Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет15/79
Дата09.06.2023
өлшемі1,03 Mb.
#100053
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   79
Байланысты:
tagylym tamshylary

Содом мен Гомор 
Лұт пайғамбар (а.с.) – араб түбегінде жайлап кеткен пұтқа табынушылықпен 
жан аямай күрескен, халықты бір ғана Жаратушыға иман келтіруге шақырған, 
осы бір қасиетті жолда өмірінің соңына дейін асқан сабырлылық пен төзімділік 
таныта білген Ибраһим пайғамбардың көкесінің ұлы. Оның пайғамбарлығы мен 
бүкіл өмірі Иордания мемлекетінің аймағында орналасқан Лұт көлінің 
маңайында өткен. Бүгінгі күні алақандай ғана жерге ие бұл тұзды көл кезінде 
ұлан-ғайыр алқапты алып жатқан, жағалай ірі қалалар қоныс тепкен, өте 
шұрайлы мекен болған. Сол қалалардың екеуінің аты күні бүгінге дейін әлі 
ұмытылмай, тіпті ғылыми қазба жұмыстары мұндай қалалардың тарихта 
расында да болғандығын дәлелдеуде. Бұлар: Шезум (Содом) және Оморе 
(Гомор) қалалары еді. 


Лұт (а.с.) осы Шезум қаласында тұратын. 
Біз қазір сіздерге өмір бойы халықты имандылыққа үгіттеп, ақиқатқа 
шақырған Лұт пайғамбардың тіршілігіндегі соңғы күндері жайлы 
баяндамақпыз. 
Әдетте адам баласының тура жолдан аяғы бір тайса болды, оның небір 
азғындықтарға ұшырап, небір арсыздықтарға басатындығы сөзсіз. Тура жолдан 
ауытқыту арқылы Адам атаның баласы Қабылға да қызғанышпен өз бауырын 
өлтірткен осы бір тәнқұмарлық сезім Лұттың (а.с.) халқында да аса бір 
жиіркенішті түрде қатты белең алды. Лұт пайғамбардың қауымының 
азғындыққа шектен шыға берілгендігі соншалық, еркектің еркекпен жыныстық 
қатынасқа баруы (гомосексуализм) үйреншікті әдетке айналды. Лұттың (а.с.) 
шыр-пыры шыға оларды имандылық пен ізгілікке шақыруы, өзіне берілген 
пайғамбарлық міндетті адал атқарып, жатса-тұрса халқын осы бір лас қылықтан 
арылтпақ болып насихат айтуы азғындап аласұрған халыққа шыбын шаққан 
құрлы әсер етпеді. 
Пайғамбардың сөзі өтпеген бұл елге соңында Аллаһтың өзі қатал үкімін 
түсірді. Өйткені олар бұл кезде осы бір бассыздық пен азғындықтары үшін 
жазаға жаппай ұшырауға әбден- ақ лайық күйде еді. 
Ұлы Жаратушы енді тәубаға келмес күнәһар халықтың күлін көкке ұшырып, 
жермен-жексен ету үшін алдымен періштелері арқылы Лұт пайғамбарға алдын 
ала хабар білдірді. Сәнді киінген үш жігіттің бейнесіне еніп Лұтқа келген 
періштелер оған өзіне сенген, айтқанына ерген ат төбеліндей ғана адамды алып 
қаладан шығу керектігін айта келді. 
Періштелер Шезум (Содом) қаласына келе сала Лұттың үйіне тіке тартты. 
Алайда үш бірдей қылшыл-даған жас жігіттердің сәнді кейіпте қалаға кіргенін 
көрген, нәпсісі азған халық бұларды жақыннан көруге құмартты. Үш бірдей пәк 
жігітті көргенде халықтың тәнқұмарлығы одан әрі қозып, өз нәпсілеріне ие 
болудан қалып, ауыздарынан сілекейлері шұбырды. Нөпір халықтың ортасын 
қақ жара жүрген бойда періштелер бірден Лұттың (а.с.) үйіне барды. 
Нәпсіқұмарлықтың шырмауына мықтап шырмалған азғын халық болса, әлгі 
көркем жігіттермен тезірек тәнқұмарлығын қанағаттандырып, тояттағанша 
байыз табар емес. Халық олардың жай жігіттер емес өздерін қалаларымен қоса 
үлкен азап құшағына сүңгітуге келіп отырған періштелер екендігін қайдан 
білсін?! 
Лұт 
пайғамбардың 
үйіне 
келген 
періштелер 
әу
баста өздерінің періште екендігін айта қоймады. Алайда арттарынан қалмаған 
халық шұбырған күйі үйдің есігіне дейін жеткен болатын. Үйді бастарына 
көтере айғайлаған халық Лұттан (а.с.) әлгі жігіттерді өздеріне шығарып беруді 
талап етіп жатты. Ал Лұт болса халықтың мына қылығы үшін келген 
қонақтарынан ұялып қысылғаны сонша, жерге кіріп кете жаздады. Тіпті бір 
уақытта сыртқа шыққан күйі үйді айнала қоршаған халыққа ашуланып, ызадан 
жарылардай кейіпте: 
– Әй, ұятсыздар! Келген қонақтар аса бір ізетті кісілер. Олар менің ғана 
емес бәріміздің де қонақтарымыз емес пе? Адамгершіліктен осыншалықты 
жұрдай болғандарың ба? Естеріңді жисаңдаршы? – деп ұрысты. 
Халықтың оған иліге қоймаған күңкілін есті-генде: 


– Тіпті болмаса мен сендерге мына он екіде бір гүлі ашылмаған 
қыздарымды (некелеп) берейін
[5]
, соны алыңдар да қараларыңды батырыңдар 
бұл жерден. Алайда қонақтарымның көзінше мені масқара қылмаңдар, – деп те 
көрді. 
Бірақ ауыздарынан көбік ағып тәнқұмарлықпен елігіп тұрған халық оның 
бұл ұсынысына да құлақ аспады. Олардың бар мақсаты – іштегі жігіттерді 
сыртқа алып шығып білген арсыздықтарын айыздары қанғанша бір жасап қалу 
еді. 
Қанша айғайлап та, ұрсып та, жай сөзбен айтса да халықты көндіре алмаған 
Лұт (а.с.) жыларман боп үйге кіргенде, періштелер өздерін танытып, айықпас 
азғындыққа ұшыраған бұл халыққа Аллаһ тағаланың зор азабын ала 
келгендіктерін айтты. Аллаһтың әмірі бойынша неше жыл Пайғамбарды 
тыңдамаған халықтың бүгінгі татқаны – тіршіліктегі соңғы дәм-тұзы болмақ. 
Лұтқа түн қата өзіне сенгендерін ерткен бойда ешкімге сездірместен қаладан 
шығу тапсырылды. Ал бұл мезет қалада қалған халық Аллаһтың қатты қаһарына 
ұшырап, тұрған жерлері қаласымен қоса жермен-жексен болмақ еді. Әрі бұл 
оқыс азапты Ұлы Жаратушы кейінгі халықтарға үлкен үлгі-өнеге ретінде 
жасамақ. 
Айтқандай-ақ Лұт өзін тыңдап, ізіне ерген азған-тай адамымен сол түні-ақ 
Содом мен Гомор қалаларын тастап қала шетіне шығып кетті. Олар қаладан 
шығысымен-ақ Аллаһтың уәде еткен азабы ретінде аспаннан шоқ аралас жауын 
жауа бастаған. Есі кеткен ел ешнәрсенің байыбына барып үлгірместен аз 
уақыттың ішінде-ақ екі қаланың халқы да тып-типыл болып, орнында жанған от 
пен бықсыған күл ғана қалды... 
Иә, олар әлі күнге ғибрат... 
Құдіреті шексіз Аллаһ тағала бәрімізді де оқыстан болатын 
жамандықтардан сақтасын! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет