Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссисы тарапынан мақұлданған



Pdf көрінісі
бет48/65
Дата23.01.2023
өлшемі0,67 Mb.
#62449
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   65
Байланысты:
күнделікті іс-әрекеттері

88



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
түнеген еді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) сол керуеннің қасынан өтіп бара жатып бір 
қызыл түйені көріп қалып, бағасын сұрайды да, еш сау-
даласпай түйені қарызға сатып алып кетеді.
Біраз уақыттан кейін керуендегі кісілер алаңдай бас-
тайды және түйені ақшасын алмай беріп жібергендеріне 
өкініп, бармақ тістеп қалады. Керуендегі бір әйел:
«Қапа болмаңдар, бұл маңайда сол секілді нұрлы 
жүзді ешкімді көрмедік. Мұндай адам өтірік айтып, бізді 
алдап кетпейді», - деп, керуендегілердің абыржуларын 
басады.
Кешкісін Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
керуендегілерге түйенің ақшасымен бірге ішер сулары 
мен тамақтарын да беріп жіберген еді.
143
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Хұнайн соғысы кезінде Ислам әскерлеріне қарызға 
сауыт алу үшін әлі мұсылман болмаған Сафванға 
келіп өтініш жасайды. Сафуан:
«Менің мүліктерімді өз қолымнан алып, мені тонағың 
келе ме?» - дегенде, Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм):
«Жоқ, бұларды бізге қарызға беруіңізді сұраймын. 
Жоғалғандарын тез арада өтейміз», - деп жауап берген еді.
Сафуан мұсылмандарға отыз-қырықтай сауытты 
қарызға берді. Соғыстан қайтқанда сауыттар саналды. 
Бірнешесінің жоғалғаны белгілі болған соң, Расулұллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сол жоғалғандар үшін 
143. Дарақутни, Буюғ, II-том, 45. 186-хадис.


"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
89



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
ақша ұсынса Сафуан (радиаллаһу анһу);
«Иә, Расулаллаһ, менің жүрегім енді басқаша 
соғуда» - деп иман еткен еді.
144
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
тікелей өзіне жасалған қылмыс үшін ешқашан кек алмай-
тын. Көпшіліктің ішіндегі ең аз ашуланатыны, ең көп риза 
болатыны және ең нәзік жүректісі еді. 
Мәжіліске келген адамдардың дөрекі әрі ашуға 
тиер сөздеріне ашуланбай, қайта кешіріммен қарайтын 
еді. Өзімен бірге отырған немесе алдына келіп мұңын 
шаққандардың сөзін тегіс тыңдап, соңына дейін сабырлы 
отыратын. Егер біреу бір нәрсе қаласа, қалауын беретін. 
Ал бере алмаған жағдайда, уәде ететін еді. Асхабымен 
әкелік мейіріммен мәміле жасайтын еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет