Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссисы тарапынан мақұлданған



Pdf көрінісі
бет15/65
Дата23.01.2023
өлшемі0,67 Mb.
#62449
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
29



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
нәрсеге таң қалғанда қолын бүгіп қалатын. Кейде бір 
нәрсені айтып жатқанда екі алақанын бір-біріне соғатын. 
Әзілдеген кезде алдына тіке қарап, кірпігін төмен 
түсіретін. Сирек күлетін, көбінесе күлімсірейтін» - деп 
жауап берді.
51
Кейбір риуаяттарға (нақыл сөздер) қарағанда 
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
ешқашан қарқылдап күлмеген.
Пайғамбарымыз ашулы кезінде де, жайбарақат 
кезінде де әрқашан хақты (шындықты) айтатын. 
Жақсы сөйлейтін және сөзі шашырап жатқандарға 
ілтипат көрсетпейтін. Айтпақ ойын және түсіндіретін 
кейбір мәселелерді астарлап айтатын. Ол үнсіз қалғанда 
ғана сахабалары сөз алатын.
2. Отыру әдебі
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
тізе бүгіп отырудан басқа молдас құрып, «құрфуса» 
және «ихтиба» әдісі бойынша отыратын. «Құрфуса» 
дегеніміз - құйрықты жерге қойып, тізелерді 
көтеріп қарынға түйістіргеннен кейін екі аяқты қолмен 
құшақтап отыру түрі. Пайғамбарымыз (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) көбінесе осылай отыруды жөн 
көретін. «Ихтиба» - киімді желбегей жамылып, 
белдік, бөтес сияқты нәрселермен арқа мен тізені орап, 
жиналып отыру түрі. Бұл отыру құрфусаға ұқсайды. 
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
отырған кезінде шапанымен аяқтарын, тізелерін жауып, 
51. Шәмәйлул-Мухаммәдииә, 166


30



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
қолымен үсті-басын түзеп қоятын. Негізінде, Ол осы 
үш түрде отыратын. Жерді тарылтып, біреуге қиындық 
келтірмеу үшін көсіліп отырмайтын. Негізінде 
құбылаға қарап отыратын. Жанына келіп отырған 
қонақтарға арқасындағы тонын төсеп беретін. Кейде 
қонақтарына өз көпшігін де беретін. Қолдарын артына 
сүйеп, шалқайып отырмайтын, осылай отырмауларын 
сахабаларына да ескертетін.
3. Жолда жүруі
Аллаһ Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
жолда жүргенде жан-жағына қарамай, өрден түсіп 
келе жатқандай жеңіл әрі шапшаң жүретін. Жүргенде 
қадамын қысқа басатын, бірақ жылдам жүретін. 
Жерді аяғының ұшымен емес толық басатын. 
Қадамын нық басып, денесін мықты ұстайтын. Жүргенде 
дене мүшелері тең қозғалатын. Жылдам жүретін. 
Сондықтан жанында жүргендердің көбі қалып қоятын 
немесе зорға ілесіп, қатар жүретін.
Жолда жан-жағына қарамай жүретін. Бір нәрсеге 
немесе бір жаққа қарау керек болса, бүкіл денесімен 
бұрылатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет