Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссисы тарапынан мақұлданған



Pdf көрінісі
бет49/65
Дата23.01.2023
өлшемі0,67 Mb.
#62449
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   65
7. балаларға деген мейірімі
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
балаларға деген мейірімі асқар таудай еді. Пайғам-
барымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) балаларға 
аса мейірімді еді. Жолда кездескен балаларды түйесіне 
мінгізіп, оларды мәз-мейрам ететін. Балаларды жақсы 
көретіні сондай кездескен сайын сәлем беретін.
145
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
ата-ана мен балаларға қатысты әңгімелерге ет-бауыры 
елжіреп, оларды тыңдағысы келетін. Бір күні кедей бір 
әйел екі қызымен Хазіреті Айшаға (радиаллаһу анһә) 
келеді. Хазіреті Айша (радиаллаһу анһә) оларға 
144. Әбу Дәуіт, Буюғ, 90
145. Әбу Дәуіт, Әдеп, 147


90



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
беру үшін бір құрмадан басқа ешнәрсе таба алмаған соң, 
құрманы аналарына береді. Ал, аналары құрманы екіге 
бөліп, балаларына жегізеді. Хазіреті Айша (радиаллаһу 
анһә) бұл оқиғаны Пайғамбарымызға (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) айтқан кезде, Расулұллаһ (сал-
лаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай тіл қатқан еді:
«Балаларды лайықты түрде сүю және қорғау - 
тозақтан (жәһаннам) құтылу».
146
Оның балаларға деген мейірімі тек мұсылман 
балаларына ғана байланысты емес еді. Мүшрік балала-
рын да мейірлене жақсы көретін еді. Бір соғыс кезінде 
бірнеше бала екі жақтың ортасында қалып қойып 
өлген еді. Бұл қайғылы оқиғадан хабардар болған 
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
қатты қайғырыпты. Әскерлер Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қайғырғанын көріп:
«Я, Расулұллаһ! Неге мұншалықты қайғырып 
отырсыз? Бұлар мүшрік балалары емес пе?» - дейді. 
Аллаһ Расулі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Бұл балалар мүшрік балалары болса да - күнәсіз 
балалар ғой. Абай болыңдар, балаларды өлтіруші 
болмаңдар! Әрбір адам алғаш жаратылғанда сүттей 
ақ болып жаратылады», - деген.
147
Жабир бин Самура (радиаллаһу анһу) деген асхабы 
айтады:
«Бір күні Пайғамбарымызбен (саллаллаһу аләйһи 
146. Ахмед бин Ханбәл, VI, 166
147. Ахмед бин Ханбәл




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет