Немересімен күн шуақта отырған қарт
сонадай жерде бір-бірімен
ырылдасудан-ақ шаршамайтын екі итіне сырттай көз тастап отырды. Екі иттің
біреуі қара, біреуі ақ еді. Бала ес білгелі әлгі иттер атасының ауласында ылғи да
ырылдасып жататын. Неге екені белгісіз, бұларды
атасы қасынан бір елі
ажыратқан емес. Бір үйді күзеткенге бір-ақ ит те жетпей ме, екеуінің түрі
неліктен екі түрлі деген ойлар бала санасын көптен бері мазалап жүргендіктен
осы жолы ептеп атасынан сұрауды жөн көрді.
Немересінің қойған сұрағына еріксіз жымиған қарт әуелі оның арқасын
сипап біраз отырды, сөйтті де: – Олар мен үшін екі белгі, балам, – деді асықпай
жұмбақтаған күйі.
Бала әлі де түсіне қоймағандықтан: – Ненің белгісі, ата? – деп қайта сұрады.
– Жақсылық
пен жамандықтың белгісі, – деді қарт немересіне ендеше ол
жайды бір тәптіштеп түсіндіріп қояйын деген кейіппен, – Тура мына сен көріп
отырған әлсін-әлсін өзара ырылдасқан иттер секілді адам бойында жақсылық
пен жамандық та ылғи бір – бірімен айқас үстінде жүреді.
Бұларға қараған
сайын мен соны еске аламын, сол үшін де оларды ылғи өзіммен бірге
ұстаймын...
Бала айқаста әйтеуір біреу жеңер болар деген ойын жасыра алмастан балаға
тән сұрағыш кейіп танытты: – Ата, сонда бұлардың күресте қайсысы жеңеді?
Қарт жүзі қайта күлімсіреп: – Е-е,
балам-ай, – депті сонда, – қайсысына
көбірек болыссам, сөзсіз сол жеңеді...
Бір іске тап болғанда кейде іштей көп ойланып тұрып қалатынымыз бар.
Сондайда адам жамандыққа бастайтын нәпсіден гөрі жақсылыққа
жетелейтін ақылға жүгінгені жөн.
Күндер мен күнәлар
Бір кісі өз-өзін есепке тартыпты. Ол үшін бүкіл өмірін жалпылама алпыс
жыл деп алып, сол алпыс жыл ішінде қанша күн бар екенін есептегенде 21 900
күн шығыпты. Бұны көріп есі шыға безек қаққан әлгі кісі өкіріп жылап қоя
беріпті.
– Күн сайын бір күнәдан істесем осыншама көп күнамен
қай бетіммен
Аллаһтың алдына барам?! – деп жанын қояр жер таппай егілген ол сол мезет
талып қалыпты.
Есін жиғанда жаңағы нәрсе қайта есіне түсіп, қайтадан талықсып кетіпті.
Маңайындағылар оятуға тырысқанда оның өліп қалғанын бір-ақ біліпті.
Иә, біздің күніге қанша күнә істеп жатқанымызды кім білсін? Соңымыз не
болар екен? Аллаһ бәрімізді де кешірсін!..
Достарыңызбен бөлісу: