Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет74/79
Дата09.06.2023
өлшемі1,03 Mb.
#100053
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79
Байланысты:
tagylym tamshylary

Қабірден қорқу 


Өлгенде қабірге түсетіндігінен қатты қорыққан бір бай қайтыс боларының 
алдында былай деп өсиет қалдырыпты: «Кім де кім мен өлгенде қабіріме бір түн 
қонып шықса, сол адамға байлығымның тең жартысын қалдырамын!» 
Айтқандай-ақ көп уақыт өтпей бай қайтыс болыпты. Байды қабірге қоярда 
оның өсиеті бойынша жақындары қабірге бірге қонып шығатын адам 
іздестіріпті. Бірақ онымен бірге барып қонуға ел ішінен ешкімнің жүрегі 
дауаламаса керек. Бұған елдің жүгін тасып күнелтіп жүрген, бір құлаш 
арқанынан басқа түгі жоқ сіңірі шыққан бір кедей ғана көніпті. 
Әлгі кедей баймен бірге қабірге түсіп жатады. Кеш бата ел аяғы 
саябырсығанда екі періште келіпті. Келген періштелер қабірдегі екеуге қарап: 
«Мына жерде екі адам жатыр екен. Біреуі – өлі, екіншісі – тірі екен. Өлісі қайда 
қашар дейсің, кел, тірісінен жауап алайық» деп кедей байғұсты бүкіл өмір 
бойғы істеген тірліктері үшін жауапқа тартса керек. «Мына арқанды қайдан 
алдың? Онымен не істедің? Қашан, қай жерге не апардың? Бұл өзіңдікі ме, 
өзгенікі ме?» деген сұрақтарға жауап берумен пақыр-екең таңды әрең 
атырыпты. Бір ғана арқанға жауап берем деп қиналған кедей байғұстың есі 
шығып, үсті-басы әбден қара терге малшыныпты. Бір ғана арқанның есебін бере 
алмай есі шыққан ол ертесі өзін «Байдың жарты байлығына ие болдың!» деп, 
құттықтай келгендерге: «Ойбай-ау, мен түгім жоқ тақыр кедей бола тұра бір 
ғана арқанның есебін бере алмай таңды көрер көзбен әрең атырып әбден 
сілікпем шықты. Сендер маған қалайша сонша байлыққа ие бол дейсіңдер?! 
Қой, айналайын, ондай байлықтарың бар болсын. Аулақ!» деп азар да безер 
болып ат-тонын ала қашқан екен. 
От пен топырақ 
Жаратушыға деген сенімнен ада, Құдай жоқ деп парықтайтын біреу діндар 
бір ғалымға келіп мынадай үш сұрақ қойыпты: 
– Аллаһ бар болса маған көрсетші? 
– Аллаһ маңдайына жазып қойса, адам неге жазаланады? 
– Шайтан өзі оттан жаратылса тозақ отына қалай күймек? 
Байсалды қалпын бұзбастан оның сұрақтарын тыңдап болған ғалым жерден 
бір кірпіш сынығын алып әлгінің басынан бір ұрыпты. Басы жарылған дінсіз 
бірден биге жүгініпті. Би ғалымнан сұрапты: 
– Басынан кірпішпен ұрғаның рас қой? 
– Маған үш сұрақ қойған еді. Мен сол сұрақтарына кірпішпен жауап бердім, 
– депті ғалым. 
– Қалай сонда? 
Таңғалған биге ғалым өз ісінің астарын былай деп түсіндіріпті: 
Біріншіден, «Аллаһ бар болса маған көрсет» деп сұрады. Басының 
ауырғаны рас болса маған көрсетсін кәне? Екіншіден, «Маңдайына Аллаһ 
жазып қойса адам неге жазаланады?» деді. Басына кірпішпен ұрылу жазылса, 
мені неге Сотқа берді? Үшіншіден, «Өзі оттан жаратылған шайтанға тозақ оты 
қалай әсер етеді?» деп сұрады. Оған да жауап бердім: Өзі топырақтан жаратылса 
топырақ кірпіш оған қалай әсер етті? 
Қисынды жауапты естігенде сот ғалымды еркіне қоя беріпті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет