Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


Өз «Құдайынан» көңілі қалған сахаба



Pdf көрінісі
бет38/79
Дата09.06.2023
өлшемі1,03 Mb.
#100053
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   79
Байланысты:
tagylym tamshylary

Өз «Құдайынан» көңілі қалған сахаба... 
Сахабалардан Амр ибну-л-Жамух (р.а.) исламнан бұрын да Мәдинаның 
алдыңғы қатарлы сыйлы кісілерінің бірі еді. Алайда ағаштан жасалған «Мәнаф» 
атты бір пұтқа күнде құлай сыйынып, қатты құрмет көрсететін. Өзі пұтқа 
табынғанмен, бір қызығы, үш ұлы да мұсылман болатын. 
Бір түні Амр ибну-л- Жамухтың балалары жиналып келіп әлгі Мәнаф деген 
пұтты орнынан алып сүйреген күйі жырақтау жердегі шұңқырға апарып 
тастайды. Сөйтеді де ешкімге көрінбестен үйге қайтады. 
Ертеңгісін пұтқа табынбақ болып барған Амр оны күнделікті орнынан таба 
алмай жер сипап қалды. Сөйтті де: 
– Әй, оңбай кеткірлер! Түнделетіп кеп Тәңірді ұрлап кеткен кім? – деп 
айналасындағыларға ызғар шаша айғайлады. Пұтын іздестіре бастады. Ең 
соңында бір шұңқырда етбетінен жатқан күйінде тауып алды. Жақсылап 
тазалап, жуып, қош иістер сеуіп әсемдеп әрлеп бұрынғы орнына қайта қойып 
жатып: 
– Осыны істеген адамды тапсам, әкесін танытар едім, – деді ызалана. 
Алайда балалары ертесі күні де дәл сол істі айна-қатесіз қайталады. 
Ертеңгісін әкелері оны іздеп жүріп тағы да күл-қоқыстың арасынан тапты. Еш 


ойланып жатпастан бірден тез жуып-шайып, жақсы әтірлерінен сеуіп, орнына 
апарып қойды. 
Балалары үшінші күні де сол тірліктерін қайталады. Алайда әкелері бұл 
жолы қатты ашуланды. Жатар алдында қылышын қолына ұстаған күйі пұтқа 
барып: – Әй, Мәнаф! – деді, – Саған бұны кімнің істеп жүргенін біле алмай 
шаршадым. Енді мына қылышты ал да бұдан кейінгі уақытта өзіңді өзің қорға! – 
деп қылышты әлгі пұттың қолына қыстырған күйі зор сеніммен үйіне қайтты. 
Амр кеш бата ұйқыға кіріскенде балалары пұттың қолына қыстырылған 
қылышты алып тастап, бұл жолы пұтты әлдеқашан иістеніп кеткен иттің 
өлексесімен қосып үй сыртына апарып, шұңқырға тастай салды. 
Амр күндегі әдетінше ояна сала пұтын іздеді. Тағы да орнынан таппай 
безектегей іздеген ол шұңқырда иттің өлексесіне бастырылып жатқан пұтты 
көріп күйініп кетіп былай деді: 
– Әй, осы сенің өз басыңды қорғай алмаған тәңірлігіңе болайын! Егер сен 
шынымен тәңір болсаң, бүйтіп ит-құстың өлексесімен бірге шұңқырда жатпас 
едің ғой... 
...Амр артынша мұсылмандықты қабылдады. Малын да, жанын да аямастан 
балаларымен қоса өмір бойы Расулаллаһқа 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
қызмет етті
[20]



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет