"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
33
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
Саусақтарын жалап
тазаламастан бұрын қолын
майлықпен сүртпейтін. Тамақтың соңында игілік
берген Аллаһ Тағалаға шүкірлік етіп, қолдарын жуатын.
Су ішерде үш реттен ішкенге зер салатын. Әр-
қайсысын бисмилләмен бастап, хамд (мадақ)
айтып
шүкірлікпен бітіретін.
57
Көпшілік арасында су немесе сүт ішкеннен кейін
ыдысты оң жағындағы адамға беріп, оның одан әрі
жалғасуын өтініп, сол жерде болған әр адамның ауыз
тиюін қалайтын. Ішкен ыдысына үрлемейтін және
ішіне демін шығармайтын. Ыдысты алыстатқаннан
кейін ғана дем алып немесе дем шығаратын.
58
Үй ішінде жас
қыздың ұялшақтығынан да аса
ыңғайсызданып жүретін. Тамақты тек дастархан
жайылғанда ғана отырып ішіп-жейтін. Ол тағамын өзі
дайындаған кездері де болатын.
59
Өте тойып жемейтін және мұсылмандардың
тамақты көп жеуін ұнатпайтын.
Бұл жайында былай
дейді:
«Адам баласы өз қарнынан басқа жаман бір ыды-
сты толтырмаған. Адамзатқа белін тіктей ұстап
жүре алуға жететін бірнеше жұтым да жетеді. Егер
адам баласы нәпсісін тыя алмайтын болса, қарнының
үштен бірін тамаққа, үштен бірін сусын-суға, ал, қалған
үштен бірін дем алуға бөлсін».
60
57. С.к., ІІ, 371, Табаранидан.
58. С.к., II. 371.
59. С.к., II. 371.
60. Ибн Мәжә, Атимә, 50