осының бəрінде Раббыларыңнан келген үлкен сынақ бар»
?">[297]
?">.
Күндер зулап өтіп жатты. Бір күні Мұса (а.с.) Тұр тауына келіп, ол жерде отыз күн бойы
тынбай құлшылық жасады. Сосын бұрын өзіне уəде етілген кітапты Хақ тағаладан алып келуге
бел буды. Ол кетерде халқын бауыры Харунға аманат етіп:
«Елімнің ішінде менің орынбасарым
бол. Оларды бақылап түзелтіп отыр. Ел ішінде бүлік шығарғандардың соңына еруші
болма»
?">
[298]
?">, – деді.
Хақ пайғамбар Тұр тауында отыз күн бойы құлшылық етті. Сол жерде ол пайғамбарларға тəн
құндылықтарды сезді. Бір ай толған кезде, Аллаһ тағала тағы қосымша он күн құлшылық етуді
əмір етті. Бекітілген мерзім толған соң, Хақ тағала пайғамбары Мұсамен сөйлесті. Бір кезде
хазірет Мұса:
«Я, Раббым! Маған өзіңді көрсет», – деді. (Аллаһ): «Мені əсте көре алмайсың.
Бірақ тауға қара, сонда егер ол орнында тұра алса, сен де Мені көресің» деді».
Хазірет Мұса іштей қуанып бүкіл ықыласымен тауға қарап тұрды. «Сонда Раббы таудан
елестеген сəтте, оны быт-шыт қылды. Мұса талып түсті». Біршама уақыттан соң есін жиып:
«Саған тəубе еттім, əрі мен үмбетімнің арасында Сені көрмей иман келтіргендердің
алғашқысымын», – деді»
?">
[299]
?">.
Осыдан кейін Мұса (а.с.) Жəбірейіл арқылы арнайы əмірлер жазылған Тəурат
тақтайшаларын алды. Ол кетерде Хақ тағала оған:
«Рас, Біз сенен кейін еліңді сынадық. Сондай-
ақ оларды Самири жолдан тайдырды»
?">
[300]
?">, – деп олардың бұзауға табынып кеткендерінен
хабар береді.
Хазірет Мұса Тұр тауына кеткен кезде, Исрайыл ұрпағы арасында қайтадан сиыр тəңір
туралы сөз қозғала бастады. Сол кезде араларынан Самири деген бір адам шығып, олардың
Мысыр елінен алып шыққан бүкіл алтындарын бір жерге жинатып, соларды ерітіп бұзаудың
мүсінін құйдырды. Самири оларға: «Міне, сендердің де, Мұсаның да тəңірі осы. Бірақ Мұса осы
тəңірін ұмытып кеткен болатын», – деді. Олар Самириге «Е, бəсе, іздегеніміз осы тəңір еді.
Мынауың Мысыр тəңірлерінен де ғажап дүние болды ғой. Рахмет саған, Самири», – деп
алғыстарын жаудырып, мəз-мейрам болды. Олар алтындарын ерітіп пұт құйып жатқанда, хазірет
Харун ашуланып: «Уа, халқым! Сендер осы бұзау арқылы сынаққа түстіңдер. Дегенмен əлі де
кеш емес. Өйткені Аллаһ тағаланың рақымы шексіз. Ендеше дереу тəубаға келіп, маған
бойсұнып, бұйрықтарымды бұлжытпай орындаңдар», – деді. Сонда араларынан біреуі суырылып
шығып: «Біз Мұса келгенге дейін, бұзауға табынудан əсте бас тартпаймыз» деді. Бұдан кейін
хазірет Харун оларды əр түрлі жолдармен хаққа шақырғанмен, олар бұған құлақ аспады. Тіпті
сəл болғанда өлтіруге де даяр еді. Шарасыз қалған Харун пайғамбардың хазірет Мұсаны күтуіне
тура келді
?">[301]
?">.
Күндер зулап өтіп жатты. Бір күні хазірет Мұса қолына аяттар жазылған тақтайшаларды
ұстап Тұр тауынан түсті. Хақ пайғамбар елінің алтыннан құйылған бұзау бейнесіндегі пұтқа
табынып жатқандарын көріп ашуланғаны сонша – қолындағы тақтайшаларды лақтырып жіберді.
Ол бір қолымен хазірет Харунның шашынан, енді бір қолымен сақалынан қапсырып ұстап:
«Харун! Мыналардың пұтқа табынып жатқандарын көре тұра, қалай жер басып жүргенсің?
Бұларға неге тоқтау айтпадың? Егер қолыңнан келмесе, Тұр тауына мені іздеп барып мəн-жайды
неге түсіндірмедің? Əлде сен де менің əміріме қарсы шыққың келе ме?!» – деп бұлқан-талқан
болады. Хазірет Харун:
Достарыңызбен бөлісу: