Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет40/79
Дата09.06.2023
өлшемі1,03 Mb.
#100053
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   79
Байланысты:
tagylym tamshylary

Зейнептің шеберханасы 
Мүминдердің анасы Жахш қызы Зейнептің өміріне көз жіберсек, ондағы 
діндарлық, жомарттық қасиеттерімен қоса оның ерекше шеберлігінің куәсі 
боламыз. Хижреттің (Мәдинаға көштің) үшінші жылы хазірет Пайғамбармен 
отасқан Жахш қызы Зейнеп тері илеудің асқан шебері еді. Ол тері өңдеп, одан 
киім тігіп сатумен айналысатын. Кейбір риуаяттарда осы жұмыс үшін 
пайғамбар үйінде бір бөлме арнайы жабдықталып, шеберхана ретінде 
пайдаланылғандығы әрі пайғамбарымыздың әйелдерінен Үмму-Сәләманың да 
осы тері ісімен шұғылғандығы білінуде. Дәл осы жерде мынандай бір көкейтесті 
сұрақтың ойға орала кетуі заңды. Ислам заңдары (фиқһ) бойынша әйел 
нәпақасы (күнкөрісі, табысы) күйеуіне тән. Әйел жұмыс істеп, ақша табуға 
міндетті емес. Олай болса, пайғамбар әйелдерінің жұмыс істеуі неліктен? Оның 
жауабы мынада: Жалпы ислам діні әйелді жұмыс істеуге мәжбүрлемейді. Бұл 
дегеніңіз «сен жұмыс істемеуге міндеттісің» деген сөз емес. Күйеуінің 
рұқсатымен ислами әдеп шеңберінен аспайтын шарттармен әйелдің жұмыс 
істеп, ақша табуына ешқандай да кедергі жоқ. Зейнеп анамыз жұмыс істеуі 
күндік нәпақасын табу үшін емес, қайта кедей-кепшіктерге, жарлы-
жақыбайларға қол ұшын беру, аш-жалаңаштарға қарасу, Аллаһ жолында өз 
әлінше осылай қызмет ету ниетінде болатын. 
Ол жайлы Айша анамыз былай дейді: «Мен басқаларға жақсылық жасауда, 
қайыр-садақа үлестіруде, туысшылдық пен Аллаһқа жақындататын игі іс істеуде 
Зейнептей алдына жан салмайтын адамды көрген емеспін». 
Ибн Сағдтың риуаятынша: «Зейнеп дүниеден қайтқанда бар дүние мүлкін 
өзі көзі тірісінде садақа ғып таратып жібергендіктен артында бір тиын да 
қалмаған. Ол – кедейлер мен жетім-жесірлердің панасы еді» дейді. 
Жоғарыдағылардың бәрін талдай келгенде біріншіден, Исламдағы әйел 
қандай да бір қажеттілігі болмаса да, ол бос отырмауы керек. Ең жоқ дегенде 
табыс тауып, оны Аллаһ жолында жұмсағаны дұрыс. Екіншіден, әйелдің үйдегі 
тіршіліктеріне күйеуі кедергі жасамауы керек, қайта қолдан келгенше мүмкіндік 
жасауға тиіс. Өйткені әлемнің мақтанышы Пайғамбарымыздың өзі де осылай 
істеген. Әйтпесе, Расулаллаһтың рұқсатынсыз Зейнеп анамыздың бұндай іске 
баруы мүмкін емес еді. 
Хазірет Нәсиба 
Пайғамбарымыздың Мәдинә қаласына құтты қадам басып көшіп келуімен 
исламды қабылдау бақытына ие болған әрі Ұхыд соғысында бар жан-тәнімен 
оны қорғаштаған өте жанашыр жақын сахабалардың қатарында Нәсибә анамыз 
да болды. 
Ұрыстың сондай бір қызған сәтінде пайғамбардың маңайында оны 
қорғайтын сахабалардан ешкім де қалмады. Жаудың екі атты әскерінің оған 


қылыштарын жалаңдатып, ентелей төніп келе жатқанын көргенде, Нәсибә 
жанұшыра солай қарай ұмтылды. Екі жауды пайғамбарға жақындатпай бір өзі 
алысты. Біреуінің аяғын қылышпен жаралап үлгерем дегенше, ту сыртынан 
келіп қалған екіншісі дәл иықтан қылышын сілтеп үлгерді. Жараланып, 
иығынан қансырай жерге жығылған Нәсибәні көрген хазірет Әли әлгі жаудың 
екеуін де ә дегенде жайратып салды. Қайта келгенде, Пайғамбарымыз қасиетті 
қолдарымен оның жарақатын таңды. Дәл осы сәт пайғамбарымыздың тағы бір 
мұғжизасы бой көрсетіп – сыртын жаңа ғана таңылған жара бірден жазылып қоя 
берді. 
Бел жазып, орнынан түрегелген Нәсибә іштей егіле: 
– Сіздің тізеңізді құшып шейіт боп кетсем деп едім. Оны неге маған 
қимадыңыз? – деп, о бастағы өзегін өртеген арманын жеткізді. Сонда оны 
жұбатқан пайғамбарымыз іштей қатты толқып Жаратқанға: 
– Я, Рабб! Мені Нәсибә мен туыстарынан ажырата көрме! – деп бет сипап, 
теңдессіз құрметі мен сыйын ұсынды. 
Иә, Ислам тұнығының таралуында жан аямай ерлік көрсеткен осындай 
аяулы аналарымыз аз болмаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет