Ана өсиеті
Исламға дейінгі кезеңде өмір сүрген Үмамә деген ақылды әйел қызы
Үнасты Кинда патшасы Хариспен үйлендіргенде, әлі күнге құны ескіре
қоймаған мынадай өсиет айтқан екен:
«Қызым, егер бір қыз ата-анасының байлығы жеткілікті болып күйеуге
шығуды қажетсінбейтін болса, онда бәрінен бұрын оған сен лайық болар едің.
Алайда өмір заңы басқаша, ер адам қалайша біз үшін жаратылса, әйел де о баста
ер адам үшін жаратылған.
Қызым, сен өзіңді туып, аялап өсірген әке-шешеңнің ұясынан ұшып, жат
жұртқа кетіп бара жатырсың. Ендігі уақытта сен күйеуіңе бағынып, оның
ризашылығын алып отырғайсың, сонда ол да сенің алдыңда құлыңдай құрақ
ұшатын болады. Сен оны сыйлаған сайын ол да сені жақсы көріп қалағаныңды
істейтін болады.
Мен саған қазір он өсиет айтайын, егер сен оларды бұлжытпай орындайтын
болсаң күйеуіңмен ара-қатынасыңда мін болмайды:
Үйге ішіп-жейтін не әкелсе де шын жүрекпен қабыл ал, қанағат иесі бол.
Не істе десе, соны істе, тыйым салған нәрселеріне жолама.
Үй ішін де, үсті-басыңды да таза ұста.
Күйеуіңе жақсы көрінуге тырыс, жақсы иістеріңнен себіне жүр. Ол сенен
тыжырынбайтын болсын.
Ұйықтайтын, тамақтанатын кездерін жақсы біл. Ол бұларды қай уақыттарда
жасайтын болса сен сол уақыттарда тамағын әзірлеп, төсегін салып қой. Өйткені
аштық пен ұйқысыздықтан барып адам ашу шақырғыш келеді.
Күйеуіңнің дүниесін көзіңнің қарашығындай сақта, ысырапшылдыққа жол
берме.
Оның абыройын ойла, тума-туыстарына да құрметпен қара.
Оған қарсы шығушы болма.
Күйеуіңнің сырын елге жайма. Қарсы шықсаң, саған деген өшпенділігі
оянады, ал сырын елге жайсаң, қиянаттан көз ашпайтын боласың.
Күйеуің қайғырып отырғанда – сен қуанышты болма, күйеуің қуанышты
кезде – сен қайғырма»
[31]
.
Зерек бала
Сол күні ертеңгісін күн арқан бойы көтеріліп, жер бетіне ерекше бір
жылылық төге бастады. Қали аға таңғы намазын оқи сала бірден жолға шықты.
Егіс алқабына жетер-жетпестен басын көтеріп, күнге қарады.
– Құдайға шүкір, – деді сосын ақырын ғана күбірлеп.
Мәшинеде отырып ұйқысынан енді оянған кішкене Ермек таңғалғанын
әкесінен жасыра алмады.
– Қараптан қарап тұрып неге шүкір еттің, әке?
Қали аға күлімсіреген күйі баласына көз тастап:
– Шүкір ылғи да айтылуы керек, балам, – деді, – өйткені біз Аллаһ тағала
нәсіп еткен нығметтерді ылғи да өз кәдемізге жаратамыз. Саған бес минут дем
жетпей қалса, не болар еді?
Ермек иығын қиқаң еткізіп, ернін тістеледі.
– Қайдан білем, онда өліп қалатын шығармын..
– Міне, көрдің бе? – деді әкесі сөзін жалғап, – бізде шүкір етуге татитын
жақсылықтар өте көп...
Сөйтті де терең тыныстап:
– Жаңа мен қызыл арай күн үшін шүкір еттім, – деді.
Ермек әлі де әкесіне таңырқай қарап, одан көз алар емес. Әкесі сөзін қайта
жалғады:
– Күн болмаса жердегі дән жан алып, өспес еді..
Ермектің ұйқысы шайдай ашылып, бар ойының астаң-кестеңі шықты.
Шынымен де, жерге еккен дән өспей қалса, адамдар мен қоса бүкіл жан-
жануарлар аштан қырылмай ма?! Онда мынадай жайма-шуақ өмір де болмас еді.
Таңғала әкесінен сұрады:
– Онда топырақ та, су да нығмет екен ғой, иә?
Әкесі күліп, оның шашынан сипады.
– Әрине, балам, – деді сосын, – дәл солай!
Егіс алқабына да жетті. Қали аға дән салынған қаптарды мәшинеден түсіріп,
соқаны әзірледі. Кішкене Ермек болса, алда қандай іс күтіп тұрғанын
тағатсыздана тосты.
– Мен де дән егейінші, әке! Еккен дәндерімнің өскенін көріп қуанатын
боламын!
– Әрине, егесің, – деді әкесі. – Бірақ бірден емес. Егілген дән берекетті болу
үшін алдымен дұға оқып, бет сипау керек. Сен бар да көлеңкеде кішкене дем ала
ғой, мен екі бас намаз оқып, дұға жасайын. Содан кейін бастаймыз.
Ермек көлеңкеге барып отырды. Бүгін көп нәрсе үйренгенін айтсайшы!
Әкесімен бірге егіс алқабына келгені мұндай жақсы болар ма?! «Ағаларым да
келгенде ғой, шіркін!» деп ойлады. Бірақ артынша «Олар менен үлкен ғой, мен
білетін нәрселерді онсыз да білетін шығар» деп жұбатты өз-өзін іштей.
Әкесі намазын оқып болып, қол жайып күбірлеп дұға оқып отыр. Бір мезет
Ермектің есіне әлдене түскендей селт етіп «Әкем осы дұға оқығанда не айтады
екен?» деген қызықты ой қылаң ете қалды. Қасына барып ол да тізе бүкті.
Күбірлеп айтылғандардың бәрі естіліп-ақ жатыр:
« – Я, Аллаһ тағала! Жерді де, көкті де, тауды да, тасты да, не нәрсе болсын
бәрін жоқтан жаратқан сенсің. Мен болсам – сенің әлсіз, дәрменсіз ғана
құлыңмын. Қазір топыраққа егейін деп отырған дәндерімді сенің шексіз
құдіретің мен мейіріміңе арқа сүйеп барып тастап, бір өзіңе аманаттамақпын.
Оларды өсіріп, өндіріп, берекетті қыла гөр! О, Жаратқан, біз сенің көмегіңе
мұқтаж пендеміз...».
Дұға біткенде Ермек те әкесінен көргенін істеп, кішкене қолдарымен бетін
сипап, «әумин!» деді. Сол күн Ермек үшін ұмытылмастай қызықты болып өтті.
Ол да әкесі секілді уыс-уыс дән шашты. Жерді соқамен жыртқан сайын әлгі
дәндердің топырақтың астында қалай жасырына қоятындығына көз алмай
қарап, қызықтаумен болды.
Кешке үйге келгенде сол күнгі көргендерін түгелдей шешесіне айтып берді.
Ағалары болса, бұл таңғала әңгімелеген нәрселерді күлкіге айналдырып,
келемеждесті.
Қали ағаның егістік жерімен қоса бір бақшасы да бар еді. Сол жылы
егінімен бірге әлгі бақшасы да жақсы жеміс берді. Күз келгендіктен бірнеше
күннен кейін жемістерді жинау керек. Ертеңгі аста сол жайтты тілге тиек еткен
баласы:
– Әке, – деді аса жақтырмаған кейіпте, – жемістерді жинап алып, жылдағы
әдетің бойынша биыл да елге таратып бермейтін шығарсың?!
Әкесі күлді.
– Әркім өз ризығынан дәм татады, балам. Әрине, мұқтаж адамдарға
керегінше беремін.
Ортаншы баласы да ағасының сөзін қоштап сөзге араласты.
– Ала жаздай терді біз төгіп, қызығын бөтен ел көру керек пе?! Одан да
сатып өзімізге ақша жасамаймыз ба?!
Қали аға балаларына ренішпен көз тастады.
– Егер бұл ниеттеріңнен қайтпасаңдар, бәрінен де қағыласыңдар, балам.
Мен неше жылдан бері зәру адамдарға қанша көмектесіп келемін, еш қыжалат
тартқан емеспін. Көрші ақысы деген болады, бұны ұмытпаңдар! Уысың ашық
болған сайын ырысың арта түспесе, кемімейді...
Әкелерін оңай көндіре алмайтындықтарын білген балалары орындарынан
тұра жөнелісті. Қали аға жылы жымиған қалпы қасында отырған кішкене
Ермектің басынан сипап:
– Сен оларға ұқсама, балам, – деді. Береген қол – алаған қолдан қашанда
жоғары тұрады. Осыны ұмытпа!
Жиын-терін басталған күні Қали ағаның бақшасы мерекеге бөленетін.
Жеміс алғысы келген ауыл адамдары Қали ағаның көмегіне зыр жүгіріседі.
Балалар да жерге түскен жемістерді жинасып, тоя жеп мәз болысатын.
Алайда бұл қуаныш ұзаққа созылмады. Мұң-мұқтажға қай кезде де қол
ұшын созуға дайын Қали аға кенеттен ауырып, сол қыс қайтыс болды.
Бақша мен егін күтімі енді балаларына қалды.
Бір күні ең үлкен ағасы барлық інілерін шақырып алып былай деп сөз
бастады:
– Әкеміздің жіберген қателігін біз енді қайталамайық. Маңдай терімізді
төгіп, аянбай жұмыс істейік. Сөйтейік те, елге бір тиын да татырмастан сол күйі
өзіміз ғана пайдаланайық, міне, сонда ғана шіреп баюға болады!
Бәрі бірауыздан қоштағанда, Ермек қана қарсы шықты.
– Ол дұрыс емес, – деді ол өз ойын бүкпестен, – егер көп пайдаға кенелейік
десек, онда алдымен шүкір етуіміз керек. Содан кейін дән жерден нәр алып, өсуі
үшін, кейін берекетті боп, бәрімізге пайдалы болу үшін дұға оқуымыз керек.
Жемісті жинаған кезде қажетінше көрші-қолаңдарға да үлестіргеніміз жөн.
Бұны естіген ағалары кішкене Ермекке дүрсе қоя беріп, ұрса жөнелді.
– Шынашақтай боп ақыл айтқышын өзінің! – десті.
Арада біраз жыл өтті.
Шаруа балалары бір күні егінжайға барғанда өз көздеріне өздері сенбеді.
Еккен бидайлары шықпай жатып қурап, түкке жарамсыз боп қалыпты. Олар
өздерін жұбатып:
– Бұл жылы жаңбыр жөнді жаумады, – десті.
Кішкене Ермек қана істің астарын сезгендіктен, әлгі айтылғанға мырс етіп
күліп, басын шайқады. Өйткені ағалары бұл жылы егін егерде дұға оқымақ
түгілі «бисмиллаһты» да ауызға алмаған болатын.
Сөйткенше жиын-терін науқаны да келді. Ағалары ауылдағы ешкімге тіс
жармастан, ертеңгісін ертемен тұрып бақшаға барды. Бұл жерде де қатты
өкінішке ұрынған олар шарасыздықтан жағаларын ұстасты. Өйткені аяқасты
шыққан өрт бүкіл бақты сол күйі көк түтін мен күлге айналдырыпты.
Екі көзге ерік беріп, бәрі отырып жылай бастады. Ермек қана жігерлендіріп,
оларды жұбатты:
– Зиянға енді ұрынбаудың жолын қарастырайық, – деді ол аузы күйген
ағаларын ақылға шақырып, – Келіңдер тойымсыздық пен ашқарақтықты қойып,
одан да әкеміздің жолымен жүрейік!
Ағалары оның айтқанына көніп, қателіктеріне өкініш білдіріп тәубаға
келісті. Бұдан кейінгі уақытта тер төгіп еңбек етіп, берекетті Аллаһтан күтетін
болды. Аллаһ тағала да, әрине, өзіне қол жайып, күндіз-түні тілеу тілеген
жандардың тілегін қалыс қалдырмасы белгілі. Олардың да тілегін қабыл алды.
Көп өтпей-ақ мол ырысқа қайта кенелген олар бүкіл ауыл болып бақытты өмір
сүре бастады...
Иә, қасиетті Құранда жазылған «Шүкір ете білгенде ғана Жаратушының
несібе-ризықты арт-тыратындығы» осындайда анық ұғылса керек.
Достарыңызбен бөлісу: |