Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет80/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

Эфиопияға қоныс аудару
615 жылы бір топ мұсылман дінді қорғау мақсатында Аллаһ елшісінен (с.а.с.) рұқсат алып
Хабашистанға (Эфиопия) көшті. Меккеліктердің Эфиопиямен сауда қатынасы жолға
қойылғандықтан, ол жақтың жағдайларына қанық болатын. Əрі Эфиопия патшасы əділдігімен
танылған кісі еді. Алғашқы көшкендердің саны он бес адам болатын, бесеуі əйел еді. Арасында
Пайғамбарымыздың қызы Руқия мен күйеу баласы Осман ибн Аффан да (р.а.) бар.
Келесі жылы Эфиопияға мұсылмандардың екінші легі аттанды. Алғашқыларға қарағанда
олардың қарасы көп болатын. Нақтырақ айтқанда, сексен екі ер кісі жəне он əйел.
Бірақ, мүшріктер оларға Эфиопияда да тыныштық бермеді. Құрайыштықтар Эфиопия
патшасына сый-сыяпат ұсынып, мұсылмандарды кері қайтаруды талап етті.
Эфиопия патшасы мұсылмандарды өзіне шақыртып, Жағфар ибн Əбу Тəліптен жағдайды
түсіндіруін сұрайды. Жағдайға қаныққан соң, пана іздеп келген адамдарға опасыздық жасай
алмаймын деп Құрайыш елшілерін кері қайтарды.
Мекке мүшріктері Пайғамбарымызды қорғаштап жүрген Əбу Тəліпке бірнеше рет келіп:
«Жиенің халықты дінге шақыруын қойсын немесе сен оны қорғаудан бас тарт» деп талап ететін.
Əбу Тəліп Аллаһ елшісін өзіне шақыртып, құрайыштардың қандай талап қойғандығын
білдіреді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) көз шарасы жасқа толып: «Олар менің оң қолыма – Күнді, сол


қолыма – Айды ұстатса да мен бұдан бас тарта алмаймын» деп жауап қатты
[389]
.
Пайғамбарымыздан (с.а.с.) мұндай жауапты естіген құрайыштықтар Дарун-Нəдуада
[390]
 бас
қосады. Олар пайғамбардың көзі жойылмайынша, бұл істен бас тартпайтынын, сондықтан оны
өлтірген адамның алдына жүз түйе салып беретін болып уағдаласады. Мұндай қомақты сый
тігілгеніне қарамастан пайғамбардың көзін жоюға ешкімнің жүрегі дауламайды. Тек Омар ибн
Хаттаб қана «бұл істі өзім жайғаймын» деп орнынан сілкіне тұрады.
Омар қолына қаруын алып, Пайғамбарымызды (с.а.с.) өлтіруге бара жатып, қарындасы
Фатима мен күйеу баласы Саид ибн Зəйдтің мұсылман болғанын естиді. Естиді де, əуелі өзінің
туыстарын өлтіру үшін кері бұрылады. Дəл осы кезде əпкесінің отбасы «Таһа» сүресінің
алғашқы аяттарын оқып жатқан еді. Олар ағасын көрген сəтте Құран аяттарын жасырмақ
болады. Бірақ жасырып үлгермейді. Алғашында ашуы алқымына тығылып, күйеу баласына қол
көтереді. Ара түскен қарындасын да қалпақтай ұшырады. Дегенмен олардың алған бетінен
қайтпайтынына көз жеткізеді. Құран парақтарын қолына алып оқиды. Құранды оқыған кезде
бойын ерекше бір сезім билеп, қатты толқиды. Артынша тілін кəлимаға келтіргенді жөн
санайды. Осыдан кейін ол Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп өзінің мұсылмандықты
қабылдағандығын айтады
[391]
.
Сол күні алғаш рет Қағбада Пайғамбарымыздың өзі бас болып жамағатқа намаз оқытты. Бұл
мүмкіндік хижретке дейін тумады.
Омардың (р.а.) мұсылман болуы мұсылмандардың рухын бір көтеріп тастады. Өздерін еркін
сезініп, батыл қимылдайтын болды. Алайда, мүшріктер өздерінің жеңіске жететініне əлі де
болса сенімді еді.
Омардың (р.а.) мұсылман болуы туралы əрі Бəйтуллаһта (Аллаһтың үйі қасиетті Қағбада)
жамағатпен намаз оқылды деген хабарды Эфиопиядағы мұсылмандар басқаша түсініп қалды.
Осыған байланысты кіндік қаны тамған жерлерін аңсаған Эфиопиядағы мұсылмандар Меккеге
қайтып оралудың сəті туды деп біліп, еліне оралады. Алайда, Меккеде бəз баяғыша
мүшріктердің дəурені жүріп тұрған болатын. Оралғандардың бір бөлігі кейбір дəулетті
мүшріктердің қорғауымен Меккеге кірсе, екінші бір бөлігі жасырынып қалаға түнде кіруге
мəжбүр болды. Шаһарға түн жамылып кірген мұсылмандар Меккедегі жағдайдың
өзгермегендігіне көздері жетті. Соққыға жығылды. Бірақ бəрібір Меккеден кеткілері келмеді.
Осы аралықтарда Мекке мүшріктері жиналып келіп Аллаһ елшісінен аспандағы айды қақ
екіге бөлетін мұғжиза көрсетуін талап етті. Мақсаттары – оны тұқыртып, елдің алдында
абыройын айрандай төгеді. Мүшріктердің пиғылын сезсе де Пайғамбарымыз олардың бұл
орынсыз талабын: – Егер мен сендерге сол мұғизаны көрсетсем, иманға келесіңдер ме? – дейтін
шартпен орындауды жөн көреді. Олар келісетіндіктерін білдіреді. Пайғамбарымыз Аллаһқа
сиынып, сұқ саусағымен түнгі аспанға ишарат жасауы мұң екен, жиналған халықтың көзінше ай
қақ екіге бөлінді. Тіпті бір бөлігі Əбу Қуайыс, екіншісі Қуайқыян қырқасына барып қонды. Бұл
ғажап мұғжиза Ислам тарихында «Шаққы қамар» (айдың бөлінуі) деген атпен қалды. Алайда,
өкініштісі, мүшріктер бұны да сиқырға балап, ақиқатты көрсе де көрмегенсіп, теріс
айналды
[392]
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет