«Балала» (5- сынып) Таңдау курсы Сыныбы: 5



бет1/4
Дата11.11.2022
өлшемі346,68 Kb.
#49379
  1   2   3   4
Байланысты:
9770 эссе


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік университеті


«Балала»
(5- сынып)
Таңдау курсы


Сыныбы: 5
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: К.Г. Дуйсеновна

? қаласы, 2022 жыл


Авторлық бағдарлама

«Жазылым дағдысын қалыптастыру
5- сынып»



5 сынып оқушыларына арналған
Құрастырған: Каласова Гулбарам Дуйсеновна

"А. Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ-нің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі К.Г. Дуйсеновнаға «Жазылым дағдысын қалыптастыру» (5- сынып) тақырыбындағы авторлық бағдарсына


Пікір

Бүгінгі таңдағы Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне енуге деген мүдделілігі осы салада халықаралық әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан озық деп танылған оқыту модельдерін өз мүмкіндігімізге сай үйлестіре қолдану үшін заман талабына лайық отандық білім беру стратегиясы мен тактикасын жаңалаудың қажеттілігін арттырып отыр.


Заман талабына сай оқушы бойында функцоналды сауаттылық қалыптастыру білім беру оқушылардың адамгершілік, интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат оқушыға сапалы білім беру болып табылады. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кез келген пәнді ұғындырудың тиімді жолы –жаңа технология негіздері болып табылады. Мектеп оқушыларына қазақ тілі және әдебиеті пәнінен сабақ өткізу барысында оқыту, тәрбие беру үрдісінде пәннің мақсатын, мазмұнын дұрыс құрумен қатар, эссе жұмыстарын жұмыс жасау барысында қолайлы, тиімді формаларымен әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушылардың білімге деген құштарлығын арттырудың маңыздылығы орасан.
Осы ретте «Жазылым дағдысын қалыптастыру» авторлық бағдарлама оқушыларға жаңашыл бағыт пен қызыға орындалатын тапсырмаларға негізделген оқу құралы заман талабына сай жасалған оқу әдістемесі дер едім.Мақсаты айқын қойылған әр сабақта оқушы бойында оқыған дүниелері арқылы ақпараттарды сұрыптай отырып, оны эссе жазу арқылыфункцоналды сауаты тұлға болуының алғашқы баспалдағы боларына сенеміз.
Әріптесіміз мектеп оқушыларын жан –жақты әрі шығармашылық тұрғыдан шыңдауды және эссе жазу арқылы дамытуды мақсат еткен және оған жете алған.Сондықтан осы авторлық бағдарламаны 5 сынып оқушыларына таптырмас оқу құралы деп таңимын.
Алдағы уақытта әріптесімізге шығармашылық табыс тілейміз.
Пікір білдіруші: Қолы мен мөрі

"А. Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ-нің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі К.Г. Дуйсеновнаға «Жазылым дағдысын қалыптастыру» (5- сынып) тақырыбындағы авторлық бағдарсына
Пікір

Қазақ тілі мен әдебиетті оқытудың сапасы тек көзделетін нәтижені танудан ғана тұрмайды. Сол нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін ерекше факторлардың сипатын анықтау, оны тану арқылы да білім беру сапасын арттыруға болады. Білім беру парадигмасының басты бағыты болып отырған сапалы білім берудің тиімді жолы –оқушы бойында функционалды сауаттылықты қалыптастыру заман талабы. Ұлттың бәсекелестік қабілеті оның білімділік деңгейімен өлшенетіндіктен, қазіргі білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтерудің мәні де сондықтан артып келеді. Сол себепті еліміздің ертеңі үшін, жарқын келешегі үшін жауапты ұрпақ, саналы азамат тәрбиелеу, жоғары мектепте заман талабына сай білім беру ең маңызды мәселе болып отыр.


Оқушылар айналасында ақпарат көп.Ақпарат заманың адамдары үшін мәтінді сұрыптай алу мен керегі мен керексізін сұраптау, оны талдай алу аса маңызды.Осы ретті эссе жазу арқылы оқушылардың ойын білу, сауаттылыққа бағдарлау функционалды сауаттылығын дамыту, талдата, сұрыптата отырып, жұмыс жасау аса маңызды.
Бұл игерілген білім нәтежиесінде оқушылар эссе жаза отырып, жазылым дағдысын дамыту өздерін шығармашылық тұрғыдан дамыта отырып, арнайы тақырыпта шыңдайтындығына көзіміз жетеді.Және алға тартатын ең маңызды дүние ол оқушылар қазақ тілі және әдебиеті сабақтарынан бөлек жазылым, оқылым, тыңдалым, айтылым дағдыларын шыңдай алатынындығын көреміз.Солардың ішінде жазылым дағдысында аса қатты мән беретіндігі анық айқын.
Әріптесіміз мектеп оқушыларын жан –жақты әрі шығармашылық тұрғыдан шыңдауды мақсат ете отырып, осы дүниесі арқылы өз мақсатына жете білген..Сондықтан осы авторлық бағдарламаны 5 сынып оқушыларына таптырмас оқу құралы деп таңимын.
Алдағы уақытта әріптесімізге шығармашылық табыс тілейміз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет