жылжымаймыз», – деп пайғамбарларына опасыздық жасады. Егер осы кезде баяғы сиқыршылар
болғанда, олардың осы опасыздықтарын ашық айтып, беттеріне түкіріп, Пайғамбарларына
қарап: «Уа, қасиетіңнен айналайын ұлы Пайғамбар!
Басқан ізіңе, сөйлеген сөзіңе, жүрген
жолыңа сен үшін қашанда жанымызды пида етуге əзірміз. Осы күнге дейін жаныңда жүріп
кəусардай сарқылмас сөздеріңе қанып, күндей жарқыраған мүбəрак жүзіңді тамашалап келдік.
Күндіз өңімізде көрсек, түнде түсімізден шыққан емессің. Əйтсе де ғажайып қасиетіңе тəнтіміз.
«Бір адам таққа қонса, қырық адам атқа қонады» деген. Сен жиһадқа шақырсаң, біз ақтық
деміміз қалғанша соғысуға бармыз.
Сенің жолыңда соғысып, шейіт болу біз үшін қол жетпес
арман. Бір кездері теңізді қақ айырып, Тұр тауын бастарына көтерсең де, иманы қоғаның
шоғындай мына елден не үміт не қайыр. Біздің санымыз аз болса да, саған еруге татимыз», – дер
еді. Алайда олар əу баста Мысыр халқына «Бұл пайғамбардың айтқаны ақиқат. Оған дəлеліміз –
оның жолында жанымыз пида», – деп, өз міндеттерін толық орындап барып шейіттік шəрбатын
ішкен болатын.
Хақ пайғамбар олардан үмітін үзген соң қолын жайып:
«Я, Раббым! Мен сөзімді өзіме жəне
бауырыма ғана өткізе аламын. Бұзақы елден арамызды ажырата гөр!»
?">
[308]
деп дұға етіп
жалбарынады.
Аллаһ
тағала оның дұғасын қабыл етіп, Исрайыл ұрпақтарын жазалап, қырық жыл бойы
«Тиһ» деген сахарада адастырып қояды. Олар күні-түні жүрсе де, сол сахарадан шыға алмайды.
Кейде түнімен жүріп отырып, таңертең қарағанда, батыс емес шығысқа қарай, шығысқа қарай
жүрсе,
батысқа қарай бұрылып, адасып, сол сахарадан жол таба алмай, қырық жыл сандалады.
Осы қырық жыл ішінде хазірет Мұса сол елдің жаңа туған сəбилерін өзі тəрбиелейді. Бірақ оның
қасиетті жерге бастап баруға өмірі жетпей оның ісін Юша жалғастырады. «Елу жылда ел жаңа,
жүз жылда қазан жаңа» дегендей, иманы аса мықты, перғауынның қиыншылығын да, сахарада
дүниенің лəззатын да көрмеген, тек Хақ тағаланы ғана ойлап күн кешкен, жүз мыңдаған жауға
жалғыз өзі шапқанда «селт»
етіп сескенбейтін, өлімді мəңгілік бақытқа, Хақ тағалаға қауышу
деп айқын сенетін сол бір қырыққа келіп қыннан шыққан қылыштай жарқылдаған жігіттер
Юшаның бастауымен көп ұзамай қасиетті жерлерді басып алады. Мұсаның (а.с.) Юшаға аманат
етіп кеткен өсиетін орындайды.
Ал хазірет Мұса пайғамбар сол күндерді көре алған жоқ. Бірде ол бір төбенің басына шығып
талай жыл армандаған қасиетті жерлерге қасіретке толы сағынышпен ақырғы рет көз тастап
ұзақ қарады. Өйткені ажалы жақын еді. Бауыры Харун пайғамбар да бұдан бір жыл бұрын
қайтыс болған. Енді, міне, мұның да ақыретке көшер сəті əні-міне дегенше келіп те қалған.
Мүмкін ол осы кезде «міндетімді толық орындай алдым ба?» деп ойланған да болар. Əйтсе де
Хақ пайғамбар өзіне тиесілі міндетін толықтай орындады. Одан кейінгісін орынбасары Юша
жалғастыруы тиіс еді.
Кейбір деректерде хазірет Мұса жалғыз өзі сахарада жүрген
кезінде қайтыс болып, оның
жаназасын періштелер шығарып жерлегені туралы айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: