Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет56/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

Енді оларды қинама, саған Раббыңның мұғжизасымен келдік. Есендік тура жолдағыларға
болсын. Бізді жоққа шығарып, бет бұрғандарға азап болатындығы уахи етілді», –
деңдер»
?">[284]
?">, – дейді.
Бұл іс тіпті пайғамбар үшін де оңайға соқпайтын еді. Өйткені алдарында бір елдің өзін
«құдай» санап айдаһардай ақырған залым перғауын бар. Оның сарайына аяқ астынан барып,
дінге шақыру, өз басын бəйгеге тігу деген сөз. Оның үстіне перғауынға адам өлтіру, əсіресе,
исрайылдық бір дұшпанын өлтіру түкке тұрғысыз еді. Əрі көп жылдан бері өлтіргісі кеп,
қуғындап ұстай алмай жүрген адамы осы Мұса болатын.


Əйтсе де хазірет Мұса мен Харунның қорыққаны өлім емес, өздеріне берілген ауыр аманат
еді. Пайғамбарлардың қорқып уайымдайтын бір-ақ нəрсесі бар. Ол – пайғамбарлық міндет. Егер
олар табан астынан ажал құшса, өз міндетін толық орындай алмайтын еді. Пайғамбарымыз
Мұхаммедтің 
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
: «Қоштасу қажылығында» үмбетіне: «Сендерге пайғамбарлық
міндетімді толық орындап, дінді қалтқысыз жеткіздім бе?» – деп үш рет сұрауы осының белгісі.
Бірақ əр қандай пайғамбар əсте міндетін толық орындап болмай, бұл өмірден көшпейді. Өз
уазипасын іске асыру жолында, аспан төңкеріліп, жер жарылса да, оған титтей кедергі келтіре
алмайды. Өйткені кепілдікті 
«Қорықпаңдар! Сендермен біргемін. Естимін, көремін»
деп Хақ
тағала береді.
Хазірет Мұса бауыры Харунмен бірге перғауынның сарайына барып оны хақ дінге шақырып,
туралықты насихаттады. Ол перғауынға сыпайы тілмен сөйлеген соң, перғауын да оған ашу
шақырмай əңгімелесе бастап: «Ей, Мұса! Саған не болған? Кеше ғана сарайда өскен бала едің.
Бүгін келіп маған ақыл айтып тұрсың ба? Біз сені құндақтағы сəби кезіңде сандықпен бірге ағып
бара жатқан жеріңнен тауып алып, осы сарайда өсірген жоқ па едік? Сен осы жердің суын ішіп,
нанын жеген жоқсың ба? Енді келіп бəрін жоққа шығарып тұрсың. Ол аз болғандай менің
халқымнан бір адамды өлтіріп, қашып кеткен жерің тағы бар», – деп сұрақ жаудыра бастайды.
Хазірет Мұса да оның сөздерін асықпай тыңдап: «Мен ол кісіні қасақана өлтірген жоқпын. Бар-
жоғы біреуді өлтіргелі жатқанда, араша түсіп, пейілінен қайтпаған соң, əрі кетсін деп
жұдырықпен түйгенім ғана. Ал қашқанымды сұрайтын болсаң, мені шақырып істің мəніне
бармай сыртымнан өлім жазасына бұйырғандарыңды естіген соң амалсыз қаладан кетуіме тура
келді. Одан кейін маған Раббым ілім мен хикмет дарытумен бірге пайғамбарлық міндетін
жүктеді. Мен осы уазипамды орындау мақсатымен сенің алдыңа келіп тұрмын. Менің міндетім
дінді жеткізу ғана. Арғы жағы өз ықтиярыңда.
Əй, Перғауын! Сен мені сарайда өсіріп, тəрбиеледік дейсің. Сен өзің исрайыл халқын жапа
шектіріп, ауыр жұмысқа салып, ерлерін құл, əйелдерін күң қылдың. Ол аз болғандай жаңа туған
сəбилерді жаппай қырғыздың. Сондықтан Хақ тағаланың жəрдемі мен хикметінің арқасында
сарайда өстім. Болмаса, сенің сарайыңда менің нендей шаруам бар? Ата-анам мені тəрбиелеуде
қауқарсыз қалды деймісің? Сенің зұлымдығың болмағанда, анам өз баласын суға ағызып,
сарайыңда өсіруге ризалық танытар ма еді? Сенің сарайыңдағы ішкен суым да, жеген наным да
сол жерге исрайылдықтардың аққан қара терімен, ауыр бейнетімен келген жоқ па? Бір жағынан
халқымды қанап, адам айтқысыз зұлымдық жасайсың, бір жағынан «мен сені сарайда
тəрбиеледім» дейсің», – деп уəж қайтарды.
Перғауын: «Əлемдердің Раббы дегенің немене?» – деді. Хазірет Мұса: «Егер анық білетін
болсаңдар, Ол – жер мен көктің əрі олардың арасындағылардың Раббы», – деді. Бұл жауапқа
Перғауынның айтар дауы болмады. Бірақ əйтеуір бір нəрсе айтып қалайын деген ниетпен:
«Мынауың не деп сандырақтап отыр? Мен не деймін, бұл не дейді? Естідіңдер ме?», – деп
келемждеп күліп, сөзді басқа арнаға бұрғысы келді. Бірақ хазірет Мұса сөз тізгінін босаңсытпай:
«Ол – сендердің де Раббыларың, бұрынғы ата-бабаларыңның да Раббы», – деді. Хазірет Мұса
осы сөзімен сарайдағы өздерін «құдаймыз», «құдай отбасымыз» деп жүргендерге «бұрынғы ата-
бабаларың «құдай» болса қайда кетті? Олар да, сендер де топырақтан шығып, қайта сол
топыраққа ораласыңдар. Жоқтан бар болған ешқашан тəңір бола алмайды дегенді меңзейді.
Уəжге жығыла берген перғауын амалсыз ашу шақырып: «Пайғамбардың түріне қараңдар!
Аузынан шыққан əр сөзі – жынды адамның сөзі. Сұрағыма жауап берудің орнына айдалаға
лағуда», – деп өзінше сөзбен жеңген болды.
Хазірет Мұса оның сөзін елең құрлы көрмей, əрі қарай: «Ей, перғауын! Əлемдердің Раббы –


Хақ тағала шығыстың да, батыстың да һəм оның арасындағылардың да Раббысы», – дейді. Ол
осы сөздерімен Хақ тағаланың ғаламзаттың Раббысы екендігін айту арқылы перғауынның
пенделігіне ишарат етті. Перғауын сонда: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет