Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссисы тарапынан мақұлданған



Pdf көрінісі
бет58/65
Дата23.01.2023
өлшемі0,67 Mb.
#62449
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   65
Байланысты:
күнделікті іс-әрекеттері

104



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
«Мүмкіндігіңше, бұдан былай көзіме көрінбеуге ты-
рыс!» - деп, бұйырды.
166
Осыдан кейін өмірімнің соңына дейін көзіне 
керінбеу үшін Расулұллаһтан тығылып жүретін бол-
дым.
13. Тура сөзділігі (шыншылдығы)
Сыдық, яғни, тура сөзді болу – пайғамбарларда 
болуға тиісті ерекшелік.
Пағамбарлар тура сөзді болады. Немесе басқаша 
айтсақ, асылында тура сөзді болмаған пайғамбар 
бола алмайды.
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
өзінің пайғамбарлығын жариялаған кезінде, қарсы 
шыққандар Оны сиқыршы, ақын, сәуегей дегендерімен, 
бірақ ешқайсысы да Оны «өтірікші» деп айта алмаған еді. 
Өйткені, Оның турашылдығы (шыншылдығы) мүшрік, 
кәпір және мұсылмандар тарапынан талас тудырмай-
тын шындық еді. Осыған байланысты Ол «әл-Әмин» 
(сенімді) деген атқа ие болған. Тіпті, Исламның және 
Пайғамбарымыздың басты жауы болған Әбу Жәһилдің 
өзі былай деген: «Мұхаммед! Мен сені «өтірікші» - 
демеймін!»
167
Және де осыған орай мына аят түскен еді:
«Олардың айтқан сөздері сені ренжітетінін 
білеміз. 
Әйтседе, 
олар 
сені 
«өтірікшісің» 
демейді. бірақ, залымдар Аллаһтың аяттарын 
166. Бұхари, Мәғази, 23.
167. Асры Сағадат, ІІ, 108


"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
105



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
мойындамайды».
168
Аллаһ Расулі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өз 
қауымын мұсылмандыққа шақыру міндетін мойнына 
алған кезінде:
«Әй, Құрайыш! Сендерге «мына таудың ар жағында 
жаудың атты әскерлері келе жатыр десем, маған 
сенесіңдер ме?» - деп сұрайды.
Сол жердегілердің барлығы да бірауыздан:
«Барлығымыз сенеміз. Өйткені, сен өміріңде 
өтірік сөйлеген жан емессің»,- деп жауап қатты.
169
Пайғамбарымызды (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
тілі мен жағына сүйеніп әбден қорлаған мүшрік Надр 
бин Харис пұтқа табынушыларға былай деген еді: 
«Мұхаммед іштеріңдегі бізге ұнаған жастардың 
бірі еді. Ол сендердің ең тура сөзділерің мен ең 
сенімділерің еді». 
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тек 
өз қауымының ғана емес, Хазіреті Әлидің (радиаллаһу 
анһу) айтқанындай, бүкіл адамзаттың ең шыншылы 
еді.
170


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет