Алайда күйеуі екінші қонақтың келгенінен бейхабар болып шықты. Ол
таңдана:
– Сен қай қонақты айтып тұрсың? Мен іште отырған бір-ақ қонақты ертіп
келген жоқпын ба? – деді.
Бірақ әйелі анық көрді. Келген екі қонақтың біреуі тамақ ішпестен шығып
кеткен еді. Әйелі мен күйеуі мәселенің төркінін пайғамбарымыздан ұқпақ
болды.
Екеуін жақсылап тыңдаған пайғамбарымыз болған жайды оларға былай деп
түсіндірді:
– Иә, негізі үйге екі кісі келді. Алайда бұлардың біреуі адам бейнесінде
келген сол қонақтың рызығы болатын. Аллаһ тағала әйелге үйге келетін әрбір
қонақтың өз рызығымен келетінін көрсету үшін жаңағы көріністі оған әдейі
көрсеткен. Әйелің қонақтарға жеткілікті қылып тамақ әзірлегенімен ол рызық
бәрібір ортаймаған болатын...
«Мына жайтты жақсы ұғыңдар, әр қонақ өз рызығын ала келеді. Ешкім де
ешкімнің несібесіне ауыз салмайды. Үйге келген қонақ қайта сол үйдің рызық-
несібесімен қоса берекетін де арттыра түседі» деді пайғамбарымыз.
Бұдан кейін әйел де өз қателігін түсініп, ниетін түзепті.
Достарыңызбен бөлісу: