Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет46/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

«Расында, оны алып
кетсеңдер, мен қатты уайымдаймын. Əрі сендер оған жақсы қарай алмай, қасқыр жеп кете ме
деп қорқамын»
?">[224]
?">, – дейді. Сол кезде он баласы да: «Əкетай! Бір інімізге қарай алмайтындай
бізге сонша не күн туыпты? Онымыз он жерде қаққан қазықтай тікемізден тік тұрып қорғасақ,
ардақты інімізді қасқыр қалай тартып əкетсін? Бізді осыншама жігерсіз, деп ойлайсыз ба? Бір
інімізге ие бола алмасақ, онда, өз обалымыз өзімізге»
?">[225]
дейді.
Он баласының мынадай сөздерінен кейін Жүсіп пайғамбар тіс жарып ештеңе айта алмай,
оларға рұқсат беред?">і
?">[226]
.
Көп ұзамай Жүсіп пайғамбардың балалары тауға қарай бет алды. Олар Жүсіпті торға түскен
торғай ғұрлы көрмей жол бойындағы бір құдықтың басына дедектетіп ертіп келді. Іле ай-шайға
қаратпай Жүсіптің көйлегін сыпырып, өзін жіпке байлап құдыққа түсіреді де, тереңге жетті-ау
дегенде, жіптің ұшын қоя береді. Сол кезде Жүсіп бір тастан ұстап суға түспей қалды. Осы сəтте
хазірет Жəбірейіл Хақтан уахи əкеліп: «Уайымдама! Əлбетте, сен азаттыққа жетіп олардың осы
істеген жөнсіздіктерін беттеріне басып, оларды жерге қарататын боласың. Алайда олар мұның
бəрінен бейхабар»
?">[227]
, – дейді.
Бала Жүсіпті ағалары құдыққа тастаған соң, бір қозыны сойып, көйлегін оның қанына
малып, үйге жақындай бере өкіріп жылайды. Олардың былайша жылап келе жатқанын көрген
Жақып пайғамбар (а.с.) бір жамандықтың болғанын сезеді. Оның үстіне араларынан Жүсіпті
көре алмай, түрлі ойға кеткен еді. Сосын: «Мұнша жылайтындай бастарыңа не күн туды? Жүсіп
қайда?» – деп сұрайды. Олар: «Əкешім-ау! Тіпті не дерімізді де білмей тұрмыз. Сіз «қасқыр»
деген сөзді тегін айтпаған екенсіз. Шамасы, бір жаман нəрсенің боларын алдын-ала сезгенсіз
ғой. Алайда біз соны түсіне алмап едік. Біз тауға барып сейіл құрдық, соңында, «кім жақсы
жүгіреді?» деп бір-бірімізбен жарыса жөнелдік. Жүсіпті «сен əлі баласың ғой» деп, керек-
жарағымыздың қасына қалдырып кеткенбіз. Жарысамыз деп жүріп, ойынның қызығына батып,
ұзап кетіппіз. Кейіннен ес жиып орнымызға келсек Жүсіпті қасқыр жеп қойыпты. Оның көйлегі
ғана қалған екен. Міне, мынау соның қанға боялған көйлегі»
?">[228]
, – деп көйлекті беріп жатып,
əкелерін кезек-кезек құшақтап жас балаша еңкілдеп жылайды
?">[229]
?">.
Жақып пайғамбар (а.с.) көйлекті қолына алып қарап, ондағы қанның адам қаны еместігін
анық сезді. Содан соң балаларына қарап: «Жо-жоқ. Бұған кім сенсін?! Сірə, шайтан түрткен
екен. Амал нешік! Бұл да болса Аллаһ тағаланың сынағы шығар. Сірə, ендігі жерде Хақ тағалаға


тəуекел еткеннен басқа жол жоқ», – дейді. Жақып пайғамбар балаларын қанша қыстаса да,
шындықты айтпайтынын біліп, оларды одан ары ұрысып, қинап сұраққа алып, өз жанын
жаралағысы келмеді. Хақ тағалаға тəуекел етіп, əліптің артын бақты. Мұнда Жаратқаның бір
хикметі барын сезді.
Ал опасыз он ұлы əкесінің тергемегеніне риза болып, мақсатымызға жеттік деп, бөріктерін
аспанға атып қуанды.
Хазірет Жүсіп құдықтың ішінде үш күн, үш түн жатты. Осы уақыт ішінде тек қара сумен
ғана қоректенді. Жүсіп бұл кезде əлі бала болса да сабырлықпен төзе білді. Өмірден үмітін
үзбеді. Үш күннен соң Мəдяннан Мысыр еліне қарай бет алған керуен осы құдықтың қасына
келіп тоқтайды. Керуенбасы бір адамын дереу суға жұмсайды. Əлгі адам құдыққа келіп шелегін
тастап жіберіп қайта тартқанда, салмағы едəуір ауыр сезіледі. Əлгі адам шелек суға толды екен
деп ойлап, бар күшін жинап тартқанда, шелекпен бірге жас баланың шыға келгенін көріп бір
жағынан қатты таңырқап, бір жағынан қуанып кетіп: «Сүйінші! Бұл бала ғой!» – деп айқайлап
жібереді
?">[230]
?">. Ол баланы алып керуенбасына тапсырады, керуенбасы баланы өздерімен бірге
алып, Мысыр еліне қарай сапарын жалғастырды.
Мысырды ол кезде перғауындар емес, Йемен жақтан келген «амалиқалықтар» басқаратын.
Олар перғауынды жеңіп, сол жерде төрт жүз жыл патшалық құрған. Хазірет Жүсіп заманында
кейбір деректерде Рəйяан ибн Уəлид атты бір патша елге өз əмірін жүргізгені айтылады.
Керуен көп ұзамай Мысырға келді. Қалада арнайы құл базары бар болатын. Керуен иелері
осы құл базарының қайнаған ортасына бала Жүсіпті сатуға қойды. Сол кезде Мысыр еліндегі
жоғары лауазымды ақсүйек, Китфир деген кісі бала сатып алмақшы боп, сол базарға барған
болатын. Ол үйленгелі көп жыл өтсе де, əйелі Зылиха əлі бала көтермеген еді. Олар базардан
өздеріне əрі бала, əрі қызметші ретінде Жүсіпті лайық деп табады. Керуен иелері бала Жүсіпті
оған болмашы ақшаға сатып жіберді. Ол баланы үйіне алып келіп, Зылихадан сүйінші сұрап
жатып: «Бұған жақсылап қара! Кім біледі, күндердің күнінде бізге қатты бауыр басып баламыз
болып кетуі де мүмкін», – дейді.
Хазірет Жүсіп балиғатқа толған шағында, Хақ тағала оған ілім мен хикметті, түс жору ілімін
үйретті. Ол адамдар арасында төреші болып, елге қол ұшын беріп, халықтың қалаулысына
айналды. Өзінің мінезі қандай көркем болса, өскенде сондай сымбатты сұлу жігіт болды. Оның
сымбаты мен сұлулығын көрген жұрт есінен тана таңырқайтын. Зылихаға күйеуі «өз балаңдай
қара» деп тапсырса да, күн өткен сайын сол сөзді ұмытып, сұлу Жүсіпке көңілі ауып, ессіз
ғашық болды. Ақыры, Зылиха сарайында ешкім жоқ орайды пайдаланып, есік біткеннің бəрін
ішінен бекітіп тастады. Сосын Жүсіптің бөлмесіне барып оны өзіне шақырд?">ы
?">[231]
?">. Алайда
бозбала Жүсіп өзіне қамқор болған қожайынының əйелінен мұндай арсыздықты күтпеген еді.
Ол қас-қағым сəтте не істерін білмей сасып қалды. Осы кезде оның көз алдына əкесі Жақып
пайғамбардың бейнесі келді. Əкесінің бейнесін көре сала, дереу есін жиып, қарсылық білдірді.
Зылиханың арам пиғылын сезе қойды. Амалсыз есікке қарай қашуына тура келді. Ол қашып бара
жатқанда, Зылиха «тоқта» деп айқайлап қуа жөнелді. Есікке жете бергені сол еді, Зылиха оның
көйлегінің артқы етегінен шап беріп ұстап, күштеп тартып қалғанда, көйлек дар етіп
жыртылады. Ол бұған да қарамай, есіктің ілгегін ағытып сыртқа шыға бергенде, алдынан Зылиха
өзінің немере ағасы мен күйеуін көріп қалды. Жүсіп ұялғанынан кірерге тесік таппады.
Артынан қуа шыққан Зылиха да оларды көрген кезде дереу сайқалсып, жəбір көрген адамдай
кемсеңдеп күйеуіне: «Сенің əйеліңе жамандық ойлаған біреудің жазасы сөзсіз зындан немесе
жан түршігерлік азап!» деп ашулы жүзін Жүсіпке бұрды. Сонда Жүсіп Китфирдің жүзіне қарай
алмай төмен қарап: «Жоқ, қайта ол көңілімді өзіне тартпақшы болды. Ал мен көнбей қарсылық


танытып қаша жөнелдім. Ол мені ұстамақ болып көйлегімнің етегінен шап берген еді, көйлегім
жыртылып қалды», – дейді.
Осы кезде Зылиханың немере ағасы: «Ендеше кімнің ақ, кімнің қара екенін анықтап көрелік.
Егер Жүсіптің көйлегі алдынан жыртылса, Зылиханың айтқаны жөн деген сөз. Ал егер көйлек
артынан жыртылған болса, онда Зылиха өтірік айтып, бұл жігітке жала жауып тұрғаны», – дейді.
Одан кейін көйлектің артынан жыртылғаны айқындалғанда Жүсіптікі дұрыс, Зылиханың сөзі
жалған екендігі анықталды. Зылиханың немере ағасы оған қарап: «Ниетің неткен жаман еді
сенің! Онымен қоймай кінəсіз біреуді жазаламақ болдың
?">[232]
?">. «Əйелдің қулығы қырық есекке
жүк» деген осы екен ғой деп кінəсін бетіне басты. Сосын Жүсіпке қарап: «Жүсіп! Сен бұл
оқиғаны елге айтпай-ақ қой. Онсыз да сенің кінəсіз екендігің анықталды. «Бас жарылса, бөрік
ішінде, қол сынса, жең ішінде» деген. Əңгіме өз арамызда қалсын», – деді. Аздан соң арам
ниетінің іске аспағанына əрі күйеуі мен ағасына ұсталып масқара болғанына іштей ызаланып
күйіп тұрған қарындасына қарап: «Сен де тəубе етіп, жарылқау тіле! Сен нəпсіңе беріліп жан
түршігерлік қателік жасадың» дейді.
Əйтсе де олар осы оқиғаны қанша жасырғанмен, бұл қауесет ел ішіне түгел тарап кетті.
«Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайдының» кері келді. Ақсүйек əйелдер өз
араларында «Ұят-ай! Пəленшенің əйелі үйіндегі құлымен көңіл жарастырмақ болып, күйеуіне
ұсталып қалыпты. Соры қайнаған деген осы», – деп өсектеді. Осыны естіген Зылиха бір күні сол
əйелдерді үйіне қонаққа шақырды. Оларға мол дастарқан жайды. Астан соң арнайы жеміс-
жидек толтырылған ыдыстарды алдарына қойып, қолдарына бір-бір алмастай өткір пышақ
ұстатты. Олар пышақпен жемісті кесіп жатқанда, Зылиха Жүсіпке дауыстап: «Бері кел!» – деді.
Алдын-ала оны əсем киім кидіріп қойған болатын. Ол залға шығып əйелдердің қастарына өтіп,
төрдегі Зылихаға жақындай бере, оны көрген ақсүйек əйелдер естерінен танды. Жемістің
қабығын кесудің орнына қолдарын кесе бастады. Тіпті қолдарынан қан аққанын да сезбеді.
Ауыздарын ашып, Жүсіпке қарап сілейіп отырды да қалды. «Ой, Алла! Мынау адам емес, нағыз
періштенің өзі ғой!» десті». Сол кезде Зылиха «Мен туралы өсек айтуларыңа себеп болған жігіт
– осы. Сендер бір көргеннен-ақ естеріңнен танып, қолдарыңды кескендеріңді сезбей қалдыңдар.
Ал мен болсам, онымен бір шаңырақ астында тұрып жатырмын. Бір-бірімізді күнде көреміз. Сол
себепті онымен бірге болуды қаладым. Алайда ол менен қашып, ар-ұятын қорғады. Бірақ мен
мұнымен ғана шектелмеймін. Өз дегеніме жетпей тынбаймын. Ал осыған көнбесе, зынданға
тастатып, сол жерде сүйегін шірітемін»
?">[233]
?">, – деп өз арам ойын ашық айтты. Осыдан соң
Зылиха сол ақсүйек əйелдерді де араға салып, Жүсіпті көндірмек болды. Ақыр соңында Жүсіп
(а.с.) Зылихадан құтылудың бір-ақ жолы бар екендігін білді. Ол Хақ тағалаға қол жайып:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет