96
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
ке бөленіп, жақсылық пен рахымшылықтың көсемі
болған ол:
«Жақсылық жәннатқа жеткізеді. Жердегілерге
рахым етіңдер (мейірімдеріңді төгіңдер), көктегілер де
сендерге рақым етсін (мейірімдерін төксін). Адам бала-
сына жаны ашымағанға Аллаһ рақым етпейді (мейірімін
төкпейді). Рақым иелеріне Рақымды Аллаһ мейіріммен
қарайды. Жүрегінде мейірімі жоқтар - шакилер
(шайтанға ергендер)»,-деген екен.
158
Оның мейірімі бүкіл адамзат баласын қамтитын
еді. Шапағаты мен жақсылығы мұсылмандарға да,
мүшріктерге де жететін еді. Оның жүрегінен кеңінен
орын алғандар кедейлер мен әлсіздер еді. Кедейлерге де-
ген сүйіспеншілігі Аллаһтан дүние мен ақіретте олар-
мен бірге болуды сұрайтындай биік дәрежеде еді.
Өмірі кедейлермен бірге өткен еді. Үйі мен қолында не
болса, солардыкі (кедейлердің) болатын еді. Кедейлер-
ге деген аңсары барынша күшті еді. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Аллаһ
тарапынан
берілген ұлы жаратылысы мен шексіз мейірімін ке-
дейлерге төгіп, әлсіздерге қол
ұшын беріп, шапағатын
сол әлсіздерге шашқан.
Ұлы мінезі мен шексіз
мейірім деңгейінің биіктігі соншалық, өзі ішінде болған
қоғамның тәртібін аз уақытта өзгертіп,
кедейлер
мен әлсіздерден құралып шығыс пен батысты өздеріне
қаратқан бір үмбет шығарды.
Ол үмбетіне әрдайым жақсылық жасап,
мейіріммен
158. Бұхари, Әдеп, 69.