Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссисы тарапынан мақұлданған



Pdf көрінісі
бет35/65
Дата23.01.2023
өлшемі0,67 Mb.
#62449
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65
Байланысты:
күнделікті іс-әрекеттері

"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
63



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
Ибн Мәсғуд (радиаллаһу анһу) айтады: «Бір күні 
Расулұллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
бөлмесіне кірдім. Алашаның үстіне ұйықтапты. Ал 
алаша Оның киелі денесіне батып, із қалдырған. 
Мен: «Ей, Расулұллаһ! Алашаның үстіне бір нәрсе 
салайық па?» - дедім. Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм):
«Дүние мені қызықтырмайды. Дүние мен менің мы-
салым бір ағаштың астында біраз уақыт демалған 
соң, ол жерді тастап кететін жолаушы сияқты», - деп 
бұйырды.
110
Хазіреті Мұхаммедтің (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) «мектебі» - зүһд пен қанағат мектебі. Ол мек-
тепте күніне бір дирхам (күміс ақша) жұмсап, Аллаһты 
және Оның құлдарын барынша қуантып, қала мен 
мемлекет басқаратын үлкен басшы, әкімдерді, әрі әулие 
құлдарды тәрбиелеген.
Ибн Хишамның Зәйд бин Асләмнан (радиал-
лаһу анһу) алған риуаятына қарағанда, Аллаһ Расулі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Үсәйд ұлы Аттабты 
(радиаллаһу анһу) Меккенің ә к і м і етіп тағайындап, 
айлыққа күніне бір дирхем берген.
Жаңа әкім халыққа құтба оқып, былай дейді:
Ей, адамдар! Аллаһ біреудің мұқтажын толықтыр-
ды. Расулұллаһ маған күніне бір дирхам береді. Мен 
біреудің сыйлығына (көмегіне) мұқтаж емеспін».
Бұл сөз бізге бір дирхаммен, яғни ең төменгі 
110. Тирмизи, Зүһд 44


64



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
қалыпта күн көрісін қамтамасыз еткен және осыған 
қанағат тұтып, өмірін ұлы даумен өткізуге бел буған ұлы 
адамды көрсетеді.
Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
бір күні мешіттен шыққанда, Хазіреті Әбу Бәкір мен 
Хазіреті Омарды (радиаллаһу анһу) жолықтырады. 
Олардан не үшін сыртқа шыққандарын сұрапты. 
Олар «аштықтан» дейді. Расулұллаһта (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм):
«Мен де солай», - дейді.
Үшеуі бірден Әбу Хәйсәмнің үйіне барады. Әбу 
Хәйсәм пышақ сұрап алып, бір қой сояды. Құрма 
ағашына іліп қойған торсығындағы тәтті суды да 
әкелді. Олар дастарханға отырып, ет жеп, су ішті. 
Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Бүгінгі тамақтың да есебін бересіңдер», - деді.
111
Қатты жақсы көретін қызы Хазіреті Фатима 
(радиаллаһу анһә) да кедей тұратын. Қол диірменмен 
ұн тартады, құдықтан су алады. Тіптен осыдан 
қолдары жараланған кездері де болған. Бір күні 
әкесі Расулұллаһтан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
тұтқындардың б і р е у і н көмекші ретінде сұрады. 
Бірақ Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
оның тілегін орындамады. Хазіреті Әлиге (радиаллаһу 
анһу):
«Асхабы суффа осындай таршылық көріп жүргенде, 
сендер мұндайды қалай сұрай аласыңдар?» - дейді.
112
111. қар. Әбу Дәуіт, Әтғимә, 54; Тирмизи, Зүһд 39.
112. Асры сағадат II, 70.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет