Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет54/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   96
«Я, Раббым!
Қайырдан не жіберсең де мұқтажбын?">»
?">[274]
?">, – деп күбірлеп дұға жасады.


Сол күні ақшам кезінде хазірет Шұғайып малдарының маңыраған дауысын есітіп далаға
шықты. Қыздарының бүгін ерте келу себебін сұрады. Мəн-жайды білген соң, ол дереу
қыздарының біреуін хазірет Мұсаға жіберді. Қызы барғанда, ол əлі ағаштың түбінде отыр екен.
Ол жанына ұяла жақындап: «Əкем сізді малдарды суғарған ақыңызды алсын деп шақырып
жатыр», – дейді. Хазірет Мұса олардан ақы алайын деген мақсатпен көмектеспеген еді. Алайда
мына қыздың ибалылығына қарап, оның əкесін көруге аңсары ауа қалды. Əрі ақсақал кісі
шақырып тұрғанда, бармасқа тағы болмайды. Қыздың алдына түскен бойы үйіне келіп, қартқа
сəлем беріп жөн сұрасты. Дастарқан басында хазірет Мұса Шұғайып пайғамбарға басынан
кешкендерін түгелдей баян етті. Бұл жерге де қуғыншы келіп қалуы мүмкіндігін айтты. Сөздерін
ден қоя тыңдаған қария оған: «Қорықпа! Бұдан былай залым елден саған келер ешбір қиянат
жоқ. Сен қауіпсіз жердесің», – деп басу айтты.
Бірталайдан кейін қонақ əзірленген бөлмеге жатып қалған соң, Шұғайып пайғамбардың бір
қызы əкесіне келіп: «Əкешім! Біз көптен бері бір жалшы іздеп жүрген жоқ па едік?! Іздегенге
сұраған деген осы емес пе?! Мына кісі нағыз бізге лайық адам екен. Өзі күшті əрі сенімді де,
мейірімді жан. Бізбен тілдескен кезде, жүзімізге бір рет те болсын қарамады. Осы жігітке қолқа
салып көріңіз», – дейді.
Таңертең Шұғайып пайғамбар хазірет Мұсаға: «Мұса! Саған айтар ұсынысым бар. 
«Маған
сегіз жыл жалшы болсаң, мына екі қызымның бірімен некелестірем. Егер он жылға толтырып
жатсаң, ол сенің жасаған жақсылығың. Саған машақат қылуды қаламаймын. Аллаһ қаласа,
мені ізгілерден табарсың»
?">[275]
?">, – дейді.
Хазірет Мұса да бұдан кейін қайда барып, қайда тұратыны, не істейтіні туралы бір байламға
келмеген болатын. Ол хазірет Шұғайыптың бұл ұсынысын мақұл көріп: «Ұсынысыңды
қабылдаймын. 
«Осы екеуміздің арамыздағы келісім бойынша, екі мезгілдің қайсысын
орындасам да маған қарсылық жоқ. Айтқаныма Аллаһ кепіл?">»
?">[276]
?">, – деп жауап береді.
Арада жылдар қазанаттай жүйткіп өте шықты. Мезгілі жетіп, уəде бойынша хазірет Мұса,
Шұғайыптың (а.с.) қызын алған еді. Бір күні ол жары мен бала-шағасын алып, Шұғайып
пайғамбармен қоштасып, жолға шықты. Бұл өзі қыс мезгілі болатын. Күн батып, түн айналаға
өзінің қара шəлісін жапқан кезде, ауа суып, ызғар жел есті. Хазірет Мұсаның бала-шағасы
тоңып, жылай бастады. Олар Тұр тауына жақындаған кезде, тау басынан лапылдаған оттың
жарығын көрді. Хазірет Мұса бала-шағасына: 
«Тұра тұрыңдаршы. Рас, бір от көріп тұрмын.
Бəлкім, бір хабар яки оттан бір шоқ алып келермін. От жағып жылынарсыңдар?">»
?">[277]
?">, – дейді.
Ол асығыс адымдай басып, отқа қарай жақындай бастады. 
«Ол жерге келген сəтте, мүбəрак
жердегі ойпаттың оң жағындағы ағаштың жанынан: «Ей, Мұса! Рас Мен – əлемдердің Раббы
Аллаһпын». «Кебісіңді шеш» деп үн қатты?">»
?">[278]
.
Хазірет Мұса дереу аяқ киімін шешіп үнсіз тыңдай қалды. Баяғы «жанған от» деп келгені от
емес илаһи нұр екендігін аңғарып, бұл дауыстың Хақтан келгеніне көзі жетті. Илаһи дауыс əрі
қарай жалғасты: 
«Сені таңдадым. Енді уахи етілгендерді тыңда. Рас, Мен Аллаһпын. Менен
басқа тəңір жоқ. Сондықтан Маған құлшылық қыл. Сондай-ақ Мені еске алуың үшін намазды
толық орында. Қиямет күні сөзсіз келеді. Қияметке сенбей, өзінің нəпсісіне ергендер саған
кедергі жасап жүрмесін. Болмаса, сен де құрисың. Əй, Мұса! Оң қолыңдағы не нəрсе? (Мұса):
«Бұл – менің таяғым. Оған таянамын. Онымен қойларыма жапырақ қағып беремін, əрі онымен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет