшып: «Əбден кемпір болғанда, бала көтеремін бе?» – деді. Олар: «Осылайша Раббың бұйырды. Өйткені Ол аса дана, толық білуші», – десті?">» ?">[195] ?">.
Ибраһим (а.с.) оларға қарап: «Уа, Аллаһтың елшілері! Сендер тек қана ұлмен сүйіншілеуге
келмеген боларсыңдар. Басқа да маңызды міндеттерің бар шығар?» – деп сұрайды. Олар: «Біз
діннен безген, адам баласының жаратылысына теріс, адам айтқысыз зұлымдықтарға барған бір
күнəһар елді жер бетінен жоқ қылу үшін жіберілдік. Біз оларға балшықтан жасалған тастар
жаудырамыз. Бұл тастар нəпсіге құл болған азғын ел үшін арнайы əзірленген», – дейді. Осы
кезде Ибраһим (а.с.) қатты қорқып: «Ол жерде Лұт та бар ғой», – деп сұрағанда, олар: «Біз,
əрине, ол жерде кімдердің бар екенін жақсы білеміз. Сөзсіз, Лұт та, оның отбасы да бұл азаптан
құтылады. Бірақ оның əйелі құтыла алмайды. Өйткені ол елінің жасаған қылмыстарына
ортақтасқан», – деп жауап береді.
Періштелер хабар берген соң, көп ұзамай Сара жүкті болды. Айы, күні жеткенде, шекесі
торсықтай ұл тапты. Ол Ысқақ (а.с.) еді.