62
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
В. зүҺДТіК өмірі
Зүһд – әлем мен дүние-малға мән бермей, оған
қызығушылықты жүректен алып тастау. Аллаһ Расулі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дүниеге
қызық-
пағандықтан өте қарапайым ғана өмір сүретін.
Тапқан-таянғанын ішіп-жеп, киініп, жерге отыруға
да ұялмайтын. Дүниеден
өткен кезінде Ислам
мемлекетінің шекаралары Йеменнен Сирияға дейін
ұлғайған шақта да Оның киімінде екі жамау бар еді.
Бір ретінде Пайғамбарымызды (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) Хазіреті Әли (радиаллаһу анһу)
үйіне шақырған. Әлидің (радиаллаһу анһу) үйіне кел-
генде Хазіреті Фатиманың (радиаллаһу анһә)
қабырғаларды жапқыштармен (ормалдармен) сәндеп
қойғанын көріп, тамақ жеместен қайтып кетеді. Хазіреті
Әли (радиаллаһу анһу) мұның себебін сұрағанда Ол:
«Сәнді жерге кіру бізге жараспайды!» - деген.
108
Тағы бір жолы сапардан қайтқанда Хазіреті Айша
(радиаллаһу анһә) үйдің төбесін орамалдармен сәндеп
қойғанын көріп, оларды дереу алдыртып тастаған.
Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жібектен тігілген киім сыйлыққа берілген еді. Оны
арқасына жамылып,
намаз оқыпты, бірақ намаздан
кейін:
«Тақуалар мұндай нәрсені пайдаланбауы керек», - деп,
шешіп тастаған.
109
108. Асры сағадат I I . 90.
109. Бұхари, Либас 12.