Алайда әнсарлық сахабаның берген жауабы да таңғаларлық еді. Ол:
– Оқып тұрған сүремді ортасынан үзе алмадым. Егер Пайғамбарымыз
табыстаған күзетшілігімізге кесірі тимейтін болғанда, жаным шығып кетсе де
мен ол сүрені тоқтатпас едім!.. – деген еді
[8]
.
Иә, сахабалар ғибадатқа осыншалықты құштар болатын.
Куәгер
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сахабалары-мен отырған бір сәтінде өз-
өзінен сәл-пәл жымиып:
– Неге күлімсіредім, білесіздер ме? – деп сұрады. Сахабалары «Жоқ»
дегенде, Пайғамбарымыз:
– (О дүниеде есеп берілгенде) Құл шыр-пыры шыға өз-өзін ақтамақ болады,
іле-шала Аллаһ тағаламен арада мынадай бір әңгіме өрбиді мен соған еріксіз
жымидым:
Құл:
– Сен мені тіршілігімде қиянаттан қорғамадың ғой? – деп сұрайды.
Аллаһ тағала:
– Иә, – дейді.
Құл:
– Онда маған да бөгде куәгердің қажеті жоқ. Маған менің өзімнен куәгер
беруіңді сұраймын, – деген кезде Аллаһ тағала:
– Ал онда сенің куәгерлерің өзіңнің дене мүше-лерің болсын. Тіпті саған
«Кираман Катибин» періште-лері де куә болмай-ақ қойсын, – дейді де әлгі
құлдың тілін байлағаннан кейін дене мүшелеріне қарап не істеп, не қойғанының
бәрін түк қалдырмай айтып беруін бұйырады.
Ал жаңағының дене мүшелері болса бір-бірлеп сөйлей бастайды. Кейіннен
барып тілінің күрмеуі шешіліп қайта сөйлеуге келгенде ол ренжіп, өзінің дене
мүшелеріне қарап «Мен сендерді қорғаштап жаным шығып жатса, сендер не
істеп, не қойғандарыңның бәрін жіпке тізе тәптіштеп айтып шыққандарыңа жол
болсын, бәрің де көзіме көрінбей, қараларыңды батырыңдар!» деп ашулана
айғайлайды....
Достарыңызбен бөлісу: