Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет57/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   96
«Абыройыммен ант етейін! Егер сен менен өзгені
тəңір етіп алсаң, əрине, сені зынданға тастаймын»
?">[285]
, – деп қорқытты. Хазірет Мұса: «Егер
саған пайғамбар екендігім туралы айқын дəлелдер көрсетсем не дейсің? Сонда да осы
пікіріңнен танбайсың ба?» – дейді. Перғауын іштей оның дəлел көрсететіне сенбеді. Өзі де
сарайдың уəзірлері мен ақсүйектері алдында хазірет Мұсадан жеңіліп нақты жауап бере алмай
отыр еді. Осы арқылы жеңіп кетемін деп ойлап: «Ал қане, көрейік, сөзің рас болса. Қандай
дəлел, қандай мұғжизаң бар еді?» – дейді. Сол кезде Мұса пайғамбар қолындағы аса таяғын
жерге тастап жібергенде, ол сол заматта үлкен жыланға айналып шыға келеді. Түрі сұп-суық
жылан бір орнында тұрмай ирелеңдеп оңды-солды қозғалып ысылдап тұрды. Мынадай түсі суық
жыланды бұрын-соңды көрмеген сарайдағылар қорыққандарынан тұрған жерлерінде жүректері
жарылып кете жаздады. Хазірет Мұса осыдан кейін қолын қойнына тығып қайта суырып еді,
қолы нұр болып жарқырап айналаға сəулесін шашты. Іштей өзіне сенімді болып отырған
перғауын мына мұғжизаларды көргенде, аузына құм құйылып, біразға дейін «лəм-мим»
деместен, үнсіз отырып қалды. Оның үстіне əлгі жыланның от болып жанған көздері көз
алдынан кетер емес. Ол тағынан түсе қалса, шағып алатындай көрініп, денесі мұздап сала берді.
Бірақ өз абыройын сақтап қалу үшін, дереу есін жиып, айналасына қарап: «Беу, шіркін десеңші!
Мынау барып тұрған сиқыршы ғой. Бəсе, манадан бері мұны сөйлетіп тұрған қандай күш, несіне
бəлсініп тұр десем, жат жерде жүріп түрлі сиқырлық пен көзбояушылықты үйреніп келіп, сол
арқылы біздің басымызды айналдырып, мына туған жерімізден қуып шыққалы қамданып жүрген
кешегі қашқын Мұса екен ғой! Бұлардың сыры белгілі болды. Ендеше, бұл екеуін дереу өлтірген
дұрыс па, əлде өзгелерге сабақ болу үшін басқаша жаза қолданғанымыз дұрыс па екен? Ал қане,
қандай пікірлерің бар?» дейді. Перғауынның ең жақын адамдары оған: «Мұны өлтіру де,
басқаша жазалау да бізге пəлендей пайда бере қоймайды. Ел-жұрт «шамасы келмеген соң өлтіре
салыпты» деп шулайды. Ал бұл біздің абыройымызға дақ келтіреді. Ең дұрысы, бұл екеуін күллі
халықтың алдына шығарып, сол жерде масқаралайық. Шартарапқа шабармандарыңды жіберіп,
алаңға ең мықты сиқыршыларды жина. Сосын бұл екеуі əлгі өнерін сол жерде көрсетсін. Біздің
сиқыршылар да сиқырын көрсетіп, бұларды ел алдында жеңсін» дегенді айтты. Перғауынға да
бұл ой қатты ұнап, ең мықты сиқыршыларды жинатты. Хазірет Мұсаға осыны айтып еді, ол
қуана келісті. Тіпті ол: «Кездесетін мезгіл дəл ел көп жиналатын мереке күнінің сəске кезі
болсын», – дейді. Хазірет Мұсаның бұл сөзінен ең маңызды екі нəрсені білуге болады. Бірі –
мереке уақыты. Мереке күні халық бос болғандықтан, алаңға тайлы-таяғымен жиналады. Жасы
да, жасамысы да қызық көру үшін келеді. Екіншісі – сəске кезі. Бұл кез – халықтың ұйқыдан
тұрып, сəресін ішіп сергек те, тоқ болып тұрған шағы. Басқа уақытта орын алса, Хақ
пайғамбардың мұғжизаларын «күн қатты ысып нақтап көре алмай қалдым» яки «күн батысқа
еңкейген шақта сол көрінген нұр ма əлде күннің сəулесі ме еді? Оның үстіне малдың өрістен
қайтқан шағы емес пе, көзім мұнда болғанмен, көңілім алаң болып тұрған» дегендей күмəндар
кездесуі əбден мүмкін еді.
Сол күні халық көп жиналды. Онсыз да сарайда көрсетілген мұғжизалар ел ішіне аңыз боп
тарап кеткендіктен, көруге құмартушылар көп еді. Сиқыршылар перғауыннан «Егер біз жеңсек,
бізге қандай сыйлық бересің?» – деп сұрап еді, перғауын: «Менің ең жақын адамыма
айналасыңдар. Сендерге осы елдегі ең жоғарғы лауазымды беремін», – деп уəде берді. Аналар
көңілдері көтеріліп, перғауын үшін аянбай тер төгуге тырысты. Алаңда сиқыршылар бір жақта
хазірет Мұса жалғыз өзі бір жақта тұрды. Олар Мұса пайғамбардан «Кім бірінші бастайды?» деп


сұрап еді ол, «Алдымен сендер бастаңдар» деп жауап қайтарды. «Сонда олар арқандары мен
таяқтарын тастап: «Перғауынның ұлылығының арқасында біз жеңіске жетеміз» десті. Олардың
тастаған арқандары мен таяқтары алаңда жылан болып көрініп, ирелеңдеп ысылдай бастады.
Сол жерге жиналған елдің бəрі оларды жылан деп ойлап таңырқай қарасты. Хазірет Мұсаның
көңіліне осы сəтте қобалжу пайда болды. Хақ тағаладан оған: «Қорықпа! Сен үстем боласың»
деген уахи келді. Яғни «Ей, Мұса! Көңілің қобалжып, қорқушы болма! Өйткені олардың жылан
деп көрсеткендері жылан емес, жалған көз бояушылық қана. Ал сенің жыланың – ақиқат.
Жалғанды қашан да ақиқат жеңеді. Олар сиқыршы, ал сен пайғамбарсың».
Хазірет Мұса осы уахидан соң көңілінің абыржығаны басылып, қолындағы аса таяғын тастап
жіберді. Сонда ол шынайы əб жыланға айналып сиқыршылардың жыландарын əп сəтте бір-
бірлеп жұтып бітірді де, Мұса пайғамбарға жақындап келіп аса таяққа айналып шыға келді.
Перғауынның əзірлеген сиқыршылары осал емес еді. Сол заманда Мысыр елінде сиқырлық
кең тараған еді. Ал алаңға шыққан сиқыршылар солардың сорпа бетіне шығар ең таңдаулысы
еді. Алайда олар жылан етіп көрсеткен арқандары мен таяқтарын кəдімгі əб жыланның
біртіндеп жұтып жатқандарын көріп жағаларын ұстады. Халық білмесе де олар аса таяқтың
кəдуілгі тірі жыланға айналғанын айқын біліп, хазірет Мұсаның сиқыршы емес, пайғамбар
екендігіне көздері анық жетті. Өйткені өздері бұрын-соңды мұндай мұғжизаны көрмеген.
Хазірет Мұса алаңға шықпас бұрын жолығып, бұларға хақ діннің ақиқатын тереңдеп айтып
жеткізген еді. Əйтсе де бұлар оның сөздеріне көңіл қоймаған. Ал қазір олар Мұса пайғамбардың
айтқан сөздерін қайта еске түсірді. Осы күнге дейін жалғанды насихаттап келген еді. Əне сол
жалғанын ақиқат жоққа шығарып, өздері шоқиып отырып қалды. Осы күнге дейін халықты да,
өздерін де көзбояушылықпен алдап күн көріп келгендеріне қатты пұшайман хал кешті. Осылай
ойлаған олар бір сəт бір-бірлеріне қарап тұрып қалды. Бір кезде естерін жиған олар жамағат
жаппай сəждеге жығылды да, бірауыздан: «Мұса мен Харунның Раббына иман келтірдік!» – деп
айқай салды. Жиналған халық бір жыланның көп жыланды жұтып қойғанын көріп, абдырап
тұрған болатын. Олар алаңда тұрған сиқыршылардың сəждеге жығылып, Хақ тағалаға иман
келтіргенін көргенде, Мұса пайғамбардың жыланы ақиқат жылан екенін ұғып, өзара таңдай
қағысып, бір-бірлерімен күбірлесе бастады. Осы ғажайып көрініс олардың жадыларынан кетпей
тіпті ұрпақтан ұрпаққа дастан болып жалғасатыны һəм сол бір көрініс бұлардың да иманға
келуіне əсер ететіні айқын еді.
Жеңетініне көзі анық жетіп отырған перғауын өзі таңдаған сиқыршылардың жария айқайлап
иман келтіргенін көргенде, отырған тағында күйіп кете жаздады. Сосын қулығын асыра түсіп:
«Сендер менің рұқсатымсыз қалайша дəттерің барып Мұсаға иман келтіресіңдер? Ендеше кім
екендіктерің белгілі болды. Мына Мұсаны сендер ұстаз тұтасыңдар ма? Осы сəтке дейін осыны
жасырып келген екенсіңдер ғой. Олай болса сендердің көздеріңе көк шыбын үймелетіп, көресіні
көрсетемін. Əлі-ақ «өлтірші» деп жалынатын боласыңдар өңкей шірік неме!» деп ашуға
булықты. Оның бұл қоқан-лоқысын сиқыршылар қаперіне де алмады. Жаңа ғана өзін құдай
санап жүрген адамы дəл қазір көздеріне қауқарсыз, бейшара болып елестеді. Хазірет Мұсаның
ақиқаты оның жалған сенімінің күлін көкке ұшырды. Олар: «Ей, перғауын! Біз Мұса
пайғамбардың туралығына жəне бізді жоқтан бар еткен Раббымызға бұлтартпас сенім келтірдік.
Сенің де жалған тəңір екендігің айқындалды. Сен қолыңнан келген өнеріңді бізден аяма. Бұлай
өлтіргенімде ғой деп, өкініп қалып жүрме. Сен біздің қолымыздан көп болса дүниелік
өмірімізді ғана аларсың. Ал ақырет ғұмыр, ондағы мəңгілік бақыт бізге жетеді. Раббымыз біздің
осы күнге дейінгі жасаған күнəларымызды кешіреді деп үміт етеміз. Мұса пайғамбарға
алғашқылардың бірі болып иман келтіргенімізді мақтан тұтамыз!» – деп жауап берді.


Сиқыршылардың иман келтіруі айта жүретін ерекше оқиға болды. Олар хазірет Мұсаның бір
мұғжизасын көрісімен, бірден иман келтірді. Тіпті олардың имандары «ихсан», яғни əулиелік
деңгейдегі ең терең иман. Олар бір сəтте ең төменгі шыңыраудан «яқин» иманға бір-ақ шыққан.
Хазірет Мұса кейіннен өз еліне түрлі мұғжиза көрсетсе де, олардың имандары əлгі
сиқыршылардың дəрежесіне жете алмаған. Егер олар тірі болғанда, хазірет Мұсаның ең
жанашырлары сахабалардай сенімді серіктері болар еді. Олардың имандарының күштілігінен
жер жарылып, тау теңселер еді. Олар хазірет Мұсаның жолында құрбан болуға əрдайым əзір
болатын, тіпті Қызыл теңіздің өзін кешіп өтуден де тайсалмас еді. «Тиһ» шөлінде ғажайып
құстың етін емес, бір түйір дəнге зар болып, ала бұтаны кеміріп жүрсе де, асатаяқтан аққан
кəусар бұлақтың суын емес, кенезесі кеуіп, лай суға зар болса да, Пайғамбарымен кешкен əрбір
күнін жаннаттың рахатын бірге көргендей сезінер еді. Бұл да өз алдына зерттелер жеке
тақырып.
Перғауын осы оқиғадан кейін исрайылдықтарға деген қатігездігін тіпті күшейте түсті. Көп
жылдар бұрын көрген түсіндегі адамның осы Мұса пайғамбар екендігіне көз жеткізді. Хазірет
Мұсаның мұғжизасын көрген халықтың біразы иман келтіргенмен, көпшілігі перғауын мен
шонжарлардың қаһарынан қорқып иман келтірмеді. Хазірет Мұса халқына: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет