Сүлеймен патшаның жер қайыстырған қалың қолы келе жатыр.
Егер сендер тезірек
жасырынбасаңдар, олар езіп жаншып өте шығады. Қанеки, тездетіңдер!» – деп дауыстайды.
Хазірет Сүлеймен жан-жануарлардың тілін түсіне алатын. Ол құмырсқаның сөзін есітіп
күлімсіреді де:
«Раббым, маған жəне əке-шешеме рақым еткен нығметтеріңе шүкір етуімді
əрі өзің разы болатын іс істеуімді нəсіп ет те өз рақымыңмен салихалы құлдарыңның арасына
қоса гөр!»
[328]
деп дұға етіп шүкіршілік білдіреді.
Əрі қарай сапарын жалғастырған Сүлеймен патша түске қарай Санға деген жерге келді. Ол
жер қатты ұнағандықтан, сонда түстенбекші болды. Алайда су таба алмады. Сүлеймен патшаның
əскерінің ішіндегі Һұдһұд деген құсқа шөл далада су табу міндеті жүктелді. Ол су тапқан кезде,
сол жерді айналып ұшып жүріп алатын. Осы жолы ол ұшып жүріп өзіне ұқсас бір құсты көріп
қасына қона кетеді. Екеуі бір сəт шықылықтап тұрды да, жұптасып бір жаққа ұша жөнеледі. Сол
уақытта Сүлеймен патша Һұдһұдқа тапсырма бермек болып жан-жағына қарайды да, көзіне
түспеген соң: «Əлгі һұдһұд қайда кеткен? Егер ол жоқ болса, əскер сусыз қалады. Ол рұқсатсыз
кетіп əскери тəртіпті бұзғаны үшін қатаң жазаланады. Егер өзінің іс-əрекеті дұрыс деп
ойлайтын болса, маған айқын дəлелдерін алып келсін. Əйтпесе
оны менің қолымнан ешкім
құтқара алмайды!» – деп ашу шақырады. Көп кешікпей Һұдһұд та келіп: «Уа, патшам! Мен сен
білмеген бір нəрсені біліп келіп отырмын. Пəлен деген жерде Сəбə деген ел бар екен. Олардың
падишасы əйел екен. Онда дүниенің түр-түрі бар. Тіпті өзінің үлкен тағы да бар көрінеді. Сөйте
тұра өзінің де, халқының да, күнге табынып жатқандарын өз көзіммен көрдім. Əзəзіл
оларды
осал жерлерінен ұстап, шірк істердің барлығын керемет қып көрсетіп, жолдан тайдырыпты.
Олар
осы бетімен кете берсе, тура жолды мүлде таба алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: