Бұл сөзге, шынында да, ойланып қалған Салаба біраз уақытқа дейін
тоқтамға келгендей болды. Сонда да «Тауықтың түсіне тары кіреді» демекші,
артынша-ақ баяғы әніне қайта басты. Тағы да шыдамай:
– Уа, Расулаллаһ! Бір дұғаңызбен мені байлыққа кенелтіңізші? – деп,
Пайғамбарымыздың етегіне жармас-ты.
Бұл жолғысына іштей ренжіп, қабағын түйген Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
оған ғибрат алсын деген ниетпен:
– Аллаһқа ант етейін, егер шын қаласам мына тау-тастың бәрі алтын болып
маған берілер еді, бірақ мен қаламадым, – деді.
Шындығында кей кездері Аллаһ тағаланың ең сүйікті құлы пайғамбардың
үйінде апталап, тіпті айлап бойы қазанға салар,
тіске басар ештеңе
табылмайтын. Күн ара ораза ұстайтын пайғамбар ауыз ашары жоқтықтан көбіне
үш-төрт құрмамен ғана шектелгендігі баршаға аян еді.
Осыларды ойлаған Салаба тағы біраз уақыт сабасына түседі.
Уақыт өте келе «бай болсам, кедей-кепшіктерге қол ұшын бермес пе едім,
сөйтіп көбірек сауап таппаймын ба?» деген ой-қиял әлі де мазалаған ол, ақыр
соңында, үшінші рет Пайғамбарға
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жүгінуді жөн көрді.
Пайғамбар алдында бар уәдесін үйіп-төгіп:
– Сені пайғамбар етіп жіберген Аллаһқа ант етейін! Егер Аллаһ мені
байлыққа
кенелтсе,
жарлы-жақыбай-ларға
міндетті
түрде
қарасып,
қорғанышына айналамын! – деді сендіре.
Салабаның мұнша тілегіне шыдамаған Пайғамбарымыз: «Аллаһым!
Салабаны қалаған байлығына қауыштыр!», – деп қол жайып, дұға жасады.
Осы бір қасиетті тілектен кейін қой алып баға бастаған Салаба бұрынғыдай
мешіттен шықпай, Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
артында үзбей
намаз
оқитындығы үшін «Мешіт құсы» деп аталғандығы былай тұрсын, енді мал
соңынан қолы тимейтіндіктен тек қана бесін мен құтпан намаздарына ғана
мешітке соғатынды шығарды. Көбіне қазаға да ұшыратып жүрді.
Аз уақытта берекеті асып-тасып, шалқыған үстіне шалқи түскен Салабаның
малдары көбейген сайын көбейіп, енді мыңғырған
малға Мәдина төңірегінен
жаңа жайылымдар іздеу керек болды. Салаба енді тек жұма намаздарына ғана
мешітке келіп жүрді. Сөйткенше шөлдегі тың жайылым іздеген мал көп өтпей,
жұма намаздарын да ұмыттырды.
Анда-санда өткен-кеткендерден елдегі қал-жағдайды сұрап, Салаба мал
соңында салпақтап, шөл асып кете барды. Малдарымен
қоса қарақан басының
қамын ойлаудан аса алмай қалды.
Салабаның көрінбей кеткендігін байқаған Пай-ғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
оның қайда екенін сұрағанда :
– Мыңғырған малының соңында шөл кезіп кетті, – деген жауапты естіп,
іштей ренішпен басын шайқап:
– Қап, Салабаға обал болған екен, – деді аяныш білдіріп.
Осы уақыттарда зекет-садақа жайлы аяттар түсіп, дәулетті мұсылмандардың
жағдайы нашар мұсылмандарға көмектесуі туралы үкімдер келді.
Аяттардың бұйрығын әр мұсылман шын ықылас-пейілдермен шама-
шарқынша атқарып жатқанда, Салаба:
«Бұларың қып-қызыл адамды талау емес
пе?» деп, «шығайбайшылдыққа» басып,
малының зекетін талап етіп
барғандарды құр алақан қайтарды.
Бұны естігенде Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
тағы да: «Қап, Салабаға
обал болған екен» деп мұңайды.
Салабаның «Байысам, мұң-мұқтажға қарасар едім» деп ант-су ішіп,
артынша бұл уәдесінен айнып шыға келуіне байланысты «Тәубе» сүресінің
мына аяттары түсті:
«Кейбір екі жүзділер: Егер Аллаһ бізді өз кеңшілігінен
Достарыңызбен бөлісу: