100
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
Сахабаларынан Әбу Хадрад (радиаллаһу анһу) деген
кісі бір яһудиден біраз мөлшерде қарыз алған еді. Бірақ
үстіндегі киімінен басқа ешнәрсесі жоқ болатын. Қарыз
берген яһуди қарызын төлеуді талап етеді. Сол кез-
де Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Хайбар соғысына дайындық жүргізіп жатқан еді. Әбу Ха-
драд яһудиден уақыт беруін сұраса да, яһуди оның сөзіне
құлақ аспастан Әбу Хадрадты (радиаллаһу анһу)
Расулұллаһтың алдына алып келеді. Әбу Хадрад
(радиаллаһу анһу) үстіндегі киімінен басқа ешнәрсесі
жоқ екендігін және «соғыс олжасынан қолына бір нәрсе
іліксе, сол кезде төлей аламын» - деп, ойлағанын ай-
тады. Хазіреті Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) қарыздың міндетті түрде өтелуі керектігін
және бұл үшін ешқандай сылтау айтпау керектігін
айтқанда, Әбу Хадрад (радиаллаһу анһу) үстіндегі
киімінің бір бөлігін сатып, қарызын өтейді. Сөйтіп,
сәлдесін арқасына орап алады.
163
Осылай бұрмалаушылыққа жол бермейтініне
көзі жеткен соң тек мұсылмандар ғана емес, олардың
қас жауы яһудилер де дауларын шешу үшін
Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келе
бастады. Ол яһудилердің дауларына киелі кітаптары
Таурат бойынша үкім айтатын еді.
Достарыңызбен бөлісу: