Қазақстан респпубликасы ғылым және жоғары білім министрлігі


Бастауыш сынып оқушыларының кең ауқымды дағдыларын қалыптастыруда кіріктірілген сабақтарды қолдану әдістемесі



бет3/4
Дата25.03.2023
өлшемі113,27 Kb.
#76096
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
жеке тапсырма айгерім (3)

2. Бастауыш сынып оқушыларының кең ауқымды дағдыларын қалыптастыруда кіріктірілген сабақтарды қолдану әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының кең ауқымды дағдыларын қалыптастыру жолдары
Тұлға бойындағы жеке қасиеттері мен қабілеттердің заманауи қоғамда толыққанды мәнді өмір сүруге бейімділігін қамтамасыз ететін дағдылар саналады. Қазіргі уақытта көптеген әдебиеттер мен оқыту үдерісінде кең ауқымды дағдылар яки ХХІ ғасыр дағдылары деген секілді сөзтіркестерді жиі қолдаыста. Сонымен қатар оқыту және тәрбиелеу негізінің нәтижесі ретінде де талап қойылып отырғаны мәлім. Ендеше алдымен дағды деген ұғымның мазмұнын талдап ашып көрелік. Дағды дегеніміздің мазмұны бірнеше реттік қайталап отыру жолымен қалыптасатын, ырықсыз түрде жасауға апаратын әрекеттердің жиынтығы. Және де дағды алғашқы кездері саналы орындауды қажет ететін іс-әреттердің қайталанып жаттығудан туындаған нәтижесі. Кей жағдайларда санасыз да қайталау барысында қалыптасатын әрекеттерден көрінеді.Соңғы уақытта табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да дәл солай керек. Өйткені бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуына,түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді.Бастаувш сыныпқа арналған жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттары оқушыларды шынайы проблемаларды анықтап зерттеуді қарым-қатынас жасау дағдылары: тыңдалым, айтылым, оқылым,жазылым, проблемаларды шешу және анықтамалық материалдарды зерделеумен байланысты дағдыларын дамытуға көмектеседі.[7;36] Бүгінгі таңда бір ғасыр бойына айтылып келген білім, білік және дағды құзіреттілікпен жалғасып жатыр. Осы тұстағы жан жақты тұлға құзіреттілігін қалыптастыруға да болады. Онда қызығушылықпен білім алу, педагогтарға сенім арту, қиын жағдайлапда эмоционалдық тұрақтылықты сақтай білуі, өзінің қажеттіліктерін айта білу, ақпарат көздерін таба алуы, бірлесіп, топпен, жеке және жұптық жұмыстарды жасай алу, жағдаяттан шыға білу, өзін өзі бағалауы бақылауы маңызды рөл атқарады.Санасыз болғанымен бірнеше рет қайталану барысында автоматталған әрекетке ұласып, жылдам және нақты орындалуы да мүмкін. Дағдылар оқушылардың алған бұрынғы меңгерген академиялық білімдерімен және дағдыларының барысымен шектелуді болдырмауымыз тиіс. Білімді, білікті, дағдыларды жылдам, қиындықсыз игеруі қабілеттердің деңгейіне әрине тәуелді болады. Және тағы бір тұсы бар бұл дағдылардың қалыптасуы қабілеттерінің дамуымен ықпалдасады.
Білімнің және біліктердің жетілмеуі бала қабілеттерінің тежелуіне әсер етеді. Дағды секілді қабілет балаға дайын түрде берілмейді әсте, ол оқыту үдерісіндегі бүткіл педагогикалық қызметтердің үйлесе атқарылатын тәрбиелеудің, оқытудың арқасында әрдайым жүзеге асырылатын даму, қалыптасу, жетілудің нәтижелері болып табылады.
Ежелгі грек философы Сократтың жазған еңбектеріндегі материалдарға сүйенсек: Оның оқушыларындағы қабілеттерді дамуын жете зерттеп, ықпал етіп отырған және балаларға ешбір дайын тапсырмалар бермеген, шындыққа жетуді өздерінің әрекеттеріне ысырып қойып тапсырғаны көрсетіледі. Сол кезден бастап дидактикада «сократтық әдіс» деген атаумен белгілі. Испандық дәрігер Хуан Уарте адамның қабілеттері шектеуі бар, сондықтан да түрлі әрекеттердің нәтижесі де барлығында бірдей жеміс бермейтінін айтса, оған кері пікірді педагог Коменский Я.А. оқытудың мақсатты болуынан балада түрлі қабілеттердің қалыптастыруына әсер ете алады деген идеяны алдыға қояды [5,147б].
