Грек елшісі осылайша өз ойымен өзі арпалысып тұрғанда хазірет Омар да
ұйқысынан оянған еді. Грек елшісі хазірет Омарға иіліп құрметпен сәлем береді.
Халифа да ерекше бір ілтипатпен сәлемін қабыл алып, демде-ақ оны өзінің жан
сарайымен баурап, небір шуақты тәтті сөздерін сыйлап, жанын жадырата түсті.
Елші мынадай ел басшысы дәрежесіндегі адамның соншалықты
кішіпейілдігіне таң тамаша болған еді. Тіпті бөтен елден келген елші сәлден
кейін-ақ Омарға өз елінің адамынша бауыр басып, әдемі әңгімеге беріліп,
ерігені сонша, не жұмыспен келгені де есінен тарс шықты.
Достарыңызбен бөлісу: