71
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
А. КөрКем мінезі
Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
көркем мінез-құлықты толықтыру үшін жіберілген
және Құрани баян бойынша
118
Ол ең көркем мінез үлгісі
болған Пайғамбар. Негізінде
оның ата-бабасы да
адамзатты кемелдендіруге және тура жолға салуға
міндетті болған,
әрі өмірлері мінсіз, көңілдері таза,
жүректері күнәдан пәк һидаят (тура
жолға ба-
стаушы) елшілерінен және көсемдерінен тұрады. Бұл
көсемдердің өмірлері барлық тұрғыдан адамзат
өмірінің ең кәмілі еді.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
өзін Аллаһ Тағала тәрбиелегенін айтады.
119
Бұл сөз Пай-
ғамбарымыздың өте ұлы
мінез-құлық иесі екендігін
көрсетеді. Ол айтқанын алдымен өз нәпсісі мен жеке
басынан өткізетін уағыздаушы еді. Басқаларға түсіндіріп,
үйреткен әдептілік пен көркем мінез негіздерін ең кере-
мет түрде өзі орындайтын.
Өмірінің аса құпия сырларына қанық болған
әйелдері - Хазіреті Айша (радиаллаһу анһә) мен
Хазіреті
Хадиша (радиаллаһу анһә) аналарымыз. Хазіреті
118. Ахзаб сүресі, 21-аят; Қалам сүресі, 4-аят.
119. Кәшфул-Хафа I-том 70.