Білім берудің жаңа мазмұны әлемдік заманауи озық тәжірибелерге негізделуі, яғни ғаламдық білім беру параметрлері мен дидактикалық қағидалардың интеграциялануына бағытталды. Бұл Елбасымыздың жастардың бойынан креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуды және командада жұмыс жасай білу секілді қабілеттерін жетілдіру, яғни білім беру ісінде 4К үлгіге сай дағдыларды қалыптастыру міндетті нақты қоюы тектен тек емес.
Ғылым интеграциясының «жаһандық» формалары математика, астрономия, физика, химия, биология, психология, әлеуметтану, кибернетика т.б. сияқты интеграциялаушы нақты іргелі және кешенді ғылымдар негізінде ғылымдардың бір-біріне өту үдерісі болып табылады. Қазіргі заманғы ғылым интеграциясының неғұрлым маңызды және айқын сондай формаларынан физикалануды, математикалануды, кибернетикалануды, синергетикалану мен ғарыштануды бөліп көрсетуге болады. Интеграция механизмі бірнеше ғылымдардың әдістері, идеялары мен теориялары, екінші ғылымға сіңіп және осыған сәйкес біріншісінде түр өзгерісі болатын кері байланыс механизміне ұқсас. Ғылымдардың интеграциясы өзара әрекет жасайтын ғылыми пәндердің сипатына, олардың санына, даму деңгейіне елеулі түрде байланысты болады [7;53б.].
Барлық пәндік оқу бағдарламаларының мазмұны пәнаралық интеграцияның сипатын береді және олар тұлғаның жан-жақтылық құзыреттіліктерімен қамтамасыз етуін және оны жетілдірудің қатынасы жүзеге асырылады. Мұндағы әрбір жекелей курстардың тұлғаның бойында білімі, білікті, дағдылардың деңгейін көтеруге бағыттауы, практикалық негізде бірімен бірінің қатынастары бар қасиеттері мен қабілеттеріне басымдық беріледі. Өйткені, баланың өмір сүру барысында тұрмыстық әртүрлі ситуацияларды басынан кешкен сәтте, әрбір жекелей пәндердің акмдемиялық білімдерімен қоса, меңгеріп жатар қабілеттерінің интегративтік қорындағы әлеуеттерінің, дағдылары мен машықтарының іске қосылуынан көрінуі. Әрине баланың жеке қасиеттері мен қабілеттерімен бірге «азаматтық қағидатын» негізі жоғары тұста болады. Тұлғаның материалдық құндылығы рухани құндылықтан бөлек ешбір ұтысқа түспек емес. Демек, жеке пәндерден алған біртұтастық білім интеграциясы арқылы өмірге қажет құзыреттіліктермен толығып, қажеттілігін өтеуге кіріседі.
Отандық орта білім мазмұнын жаңарту барысында қазіргі өмірде кең ауқымды дағдыларға көп көңіл бөлінеді. «Кең ауқымды дағдылар» келесі іс-әрекет түрлерінен тұрады: білімді шығармашылықпен қолдану; сыни тұрғыдан ойлау; зерттеу жұмыстарын орындау; АКТ қолдану; тілдік дағдылармен бірге қарым-қатынастың коммуникативтік тәсілдерін қолдану; топта және жеке жұмыс жасау біліктілігі [8,34б.].
Оқу бағдарламалары тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар, кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Оқу мақсаттарының құрылымдалған жүйесі оқушылардың білімді функционалдық және шығармашылықпен қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және өз бетінше жеке жұмыс істей білу, мәселелерді шешу және шешім қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларын дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейінгі қызметінде де жетістіктерге жетуінің кепілі болып табылады.
Оқу пәндерінің кірігуі төмендегі шарттарға байланысты:
-зерттеу нысандарының сәйкес келуі немесе өзара жақын болуы;
-кіріктірілген оқу пәндерінде зерттеу әдістерінің бірегейлігі немесе ұқсастығы;
-кіріктірілген оқу пәндерінің жалпы заңдылық, жалпы теориялық тұжырым негізінде құрылуы.
Кең ауқымды дағдылардың оқыту нәтижесінде бірегей талап болуы, халықаралық бағалау бағдарламасында баланың функционалдық сауаттылығын қалыптасу көрсеткіштері арқылы бағамдануы жайдан жай емес [8,37б.].
Қазіргі оқушылардан түрлі пәндерді оқыту арқылы академиялық біліммен қатар кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруды талап етіліп отыр:
-білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану;
-сын тұрғысынан ойлау;
-зерттеу жұмысын жүргізу;
-ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;
-коммуникативті қарым-қатынас тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды пайдалану;
-топпен және жеке жұмыс жасай білу [4,37б].
Бастауыш білім беруде жаңа оқу бағдарламада көрсетілгендей «Дүниетану», «Жаратылыстану» интеграцияланған пәндер жеке беріліп, мектеп тәжірибесінде жүзеге асырылуда. Сонымен, бастауыш мектепте сабақтарды интеграциялауды мұғалімдердің жиі қолдануы, әр түрлі ғылыми білімдерді жинақтау есебінен оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыратындығын көрсетіп отыр. Кейбір педагогтар интеграция арқылы оқытуды баланың әр түрлі кезде меңгерген білімінің жүйелілігімен байланыстырады «оқуға үйрету неғұрлым оңтайлы болады» деп есептейді [26,8б.].
Дағдының физиологиялық негізі динамикалық стереотиптіктігі. Мәселен, баланың жазу үйренуді бастаған кезде бірнеше қосымша қимылдар жасап, қиналып, бар зейінін аударып, соңғысында жазуға дағдыланады, дағдыланған соң оның әрекеттері автоматталады. Бір нәрсеге дағдылану үшін зейінімен бірнеше рет қайталап әрекет етудің әсерінен дағдыға, әдетке ауысады. Оның мына секілді белгілері бар:
1. Түрлі әрекеттерді тез орындап, жылдам қимылдап отыру белгісі, бұл дағдыланудың бір белгісі.
2. Дағдыланған соң қиналып, зорланып, күштеп орындау басымдығы азаяды.
3. Түрлі жеке амал-әрекеттерді біріктіріп, одан бүтін бір амал жасап, әрекет етуді айтады.
4. Қозғалыс пен бақылаудың басымдығы артады, көзбен бақылаудан гөрі. Мәселен әріп теруді баастағанда яки компьютерде мәтін терудегі дағдылар осыған мысал бола алады. Мұнда саусақтардың қимыл әрекеттерін түйсінуге мән беруді айтады.
5. Дағдылануға машықтануды, яғни мәтінді көшірген кезде, адамның дағдылануының соншалықты нәтижесі, көзбен қолдың озық әрекет жасауы, сол дағдыға машықтануы, мәселен көз оқыған сөздерді қол теріп жатқанда көздің қолға қарағанда озып оқуына, жазылып жатқан кезде, ойда көз оқыған сөздердің жазуға даяр тұруын айтамыз. Ол әрине машықтану, дағдылану дегенге саяды. Тура осы секілді мәнерлеп оқыған кезде де осы дағдылар көмекке келеді. Бұл психологиялық түрде дағдының антиципациясы, яғни мағынаса, алдын ала біліп қою деген мағынаны береді. Дағды деген адамдар үшін маңызы ерекше. Дағдының әсерінен санамыздың қызыметін бүткіл тұтастықта жұмылдырып, табысқа жетелейтін нәтиженің беруі. Дағдылардың түрлері былай бөлінеді: сенсорлық және интеллектілік. Дағдылардың соңғы креативтілікке әкелу және мінезінің қылықтарының, әрекеттерінің қалыптасуына септігін тигізеді.
Отандық орта білім мазмұнын жаңарту барысында қазіргі өмірде кең ауқымды дағдыларға көп көңіл бөлінеді. «Кең ауқымды дағдылар» келесі іс-әрекет түрлерінен тұрады: білімді шығармашылықпен қолдану; сыни тұрғыдан ойлау; зерттеу жұмыстарын орындау; АКТ қолдану; тілдік дағдылармен бірге қарым-қатынастың коммуникативтік тәсілдерін қолдану; топта және жеке жұмыс жасау біліктілігі.
Оқу бағдарламалары тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар, кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Оқу мақсаттарының құрылымдалған жүйесі оқушылардың білімді функционалдық және шығармашылықпен қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және өз бетінше жеке жұмыс істей білу, мәселелерді шешу және шешім қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларын дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейінгі қызметінде де жетістіктерге жетуінің кепілі болып табылады.
Кең ауқымды дағдылардың оқыту нәтижесінде бірегей талап болуы, халықаралық бағалау бағдарламасында баланың функционалдық сауаттылығын қалыптасу көрсеткіштері арқылы бағамдануы жайдан жай емес.Мұндағы функционалдық сауаттылық дегеніміз не? Баланың теориялық академиялық білімдерінің өмір тәжірибесінде кадесіне оңай жарата алуы, табысты, жеңіл өмір сүруіне кепіл бола алуын жатқызамыз. Функционалдық сауаттылықтың жалпы мазмұны баланың бірнеше өмірлік практикаға кадесіне жаратарлық дағдыларына ие болуы. Функционалдық сауаттылықтың анықтамасын былай беруге болады, яғни адамдағы алынған оқу мен жазу дағдыларына әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың нәтижесінде пайдалана алу қабілетіне, яғни бұл сауаттылықтың деңгейіне, адамның сыртқы ортамен қарым- қатынасқа түсудің бар мүмкіндіктерін береді және тез арада кез келген өзгеріске, ортаға енуге жасалған әрекеттері, сондай ақ, бірге осы ортада әрекет етуі болып табылады.Қарым-қатынасқа түсу әрекетінде мәтіннен алған ақпаратты алып, оны басқаларға жеткізу және олармен араласып қарым-қатынасқа ену болады.
Жаңартылған білім беру мазмұнының басты ерекшелігі ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында. Олардың түрлерін шартты түрде былай жекелеп береміз [17,7б.]:
1. Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым);
2. Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану, талдау, салыстыру, бағалау);
3. Шығармашылық ойлау дағдысы
4. Логикалық ойлау дағдысы
5. Сыни ойлау дағдысы
6. Алгоритмдік ойлау дағдысы
7. Критикалық ойлау дағдысы
8. Проблемалық ойлау дағдысы
9. Технологиялық ойлау дағдысы
10. Тілдік құзіреттілік дағдысы
11. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
Оны жаңа мазмұнды оқу бағдарламаларда да арнайы пәндерге академиялық білімдермен қатар меңгерілетін дағдылардың сипатына кіріктірілгендей кең ауқымды дағдылар деп атауымыз,әр пәннен меңгерілетін дағдылардың көлемі де анықталған. Сол пәндердің негізгісі деп бастауыш сынып оқушыларына кең ауқымды дағдыларды қалыптастыратын мазмұнға ие «Жаратылыстану» пәні болып саналады. Сондықтан да жаратылыстану пәні бастауыш сыныпта жеке пән ретінде енгізілуі мақсаты да соны көздеген. Дәлірек айтсақ жаратылстану ғылымдарыынң интеграциясынан білім бере отырып оқушыларға ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға көмектеседі. Мәселен: зерттеу жүргізе білу, проблемаларды шешу, сын тұрғысынан ойлау, өзбетінше оқу, ынтымақтастық, ақпаратты өңдеу, жасау және жобалау, тәжірибелік дағдылар сияқты түрлерінің қалыптасуына құзыреті жоғары болып келеді. Сондықтан кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына барлық дерлік пәндердің академиялық маңызды міндеттері болып табылады және оның инновациялық ұйымдастырылу әдістемесіне аса мән беру керек екені айдан анық. Жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұны мен талаптарына сай оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыра білсе педагог оқыту нәтижелерінің халықаралық бағалай бағдарламасының талаптарына да сай келетінімізге шүбә болмас. Ол үшін педагогтардың жаңа азаматтардың бойында қалыптасуы тиіс дағдылардың меңгерілуіне басымдық берілуіне дайындықта болу шарт. Оны мемлекетімізде андрогогикалық процестің дүниеге келуі осыдан, алдымен біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру арқылы мұғалімдерді оқытуды белсенді қолға алғаны жайдан жай емес. Алдымен педагогтардың өзін оқыту мақсаты тұрды, әрине педагогтың кәсіби шеберлігіне кең ауқымды дағдыларды қалыптастыру моделін және оны жүзеге асыру технологиясын меңгерту мақсат тұтылды.
Кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруына сын тұрғысынан ойлау әрекеттерімен, дәлірек келтірсек өзінше мәселе қоя отырып, соған өз бетімен шешім іздестіруі, баламаларын ұсынуы, өзінің көзқарасын, шешімін қорғай білуін айтамыз. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша оқытудағы тұлғаға бағытталуының орталықталықтандыру түріне жатады, оның тұлғаның дамуы, оның арасында сыни көзқарасының дамуы, шығармашылықтық мүмкіндіктерінің ашылуына, яғни коммуникативтік қатысымға еркін түсе білуді дағдыландырады.
Кең ауқымды дағдылардың негізін меңгертуде тұлғаның үйлесімді дамуына әсер ететін саралау түрлерінің жеті тәсілін қолдануға болады. Олар:
Біріншісі тапсырма болып саналады. Оның құрамындағы тапсырмалар деңгейлері түрліше болып келетін оқушылар үшін тапсырмалардың түрлері жатады, олардың қажеттілігіне орай, яғни көмек керек пе, әлде күрделі тапсырмалар беру керек пе, яки әр қилы кестелермен, жаттығулардың және тапсырмалардың жасалуы, күрделі деңгейіне орай ілгерілейтін оқушыларға арналаған тапсырмалардың нұсқалары берілген кеспеқағаздар пайдалануды жатқызамыз.
Екіншісі дереккөздермен жұмыс, онда оқушылардың кейбірі тағы басқада сыныптастарымен салыстырғанда әлдеқайда қиындау дереккөздеріндегі материалдарды талдап жұмыс жасай алады, дереккөздерінің ауқымын талқылауды негізге алатын мәтіндерінен бастап, әлдеқайда күрделі сөздермен қиын идеяларын түсіндіре алатын мәтіндеріне де жинақтап, басқа да баспаханалардан шығып жататын және түрлі электрондық дереккөздермен де жұмыс жасай алу әлеуетін айтамыз. Мұнда материалдардың пайдалануында әлдеқайда ауқымдырақ көлемімен жұмыс жасай білуін көрсетеді.
Келесі тәсілдің бірі қарқыны, яғни оқушылардың базбіреуі басқаларымен салыстырғанда жедел жұмысты істеуін айтамыз және тапсырмалардың қосымша түрлеріне де көбірек күш жұмсаудың кейбір оқушылардың қолдануына болатынын,негізгі тапсырмалардан бөлек түсіндіру кезінде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.
Келесі қорытынды, мұнда барлық оқушылардың бірдей тапсырманың түрін орындағанымен әрқайсысының нәтижелерінде түрлі болатыны кездеседі, мұғалімнің тапсырма беруін, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптағы бағытта әрекет істеудің емес, кейбірінің өздерін мықты және әлсіз тұстарын орайластырып жауап беруіне, барлығына бағытталып дайындалған нұсқаулықтың берілуі, және әрқайсысының өздерінің күтетін нәтижесінің түсінгендері бойынша көз жеткізуіне орайласуы. Білім бұл зор мүмкіндіктер әлемінің есігі әрі әрдайым осылай болып қалады.
Диалог және қолдау көрсету: кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады, мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.
Бағалау:оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша педагогикалық қызмет пен саралаудың басқа да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп отырылуы мүмкін. Педагогикалық қызмет табыстылықты, жақсартуды, түзетуді қажет ететін салаларды анықтайтын әмбебап үдеріс болуы керек, сонда ғана біз пәнді оқытудан оқушыны оқытуға қарай жылжи аламыз.
Жіктеу: Оқытудың болжалды міндетіне қарай топ құруда пайдалы көптеген тәсілдер бар:мүдделері ұқасас оқушылар (мысалы, қиындық деңгейі немесе қолдау деңгейі), талаптары әртүрлі оқушылар, джигсо топтары, кәсіби дағдыларына қарай бөлінетін топтар немесе сарапшы топ, гендерлік топ, аралас гендерлік топ, ұйымшыл топ.
Саралаудың түрлерін тиімдірек қолдануда әрқайсысы оқушыдағы қажеттіліктерін ашуда, қолдауда, оқытудың процесінде жетілдірудің, оқудағы бағдарламада қойылған мақсатты, міндеттеріндегі жетуде және кең ауқымды дағдылардың игерілуіне мүмкіндіктерін беруін айтамыз.
Педагогтарға сабақтарын жоспарлаудағы дағдыларының дамытуына негізделе саралаудың тапсырмаларындағы анықтауының, саралауының түрлері бұрынырақ жоспарлауды және қолдаудың қажетті ететіндей оқушылардың өздеріне бағытталуын арналған тәсілдердің қолдануына қиындықтар тудыруы мүмкін. Демек жоғарыдағы ұсынылған саралаудың түрлерінде кездескен қиындықтардың шешімін көрсетуге жәрдемдеседі.
Бала бойында қалыптасқан кең ауқымды дағдыларының білімдерімен бірге кез-келген жағдайда қалай қолдану қажеттігінің біліп, келешек өмір тәжірибьесінде кездесуі мүмкін тапсырмалардың шешімін таба білуіне кепілдік беру мүмкіндігі бар. Бұл дағдыларының дамытылуы оқу бағдарламаларындағы білім берудің жүйелілігі мен оны жүзеге асырылуына байланысты болмақ.
Енді оқушылар бойындағы кең ауқымды дағдылардың дамытуында мұғалімнің не істеуі тиіс? Дағдылардың дамында, әрі әрбір оқушының қажеттілігіне ашылуына негізделе ала ма? деген сауалдардың бір жауабы оқыту үдерісі мен мазмұнды дұрыс саралау және олардың түрлерін тиімді таңдай алу ына байланысты.
Кең ауқымды дағдылардың сипатын мына төмендегідей теориялық моделі арқылы кестелеуге болады.

(1-сурет)


Сурет-1 «Кең ауқымды дағдыларының» моделі
Бастауыштағы балалардың бойында коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруда оқыту үдерісіндегі белсенді оқу стратегиялардың қолдануындағы әдістемесіне тоқталар болсақ:
Белсенді оқыту дегеніміздің өзіне келер болсақ, оқушылардың эксперимент жасауына, белсенді диалогқа түсуіне мүмкіндік жасау, мағына құрып, түсінік қалыптастыру, ізденумен тақырыпқа сай мәтінді әңгімелеу, жаңа білім мен алдыңғы тақырыптарда алған білімдердің арасында байланыс орнатылуын қамтамасыз ету, қателік жіберу, қателіктің кілтін табу секілді әрекеттер жиынтығын айтамыз. Коммуникативтік дағдыларды бірлескен оқу арқылы да жүзеге асыру нәтижесі беретінін тұжырымдауға болатынын айтамыз. Бірлескен оқу құрылымына топтық жұмыс жатады. Мұндай инновациялық оқыту түрлері тұлғааралық және қарым- қатынастық дағдылардың қалыптасуына әкеледіБастауышта білім берудің мақсатының сипаты кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру болып келеді. Нәтижесінде төмендегі суретте көрсетілген кең ауқымды дағдыларды меңгертуді жүзеге асырылуы шарты міндеттеледі.
(2-сурет) Сурет 2. Кең ауқымды дағдылардың сипаты
Кең ауқымды дағдыларға қол жеткізудің стратегиялық жолдары мен әдістерінің ұтымды қолдануын талап етеді.
Кең ауқымды дағдылар: коммуникативтік қабілет, шығармашылық пен білімге құмарлық, ақпартпен жұмыс жасау дағдылары, әлеуметтік жауапкершілік, сынтұрғысынан ойлау, өзіндік дамуға бағыттылық, кез келген мәселені қойып, оны шешу дағдылары деген секілді дағдылар кең ауқымды дағдылаға кіреді, оның ең негізгісі деп 4К дағдыларына кіріккенде: креативтілік, сыни ойлау, коммуникативтілік дағдылар, командада жұмыс жасау деген сияқты ірі 4 дағдыларға біріктіріп, оның теориялық моделі ұсынылды.
6. Кең ауқымды дағдылар мен қабілеттерді дамытуда арнайы тапсырмалар, онда логикалық жаттығулар, өмірлік практикамен байланысты тапсырмалар желісі арқылы дамытуға болатыны дәлелденді.
Жалпы жаңартылған білім беру жүйесінің негізгі миссиясы да осы болып саналады. Кез келген азамат бәсекеге қабілетті, тез өзгермелі қоғамға бейімделуге икемділігі жоғары, халықаралық стандарт талаптарына сай білім білік, дағдыларын қалыптастырған, құзыреттілігі жоғары, функционалдық сауаттылығын жоғары тұлғаны жетілдіру мен оқыту нәтижесі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет