тапқан жер бір яһудидікі (еврейдікі) еді. Мысыр әкімі әлгі яһудидің жеріне
мешіт салуға бұйрық шығарып, мешіт құрылысы басталып та кеткен-ді. Басқа
жері болмағандықтан далада қалған яһуди шарасыз әркімге бір мұңын шаққан
соң, ел оған Мәдинадағы халифа Омарға барып шағымдану керектігін айтып
жөн сілтеді.
Ол кезде әлгі яһуди Ислам дінінен мүлде бейхабар болатын. Көп уақыт
созбастан Мәдина қаласына жол тартты. Халифаның қайда екенін сұрастырып
жүріп бақшада екендігін білді. Бақшаны да тапқанмен, бір қызығы, бақшада бір-
ақ адам жұмыс істеп жүр екен. Қасына жақындап барған яһуди:
– Маған халифа Омар керек еді, – деді. Әлгі кісі:
– Иә, Омар мен боламын. Қандай шаруамен жүрсің, айта бер, – деді жай
ғана.
Хазірет Омар яһудидің шағымын естігенде, қатты ашуланды. Іле-шала
жерден бір сүйекті ала салып соған бірдеңе деп сүйкеп жазды да:
– Мә, мынаны әкіміңе апарып бер, – деп қолына ұстатты.
Яһуди жазуға қанша үңілгенімен, ештеңе ұға алмады. «Сонша жерден іздеп
келгенімде мынаусы несі, ойыны ма шыны ма, әжетіме жарай ма, жарамай ма»
деген екіұдай оймен өз-өзіне сенімсіз күйде келген ізімен салғырт қана кері
қайтты. Мысырға келіп сүйекті әкімнің қолына ұстатқаны сол еді, сүйектегі
жазуды оқығанда Саад ибн Әби Уаққастың зәресі ұшып кетті. Бірден яһудидің
үйін өзіне қайтарып, тіпті бұрыңғысынан да әдемі қалыпқа келтіртті. Онымен де
қоймай тағы біраз көмек те жасады.
Хазірет Омардың сондағы сүйекке жазған жазуы мынау еді:
«Байқа, мен Нүшіруаннан да әділірекпін!»
Халықтың «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деуі тегін бе?!
Достарыңызбен бөлісу: