жасайтын кəміл тұлғалар жетілдірді.
Құраннан қуат алып кіршіксіз тақуа ғұмыр кешкен адамзаттың асылы Пайғамбарымыз
соңына дүниелік мирас қалдырмағанымен ақырзаманға дейін күллі адамзатты бақытқа
жетелейтін мол рухани мұра қалдырды. Ол – ұлы Ислам діні.
Бұны өсиеттерінің бірінде
«Сіздерге екі нəрсе қалдырып бара жатырмын. Жақсы ұстанатын болсаңыздар адаспайсыздар.
Бірі – Құран, екіншісі – сүннетім»
[425]
деген еді.
Осылайша Аллаһ тағаланың адам баласына жіберген барша пайғамбарлардың соңғысы əрі
адамзаттың асыл тəжі болған хазірет Мұхаммед (с.а.с.) өзінің Ұлы Досына мəңгілікке сапар
шекті. Мүбəрак денесі Мəдина Мұнаууарада жер қойнына тапсырылды.
Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен барша сахабаларына салауат айтып, сəлем жолдаймыз!
Достарыңызбен бөлісу: