Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссисы тарапынан мақұлданған



Pdf көрінісі
бет59/65
Дата23.01.2023
өлшемі0,67 Mb.
#62449
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   65
Байланысты:
күнделікті іс-әрекеттері

14. Сөзінде тұруы
Пайғамбарлардың барлығы, әсіресе, Пайғамба-
рымыз Хазіреті Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) берген уәдесіне өте мұқият болушы еді. 
Мұны төмендегі бірнеше мысалдардан көреміз.
168. Әнғам сүресі, 63-аят.
169. Ибн Хишам, ІІ,43
170. а.е. 103.


106



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
Әбу Рафи Құрайыш тарапынан Мединаға жіберілген 
құл болатын. Мәдинада Расулұллаһты (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) көргеннен кейін, Оған жан-тәнімен 
беріле мұсылман болып, Мәдинада қалдыруын 
өтінеді. Расулұллаһ (саллаллаһу әлейһи уәсәлләм) 
оған:
«Елшілерді алып қалу дұрыс емес. Меккеге орал. Ол 
жерге барған соң қайтып келемін десең, келуіңе бола-
ды», - деп, ұсынысын қабылдамаған еді.
171
Ал, ол Меккеге оралды. Бірақ кейін келіп, мұсылман-
дар қатарына қосылған еді.
Хұдайбия келісім-шартының үкімдерінен бірі «Мекке-
ден Мәдинаға баратын әр Меккелік азаматты Құрайыш-
қа кері қайтару» еді. Дәл осы шарт қабылданған 
сәт-те Меккеде мүшріктер тарапынан «мұсылман 
болыпты» деп кісенделген Әбу Жәндал (радиаллаһу 
анһу) бір жолын тауып, қашып мұсылмандарға келіп 
қосылған еді. Бүкіл мұсылмандар осы көріністен 
үрейленіп, Әбу Жәндалды (радиаллаһу анһу) кері 
қайтарып бергілері келмеген еді. Алайда, Аллаһ 
Расулі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сол кездің 
өзінде Әбу Жәндалға (радиаллаһу анһу) келісім-
шартты бұзбау керектігі жазылған үлгіні көрсетіп:
«Сабыр ет! Біз берген сөзімізден айнымаймыз. 
Аллаһ Тағала саған шығар жолды көрсетеді», - дейді.
172
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
171. Асры Сағадат, ІІ, 104.
172. Бұхари, Сулх, 7.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет