– Бұлардың сөйлей алмайтындығын өзің де білмеуші ме ең?!, – деді.
Ибраһим (а.с.):
– Олай болса,
тіл қатуға да шамасы келмейтін, түк пайдасы жоқ мұндай
меңіреу пұттарға қалай табынасыңдар? Аллаһты тастап, сезімсіз тасқа табынып
кеткен сендер оңбассыңдар! Кішкене ақылмен ойласаңдар қайтеді? – деп шыр-
пыры шықты.
Ақыр соңында ел Ибраһимді (а.с) жұрт көзінше тірідей отқа жақпақ болды.
Таудай ғып отынды үйіп, Ибраһимнің(а.с) қол-аяғын байлаған күйі отқа
лақтырды. Ибраһим (а.с) еш нәрседен тайсалмастан, іштей тас-түйін бекініп,
Аллаһ тағалаға ғана арқа сүйеді.
Сол кезде Аллаһ тағала Ибраһимді (а.с) жақпақ болған лаулаған отқа: «Әй
от! Салқын бол! Жайлы бол!» деп бұйырды. Яғни Жаратушы оттың күйдіру
және ыстық қасиеттерін тоқтатып тастаған еді.
Осылайша Хақтың көмегіне арқа сүйеген Ибраһим пайғамбар неше күн
жанған оттан дін аман шықты...
Сірә, халық арасындағы батырлықты суреттейтін «Отқа салса
күймейтін, суға салса, батпайтын» деген теңеу осындай пайғамбарлардың
ақиқатынан аңызға айналса керек.
Достарыңызбен бөлісу: