Кейбір деректерде бұның қыс кезінде болғаны айтылады. Ол толғаққа шыдай алмай қураған
құрма ағашынан ұстай алған кезде əлгі ағаш бірден көгеріп əп-сəтте жеміс бере кетеді. Бұл
керемет Хақ тағаланың оған деген демеуі мен жəрдемі еді.
Бала дүниеге келгенде, Жəбірейіл періште оған дауыстап: «Уайымдама! Раббың астыңнан
бір бұлақ жаратты. Құрманың бұтағын өзіңе қарай сілкіле. Саған жас құрма түседі», – дейді.
«Ей, Мəриям! Сол құрмадан жеп, судан іш. Көз айым бол. Сосын балаңды алып, ел
ішіне
барғаныңда, сені көрген халық қаумалап мына халіңді түсіндір деп сұрай қалса, оларға;
«Рақымды Аллаһ үшін бүгін ораза ұстадым. Сол себепті бүгін ешбір адаммен тілдеспеймін» деп
айт», – дейді. Бұл жерде оның ұстаған нəзір оразасы – үнсіздік оразасы. Сол заманда осындай
оразаның түрі болған. Осылай ауыз бекіткен адам əсте біреуге аузын ашып, тіл қатпайды. Бар-
жоғы айтқысы келген нəрсесін ыммен жеткізеді
[359]
.
Хазірет Мəриям жаңа туған сəбиін құндақтап, құшағына алып, ел ішіне қарай жолға шығады.
Ол жасынан тақуалығымен танылған қыз болатын. Мəриям қыздың əрбір іс-əрекеті мен қылығы
ел ішіне аңыздай тарайтын. Енді міне, сол бойжеткен қыз сəбиін көтерген күйі, өздеріне бет
алып келеді. Қала халқы оны көрген кезде, беттерін кезек-кезек шымшып, көздерімен ішіп-жеп
бара жатты. Ақырында бəрі оны қаумалап алып: «Ей, Мəриям! Бұл қылығың қалай? Сен туралы
ел аузында жүрген өсекке сенбей жүр едік. Бұл не масқара?» – десе, енді бірі: «Əй, Харунның
қарындасы! Көзі тірісінде əкеңнің жаман қылығын көрмеп едік.
Марқұм тірі жанға қиянат
жасапты дегенді естімеген едік. Байғұс шешеңнің де ешқандай жамандығы жоқ болатын. Сонда
сен кімге тартып мұндай арсыздыққа барып жүрсің? Біз сені мінəжатханада күндіз-түні
құлшылық қылып, бала болып ойнап көрмеген, бойжеткенде ер кісінің жүзін көрмеген тақуа
қыз деп мақтан тұтушы едік. Мына ісіңді бізге қалай түсіндірмексің?!» деп шулай кетеді. Олар
аузына келгенін айтып кінəлаған кезде, ол үнсіз тұра берді. Бір кезде халық көп жиналып, бұған
қарсы дөрекі сөздер айта бастағанда хазірет Мəриям өзінің аузын бекіткенін сондықтан сөйлей
алмайтындығын, ал олардың сұрақтарына құшағындағы сəби баланың жауап беретінін меңзеп
балаға ишарат етеді. Бірін-бірі ентелеп, Мариямды қаумалап тұрған халық: «Əй, мына қыз не
деп тұр өзі! Есінен ауып қалған ба? О заман да, бұ заман құндақтағы жаңа туған сəбидің
сөйлегенін кім естіген! Бұл қыз жамандық істегенімен қоймай бізді мазақ еткісі келіп тұр ма?!»
– деп даурыға бастайды. «Ал, қане, Мəриям, айта қойшы, бұл сəбимен қалай сөйлесеміз?» дейді
оған қарап. Сол сəтте ана құшағындағы сəбиге тіл бітіп:
«Рас, мен Аллаһ тағаланың құлымын.
Маған кітап беріп, пайғамбар етті. Сондай-ақ қайда болсам да құтты етті де, тіршілігім
бойынша намазды, зекетті орындауға бұйырды. Мені шешеме мейірімді етіп, бір зорекер жəне
қиқар қылмады. Маған туылған күнімде, өлер шағымда жəне тірілтілетін күнімде амандық
болады»
[360]
, – дейді.
Сəби Иса «Мен Аллаһтың құлымын» деп бастайды. Бұл сөз – яһуди мен христиандарға
берілген жауап. Өйткені кейін христиандар оны «тəңір» деп танып кетті. Һəм анасының
мейірімді жəне оған құрмет етемін деуі арқылы оның бейкүнəлығын жəне орнының қашанда
биік екендігін білдіреді.
Хазірет Мəриям Құдыста көп тұрмады. Өйткені бұл баланың əкесі Зəкəрия деп жала жауып,
оны шейіт еткен болатын. Осыдан кейін олар хазірет Мəриямға да жамандық жасауға жоспар
құрып жүрген еді. Ол Аллаһтың əмірімен баласын алып жоғары аймаққа кетті. Ол жердің шөбі
шүйгін,
жемісі мол, суы кəусар, ауасы ғажап еді. Кейбір деректерде оның Мысырға кеткенін
айтады. Бұл жерде ол он екі жыл тұрған соң Құдысқа оралып, Насыра аулына орналасты. Хазірет
Иса отызға келгенге дейін осы жерде тұрды. Отызға толғанда, оған пайғамбарлық міндеті
жүктеліп, Исрайыл ұрпағына жіберілді.
Ол алғашқы кезде өзінің пайғамбар ретінде жіберілгенін жəне Раббысынан бір хикметпен
келгенін, сол себепті Аллаһтан қорқып өзіне бағыну қажеттілігін алға тартып, халықты дінге
шақырады.
Аллаһ тағала елшісіне көптеген мұғжизалар берді. Негізі,
оның өмірге келуі де көкке
көтерілуі де, мұғжиза еді. Оның мұғжизаларын жалпы үшке бөліп қарауға болады.
Балшықтан құс жасап, оны үрлеп, сосын оған Аллаһтың рұрсатымен жан беретін.
Хазірет Иса заманында медицина өте қатты дамыған еді. Иса пайғамбар сол дамыған
медицинаның шамасы келмейтін науқастарға шипа дарытты. Əсіресе, зағип жандардың көзін
емдеп, шырадай жандырды. Алапестерді емдеп жазатын. Бұдан басқа жүздеген адам келіп, сол
арқылы Хақтан шипа табатын. Осының ең жоғары түрі өлген адамды қайта тірілтуі еді.
Адамдарға ғайыптан хабар беретін. Ол адамдардың ішкен жегендерін жəне жинаған
нəрселері туралы көзбен көріп тұрғандай айтатын.
Хазірет Иса исрайылдықтарды өзіне бағынуға шақырып, өзінің Тəуратты да растайтынын,
бірақ Елші-расул болып жаңа шариғатпен келгендіктен, Тəураттың кейбір заңдарын өзгертетінін
халыққа жеткізеді.
Сондай-ақ ол Исрайыл халқына:
«Уа, Исрайыл халқы! Мені де сендерді де жаратқан
Раббымыз – Аллаһ тағалаға құлшылық қылыңдар»
[361]
, – деп тəухидке шақырады.
Інжіл
Аллаһ тағала Исрайыл халқының арасына жіберген соңғы елші Исаға Інжілді түсірді. Құран
осы Інжілдің бес түрлі ерекшелігін айтады:
Һидаят-тура жол болуы. Сол заманда Исрайыл ұрпағы арасында
ақида-сенімі бұзылғандар
көп болатын. Міне, Інжіл кітабы осы сенімнің негізгі тіректерін баяндайды.
Інжілдің нұр болуы. Адамдарды бақытқа жеткізуге арқау болғандықтан ол кітап тұтастай
нұр болатын.
Тəуратты растауы.
Інжілдің хазірет Мұхаммедтің (с.а.с) келетіні туралы сүйінші хабар беруі.
Інжілдің тақуаларға насихатшы болуы. Інжілде көптеген насихаттар мен өнегелер бар.
Сөйтсе де Інжілді адамдар өз қалауына қарай өзгертіп, бұрмалаушылықтарға жол берген.
Достарыңызбен бөлісу: