– Аллаһтың тағдырынан қашқаның қалай? – дегенде, Хазірет Омар оған
қарап:
– Иә, Аллаһ жазған тағдырдан және Соның тағдырына қашып бара жатқан
жоқпын ба?! Сен түйелеріңді бір жағы жоңышқа, бір жағы жусанды бетке
жайып түйелерің қайсысынан оттаса да сен Аллаһтың тағдырымен жайған
болып саналмайсың ба? – деп ойланта жауап қайырды.
Қасындағылармен бірге Мәдинаға қайтқан хазірет Омар оба ауруының тез
жайылып бара жатқандығына алаңдағандықтан тым болмаса Әбу Үбәйданы
құтқарып қалмақ болып келе сала былай деп хат жолдайды:
«Ассалаумағалейкум! Бір мәселе жайлы ақылдасу үшін сен маған аса қажет
болып тұрсың. Хатты ала сала дереу жолға шық!».
Хазірет Омардың ойын айтқызбай-ақ ұққан Әбу Үбәйда іле-шала мынадай
жауап жазады:
«Әй, мүминдердің басшысы! Мені неліктен қажетсініп тұрғаныңды білемін.
Алайда мен мұсылман әскерлермен бірге болғандықтан өзімді олардан артық
санай алмаймын. «Жазмыштан озмыш жоқ» деген. Мен де пешенеге
жазылғанды көрермін. Маған оларды таста да, кел дегеніңе келісе алмаймын».
Омар (р.а.) хатты оқығанда көзінен жас парлап қоя берді. Маңайындағылар:
– Әй, мүминдердің әміршісі! Неге жылайсыз, әлде Әбу Үбәйда да аурудан
көз жұмып па? – деп сұрады.
Омар (р.а.) оларға:
– Жоқ, олай емес, бірақ, әй қанша қалды дейсің, – деді тұнжырап.
Көп өтпей-ақ Шамда обадан тіл тартпай кеткен Әбу Үбәйданың орнына
Муаз ибн Жәбал барды. Бірақ, ол да артынша көз жұмып, орнына Амр ибн Ас
тағайындалды. Амр ибн Ас дендеп бара жатқан аурудан халықты аман сақтап
қалу мақсатында елді тау басына жинап, ойдан гөрі тауды паналаған. Сол
тұстары аурудың да беті қайтып, Хазірет Омар болса кейіннен Амрдың бұл
тапқырлығына ризашылығын білдірген екен
[18]
.
Достарыңызбен бөлісу: