сала христиан бірден қылышына қол жүгіртіп, жолға жиналмақ болды. Бірақ
артынша досының «Керуеннің алдыңғы жағына қарақшылар шабуыл жасап, бар
мал-байлықты ту- талапай жасағанда, мен керуеннің соңында едім. Маған
ештеңе болған жоқ. Бар мал-байлығымыздың еш шашаусыз аман-есен келе
жатқан жайы бар. Алаң болма! Жақында барып қаламын» деген сәлемдемесін
алады. Бұдан кейін Пайғамбардың ақиқат сөйлеп, рас айтқанына христиан
саудагердің зәредей де шүбәсі қалмайды. Дереу Ақиық елшінің алдында тізе
бүккен күйі: – О, Расулаллаһ, – дейді, – маған исламды түсіндір, иманға келейін.
Ислам түсіндірілгенде, ол ислам туының аясында адамзаттың ең тұнық
бастауы мұсылманшылықты қуана қабылдайды
[6]
.
Достарыңызбен бөлісу: