51
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
А. ғИбАДАТТАры
Аллаһ Тағаланың тәрбиесін алған және әрқашан
Оның бақылауында болған аса абыройлы Пайғам-
бар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үнемі бір ғибадат
күйінде жүретін. Әрдайым Оның айтқандарына
сәйкес, ризалығына лайық істермен айналысатын.
Соңғы демі шыққанша Аллаһқа
деген құлшылық-
ғибадаттардың қалай орындалатынын іс жүзінде
көрсетіп, үйретіп кетті.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
ғибадат етуді жаратылысынан жақсы көретін және
нұрлы қабақ пен көңіл қуанышына ғибадаттың
арқасында жететін. Тіпті,
Пайғамбар болмастан
бұрын Мекке маңындағы Хира үңгірінде жалғыз қалып,
біраз уақыт ғибадат қылған еді.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәл-
ләм) өмірінде барлық рухани жан-дүниесімен
ғибадаттан үлкен ләззат пен қуаныш алатын. На-
маз оқып отырғанда оның кеудесінен бұрқ-сарқ етіп
қайнап жатқан қазанның дыбысына ұқсас тебіренуге
және толқуға толы үндер естілетін. Түні бойы азанға
дейін намаз оқығандықтан аяқтары ісіп кететін. Түнде
тәһәжжүд намазын оқу Ол үшін уәжіп еді. Өйткені,
Құранда:
«Түнде тұрып өзіңе ғана арналған
52
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
тәһәжжүд намазын оқы!» - делінген.
86
Тәһәжжүд намазынан кейін біраз тынығып ала-
тын да, таңғы азанмен қайта оянатын. Сүннет пен нәпіл
намаздарын парыз болған намаздарға қарағанда тез
оқитын, ал парыз болған намаздарда Құранның ұзақ
сүрелерін оқитын. Бесін мен екінті намаздарында
таң намазында оқыған сүрелерінен қысқа сүрелер
оқитын. Соның өзінде бесін намазының алғашқы
рәкағатында отыз, екінші рәкағатында он бес, неме-
се жиырма, ал екінті намазында он
бес аяттан оқыған
кездері болған еді.
Тәһәжжүд намазынан бөлек духа намазы мен үтір на-
мазы да Ол үшін уәжіп еді.
87
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
салмақты әрі байсалды еді. Ғибадат пен зүһдтік
өмірде де астамшылықтан сақтанып, басқаларды
да сақтандырып жүретін еді.
Әнәс бин Маликтің
(радиаллаһу анһу) риуаяты бойынша мынадай
оқиға айтылады. Үш кісі бір күні Пайғамбары-
мыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ғибадаттары
жайлы
білгілері келіп, әйелдеріне барады. Әйелдері
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
ғибадат өмірі жайлы айтып бергенде,
олар бұл
айтылғандарды азсынып: «Әрине, Ол – пайғамбар,
Оның өткен-кеткен бүкіл күнәлары кешірілген.
Біз Ол сияқты бола алмаймыз», - дейді. Іштерінен
86. Исра сүресі, 79-аят.
87. Ахмед бин Ханбәл. I, 231.