Зəкəрияның (а.с.) есімі Құранда сегіз мəрте
кездеседі
[349]
. Зəкəрия пайғамбарды
тарихшылар хазірет Сүлейменнің ұрпағынан тараған деп айтады. Ол хазірет Иса дүниеге келмей
тұрып, Исрайыл ұрпақтарына пайғамбар етіп жіберілді. Зəкəрия Исрайыл халқын Хақ тағалаға
ғана құлшылық етуге, шақырды. Ол пайғамбарлықпен келген кезде, ел азғындап,
адамгершіліктен айрылған болатын. Пайғамбарға да, дінге де қырын қарай бастады. Исрайыл
халқының дүниенің соңына түскені сонша – бара-бара Аллаһ тағаланы да, ақыретті де ұмытты.
Дінге қарсы аянбай тер төгетін күйге түскен еді. Олар дінге емес шайтанның азғыруына құлақ
түрді. Нəпсінің құлақкесті құлына айналды.
Мұнымен ғана шектеліп қалмай, елдегі
пайғамбарларға, салиқалы, тақуа кісілерге өлердей өшігіп, тіпті соларды құрту жолында қан
төгуден аянбайтын еді
[350]
.
Хақ пайғамбар ұзақ жылдар бойы олардың күнə жасауына бөгет болып, хақ дінге шақырып,
туралықты насихаттады. Алайда олар оның сөзіне құлақ аспады. Хақ пайғамбар олардан
қартайғанша озбырлық көрді. Қартайып самайына ақ түскен шақта да «Мен өлген соң Исрайыл
ұрпақтарының күні не болар екен» деп уайымға қатты беріледі.
Өйткені елдің байлары мен
көсемдері халықты азғырудың сан түрлі айласын күннен-күнге дамытып жатқан еді. Осы кезде
ол Жаратқанға қол жайып өзінен кейін пайғамбарлық мұраға ие болып, дін-дағуасын
жалғастыратын бір ұл нəсіп етуін тіледі. Өзінің осы уақытқа дейін ешбір баласы болмаған еді.
Сондықтан оның ұл тілеу себебі тек дін ісін жалғастырса екен деген арманнан туған кіршіксіз
тілек еді.
Құранда:
«Зəкəрияны да есіңе ал! Раббына: «Раббым! Мені жалғыз қалдырма. Сен ең
жақсы мұрагерсің!» – деп жалбарынды. Сонда оның тілегін қабыл етіп, Яхияны бердік. Əрі
жұбайын жасарттық. Өйткені бұлар жақсылықтарға ұмтылады. Бізден үміт пен үрей
арасында тілейді де, бізден қатты қорқады»
[351]
, – дейді.
Хазірет Зəкəрияның Исрайыл ұрпағына пайғамбар етіп жіберілуі хазірет Исаның дүниеге
келуіне жақын қалғандығын жария ету болатын. Иса пайғамбар (а.с.) Исрайыл ұрпағына
жіберілген ақырғы елші еді. Сондықтан Аллаһ тағала оларға
оның алдында екі бірдей
пайғамбарды жіберді: Зəкəрия жəне оның баласы Яхия (а.с.).
Зəкəрияның (а.с.) өзіне үмітпен ұрпақ тілеуі былай болды. Дүниеге əкелмей жатып хазірет
Мəриямды анасының дін жолына бағыштағаны белгілі. Енді толысып келе жатқан шағында
мінəжатханаға барған хазірет Мəриям жеке бөлмеде жалғыз өзі құлшылық жасаумен
шұғылданатын. Оған Зəкəрия (а.с.) ғана қамқорлық танытып жүретін. Хазірет Мəриям сол
күндердің өзінде айтса нанғысыз қасиеттерге ие болған. Зəкəрия пайғамбар оның бөлмесіне
кіргенде, қыс күндері жаздың жемістері, жаз күндері қыстың жемістері пісіп тұратынын көріп
қатты таңырқап: «Бұлар қайдан келді?» – деп сұрағанда, қаршадай қыздан: «Бұл Аллаһтан, Ол
қалаған пендесіне қалағанынша береді», – деген жауап еститін.
Содан бастап Хақ тағаланың
құдіретінің шексіздігіне үміт артқан хазірет Зəкəрия өзінің қарттығын ойлап үмітсіздікке
салынғанның жөн еместігін түсініп былай деп ұрпақ тілей бастаған:
«Раббым! Буыным босап,
шашым ағарды. Дегенмен тілегім босқа кетпеген екен», – деді. «Шынында, мен өзімнен кейінгі
жақындарымнан (мұрагер бола алмайды деп) қорқамын. Сондай-ақ жұбайым қартайды. Сонда
да маған бір мұрагер бере гөр! Ол маған да əрі Жақып ұрпағына да мұрагер болсын. Раббым,
оны ризалығыңа бөле!»
[352]
.
Аллаһ тағала оның осы ықыласпен жасаған дұғасын бірден қабыл етіп, Жəбірейіл періштені
жіберіп сүйінші хабар береді. Жəбірейіл періште келген кезде, Хақ пайғамбар құлшылық етіп
отырған болатын. Періште оған көп кешікпей Яхия атты бір ұлды болатындығын жеткізеді.
Хазірет Зəкəрия дұға етіп бола сала, бұл сүйінші хабарды естігенде, қатты таңырқап
«Менде
қалай бала болады? Өйткені жұбайым бала туатын жастан əлдеқашан өтіп кеткен. Ал өзім
күшім қайтып, қартайған қариямын»
[353]
дейді.
Бұл жерде хазірет Зəкəрия күмəнданып тұрған жоқ. Қайта Хақ тағаланың құдіретінің
шексіздігіне таңданып, иманының арта түскенін білдірген еді. Жəбірейіл
періште оған Хақ
тағаланың құдіретінде шек жоқтығын айтты. Хазірет Зəкəрия Аллаһтан əйелінің қалай жүкті
болатындығына қатысты бір белгі сұрады. Жаратқан Ие оған белгі ретінде адамдармен үш күн
бойы сөйлесе алмайтындығын айтты.
Көп өткен жоқ бір күні хазірет Зəкəрия аяқ астынан сөйлеуден қалды. Ол айтқысы келген
нəрсесін тек ыммен ғана жеткізе білді. Сол күні таңертең бөлмесінен шығып еліне қарап:
«Ертелі-кеш Аллаһты дəріптеңдер!» – деп ишарат жасады
[354]
.
Күн мен ай бір пайғамбардың туылуына асыққандай бір-бірімен жарыса зулап өтіп жатты.
Айы-күні толғанда, хазірет Зəкəрияның қасиетті шаңырағында «шыр» еткен баланың дауысы
естілді. Кейбір деректерде Яхия пайғамбар хазірет Исадан үш ай яки үш жыл бұрын дүниеге
келгендігі айтылады.
Хазірет Яхия бала күнінен салиқалы, парасатты болып өсті. Ол балиғат жасына толғанда,
Хақ тағала оған Тəуратты үйретті, оны терең меңгеруге əмір етті. Ол Тəуратты тез үйреніп, сол
бойынша
амал етіп, кейде сахараға кетіп, сол жерде Хақ тағалаға жалғыз өзі құлшылық жасай
бастады. Өзі жас бола тұра Тəураттан үкім шығарып, халыққа уағыз айтып, кейбір мəселелерге
қатысты пəтуа беріп отырды. Кейіннен оған пайғамбарлық беріліп, Тəуратпен де, кейінгі түскен
Інжілмен де амал етті.
Құранда хазірет Яхияның ерекшеліктері туралы берген мəліметтер мыналар:
Хақ тағаладан рақым мен шапағат беріліп, күнəлардан ада болды;
Əрдайым ата-анасына ізгілік жасап, оларға əсте қарсы келмеді;
Дүниеге «шыр» етіп келген һəм өлген сəтте де, ақыретте қайта тірілген сəтте де Хақ
тағаладан амандық берілді;
Ол асқан тақуа, құлшылық жəне ілім, сонымен қатар, дін істерінде
өз заманының теңдесіз
биік тұлғаларының бірі болды;
Бел қуаты күшті бола тұра, нəпсісінің тізгінін ұстай білді;
Хазірет Исаның пайғамбарлығын растап, оған көмектесті.
Əкелі балалы қос пайғамбар Исрайыл ұрпақтарынан шығатын ақырғы пайғамбарды қарсы
алуға дайындық жасап, ол пайғамбар болып келген кезде көмекшілері болатын еді. Бірақ осы
қос пайғамбар да Исрайыл ұрпақтарының қолынан шейіт болады. Осы арада олардың Исраил
ұрпақтарының қолынан қалай шейіт болғанын айта кету керек.
Хазірет Мəриям бір күні ешқандай еркек кіндікке жоламай-ақ Хақ тағаланың құдіретімен
көтерген баласын алып еліне келгенде
халық шуылдап ортаға алып, «бұл бала кімнен туған?»
деп, өсекке таңа бастайды. Сонда құндақтағы сəби Исаға тіл бітіп, өзінің əкесіз дүниеге
келгендігін білдіреді. Осыған халық əу баста сеніп тарқағанмен, кейіннен: «Мұның əкесі сенсің.
Біз саған ғана сеніп тапсырған болатынбыз», – деп хазірет Зəкəрияға жала жауып, күндердің
күні тобыр халық өз пайғамбарларын шейіт етеді.
Хазірет Яхия да көп ұзамай əкесінің кебін киеді. Бірде Исрайыл ұрпағының көсемдерінің
бірі жақын туысының қызына құмартып, сол қызды əйелдікке алмақ болады. Оның некесін
қиюға хазірет Яхияны шақырады. Алайда хазірет Яхия туысына үйлену
харам екендігін айтып,
үйленуіне рұқсат бермейді. Оның осы сөзіне қатты ашуланған исрайылдықтар кек сақтайды. Сол
кек ұлғайып, соңы Яхия пайғамбардың басын кесіп, шейіт етумен бітеді.