Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет53/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

«Сендерге оны сендер үшін бағатын,
оған қомқор бір отбасы көрсетейін бе?»
?">[268]
?"> – деп Мұсаның туған анасына ертіп келіп, соған
емізгенде, сəби Мұса емірене еміп, тəтті ұйқыға кетеді.
Хазірет Мұса он сегіз, жиырма жастар шамасына келген кезде, Хақ тағала оған керемет ілім
мен хикмет нəсіп етті. Хазірет Мұса бұл жерде үш мəселені шешуі тиіс еді.


Мысырлықтардың түзеліп иманға келуі.
Исрайыл ұрпақтарын Құдысқа апаруы.
Исрайыл ұрпағын түзеуі
?">[269]
?">.
Хазірет Мұса Мəдиян еліне қашқанға дейін, сол перғауын сарайында ер жетті. Оған
перғауынның жары – Əсия жақсылап қарап, тəрбиелеп өсірді. Бір күні хазірет Мұса көшеде
кетіп бара жатып, бір исрайылдық, бір мысырлық екі адамның қызыл шеке болып төбелесіп
жатқанын көреді. Исрайылдық жеңіліп бара жатқанда, хазірет Мұсаны көріп қалып көмекке
шақырады. Жігіт Мұса өте мықты, айбарлы жас болатын. Ол мысырлыққа жақындап келіп
ананы жіберуді талап етті. Бірақ мысырлық оның сөзіне құлақ салмай, исрайылдықты өлтірмек
болады. Осы кезде жігіт Мұса əлгі мысырлықты жұдырықпен түйіп кеп қалғанда, мысырлық сол
жерде жан үзеді. Мұсаның ниеті адам өлтіру емес, қайта анау бір өлім аузындағы жанды
құтқарып қалу еді. Мұса (а.с.): 
«Бұл – шайтанның ісі. Өйткені ол – ашық адастырушы дұшпан.
Раббым! Рас өзіме кесір істедім. Мені жарылқа! – деді. Сондықтан Аллаһ оны жарылқады.
Өйткені Ол тым жарылқаушы, ерекше мейірімді»
?">[270]
.
Көп ұзамай осы мысырлықтың өлімі бүкіл қалаға жайылды. Бірақ əзірге кісі өлтірушінің кім
екенін жəне не үшін өлтіргенін ешкім білмеді. Таңертең хазірет Мұса көшеде кетіп бара жатып,
кешегі өзі құтқарып қалған исрайылдықтың тағы бір мысырлықпен төбелесіп жатқанын көріп
қалады. Исрайылдық та мұны көре сала, ұялмай қызармай көмекке шақырады. Хазірет Мұса бұл
адамның жаман адам екенін сонда ғана білді. Оған «өзіңе де сол керек» дегендей ашулы көзін
қадады. Бір кезде мысырлық əлгі исрайылдықты бір бұрышқа тығып алып өлтірмек болған кезде,
амалы құрыған Мұса оларды арашаламақ болып жақындай бергенде, исрайылдық адам өзіне қол
жұмсайды деп ойлап: «Кеше ғана мысырлық бір адамды өлтіріп едің. Енді бүгін мені
өлтірмекпісің? Сен мейірімді емес, қатігез адам болдың ғой» деп айқай салады. Осы хабар тез
арада қалаға тарап кетті. Онсыз да сарайдағылар бұл исрайылдық болғаны үшін жек көріп, оны
сарайдан аластауға сылтау таппай жүретін. Олар бар болғаны хазірет Əсиядан аса алмай жүрген.
Ал қазір оларға іздегенге сұраған болды. Əйтсе да хазірет Мұса сарайдағылардың не ойлап
жүргенінен мүлде бейхабар еді. Ол ойға батып тұрғанда, қаланың өте лауазымды ақсүйек бір
адамы келіп: «Ей, Мұса! Сарайдағылар сені өлтіруге шешім шығарды. Бұл қаладан тез кетпесең,
өлім құшасың. Мен саған қамқор адамның бірімін», – дейді. Хазірет Мұса қаладан өте
сақтықпен шықты да: 
«Я, Раббым! Мені қатігез елден құтқара гөр!»
– деп
?">[271]
?"> дұға етті. Жолда
қаладан ұзап кетіп бара жатып: 
«Раббымның маған тура жол көрсетуін үміт етемін»
?">[272]
?">, –
деп күбірлейді.
Бұл істе Хақ тағаланың хикметі бар еді. Өйткені ол Мəдиянға барып, хазірет Шұғайып
пайғамбардан дəріс алып, сол жақта пайғамбарлыққа əзірлік жасап келуі қажет болатын.
Күндердің бір күні пайғамбарлық келген кезде, Мысырға қайта оралып перғауын мен оның
халқын хақ дінге шақыруы тиіс-ті
?">[273]
?">.
Хазірет Мұса сахарада ұзақ жүріп, бір кезде Мəдияндағы судың жанына келіп аялдады. Бір
топ адам осы суға мал суғарып жатты. Бергі шетте екі қыз малдарын суға жолатпай қайырып тұр
екен. Мұса ол екеуіне: «Екеуің неге тұрсыңдар? Елдің бəрі малын суғарып жатқан жоқ па?» –
дейді. Екі қыз: «Мына малшылар малдарын суғарып кеткенге дейін, біз малымызды суғара
алмаймыз. Үйде жалғыз кəрі əкеміз ғана бар. Бұған əкемізді қалай жұмсаймыз?» – деп
ибалықпен жауап береді. Хазірет Мұса қатты қалжырап тұрса да, дереу екі қыздың малын айдап
əкеп суғарып, суға қанған соң, алдарына салып берді. Бұл екеуі хазірет Шұғайыптың қыздары
еді. Одан кейін бір ағаштың көлеңкесіне саялап отырып, Хақ тағалаға қол жайып: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет