І Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық
Әр бір адам – туыс , бауыр жұрағат, Әр бір сабақ – өнер , білім , ұлағат.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Малта мәтінін оқыту. 212- жаттығу
Сұрақтар
24
8
Есен апасына қандай сұрақ қойды ?
9
Малта неден қалай жасалады ?
ІІІ Жаңа сабақ
«Шашылған дыбыстар» дидактикалық ойын .
Сабаққа келе жатқанда . Менің қолымда бір уыс әріп болған , ішінде дауысты , дауыссыз ддыбыстарда бар . Осы есіктен
кіре бергенде әріптерді шашып алдым . Соны жинақтауға көмектесіңдер . Әріптерді құрастырғанда Әбілхан сөзі шығады.
Осы суретшілердің ұстазы , қазақтан шыққан тұңғыш кәсіпқой суретші , тілмен емес қыл қаламмен сөйлеген атамызбен
танысамыз.
Әбілхан Қастеев . Ә. Қастеев 1904 жылы Талдықорған облысы , Панфилов ауданы . Шежін ауылында дүниеге келген . 8
жасында жетім қалып , тау – тасқа мал баққан , мал бағып жүріп тастан қашап мүсін жасаған . Ол өнер ортасынан шет
жүрседе суретке деген қызығушылығын жоғалтпай , алға ұмтылған. Қазақ халқының тұрмыс – тіршілігі туралы көп сурет
салған . Табиғат тамашалары , таудың суретін керемет бейнелей білген.
Мағынаны тану :
12
Ана тілі , математикадан басқа қандай сабақтар өтеміз ?
13
Қарындаш не үшін керек ?
14
Сурет салуға тағы не керек ?
15
Негізгі бояу түстері. (Қызыл , сары , көк)
Енді осы түстердің қосылыстарын көрсетейік .
16
Қандай суретшілерді білесіңдер ?
Оқулықпен жұмыс
9.
Өлеңді мәнерлеп оқу , түсіндіру
10.
Тізбектеп оқыту
11.
Өлең мазмұны бойынша сұрақтар
10
Сонымен Әбілхан Қастеев кім болған екен ?
11
Қастеев туралы не білесіңдер ?
12
Тағы қандай суретшілерді білесіңдер ?
Сөздік жұмыс
Аты аңыз – есімі ел ауызында қалған адамдарды аты аңызға айналған дейді
Көз тартады – еріксіз қарады
Оттай басылған - ыстық көрінген
Дәптермен жұмыс 215 жаттығу
Тұмсығымен ояды ,
Ұя жасап қояды.
Табыңдаршы , балалар ,
Ол қандай құс болады? (тоқылдақ)
Жұмбақты көшіріп жаз , шешуін тап . Кім ? не? сұрақтарына жауап беретін сөзді тап .
Сергіту сәті Қане қанат жазайық ,
Қарлығаш болып ұшайық.
Ұшып – ұшып алайық ,
Орнымызға қонайық.
Терме диктант Заттың атын білдіретін сөздерді жазу .
Әдемі, жүгірді, алмұрт , күлді , үй , жасыл , гүл , ертең.
Ой қозғау. Мен айтқан сөздерге сұрақ қой .
Кітап – не? Көк – қандай? Жүгірді – не істеді? Он екі – қанша ?
Мын сөздер нені білдірен айт .
Қарындаш – заттың атын білдіретін сөз
Секірді – заттың қимылын білдіретін сөз
Сары – заттың түсін білдіретін сөз
Бес – заттын санын білдіретін сөз
Ойын «Ойлан , тап»
6 + 4 = 9 – 3 = 8 – 4 =
7 + 2= 10 – 5 = 10 + 10 =
Шығармашылық тапсырма «Адасқан сөздер»
Тепті , шана бала Сұлу ! неткен табиғат Бардың? қайда сен
ІV Сабақты қорыту
1.
Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
2.
Адамға қатысты сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
3.
Не? нелер? сұрақтар қандай сөздерге қойылады?
4.
Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді ? қандай ?
5.
Жуан дауысты дыбыстарды ата .
6.
Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
7.
Әбілхан Қастеев кім?
8.
Қандай ақындарды білесіңдер?
V Үйге тапсырма «Суретші ата Ә.Қастеев» өлеңін жаттау 216 – жаттығу
Бағалау
25
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Далдабай ауылы
№115 негізгі мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Телишова Гүлбану Шыбынтайқызы
Сабақ жоспары
Күні:19.11.15
Пәні: Ағылшын тілі
Сынып: 5
Сабақтың
тақырыбы:
Unit 3. Step 2. Carol’s kitchen.
Сабақтың жалпы
мақсаты:
Танымдық: “Carol's kitchen' мәтінін талқылау арқылы өз пікірлерін еркін жеткізуге үйрету;
Эмоциялық: «There is », «There are» -құрылымының жасалу жолын қайталау арқылы ауызекі
сөйлеуде қолдануға дағдыландыру;
Әлеуметтік: Өзара ынтымақтастық қарым-қатынаста жұмыс жасауға жағдай тудыру, бағыттау,
диалогтік қарым –қатынасқа түсу
Оқытудың
нәтижелері:
«There is», «There are» құрылымын қайталай отырып, ас үй жабдықтарының атауларын үйренеді.
Жаңа сөздерді өмірде қолдана білуге қалыптасады. Өзара ынтымақтастық қарым-қатынаста
жұмыс жасайды
Әдіс-тәсілдер:
«Ыстық орындық», «Ойлан, бірік, бөліс»,«Reading with stops», талқылау, сергіту сәті « Оқы,
тыңда, ән сал», «Showdown» тәсілі,«Стикермен диалог», «Ашық журнал», өзін-өзі бағалау
парақшасы,топтық бағалау, рефлексия
Сабақтың
көрнекілігі
Плакат, маркер, стикерлер, смайликтер
Сабақтың барысы
Сабақ
бөлімінің
кезеңдері
Уақыт
ы
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ресурстар,
көрнекіліктер
Greeting
Dividing
into groups
“Milling”
Checking
homework
«Hot
chair»
2мин
2 мин
7 мин
Good morning, boys and girls!
Sit down please!
I’m glad to see you!
How are you?
Today we have many guests and we are
glad to see them too.
Before begin our lesson I invite you in
the middle of the room and sing ‘’The sun
wakes up’’
1 топ- living room
2 топ- kitchen
Ok, children, what’s your home task?
Open your copy-book and books
Now let’s check-up your home task.
Өткен сабақта өтілген тақырыптан
сұрақ қою арқылы үй тапсырмасын
бекітемін.In previous lesson we have
talked about living room.
What kind of new words have we learnt?
1. Is there a table in the living room?
Yes, there is
2. Is there a clock?
No, there isn’t
3. Are there any armchairs?
Yes, there are
Are there any books on the table?
No, there aren’t
There is…
There are….
Good morning!
The Sun wakes up
Yes, the sun wakes up.
The sun smiles,
Yes, the sun smiles.
The wind blows,
Yes,the wind blows.
The rain falls down,
Yes, the rain falls down.
The sun goes down,
Yes, the sun goes down.
The moon come up.
Yes, the moon comes up.
The night lies still,
Yes, the night lies still.
Then the sun wakes up,
Yes, the sun wakes up.
Үй жиhаздары бейнеленген
суреттер арқылы топқа бөлінеді.
1 топ- living room
2 топ- kitchen
Берілген сұрақтарға жауап беру
арқылы өткен тақырыпты естеріне
түсіреді.
Суреттер
26
You have a criteria of success .At the end
of the lesson I give you your mark
Brainstorm
ing
3мин
Now, look at the blackboard. What can
you see in this picture?
Name, what you see.
Very good.
This is a kitchen
This is a …
This is a …
This is a …
Интербелсенді
тақта
Presentatio
n
4 мин
Before begin our lesson shell repeat new
words.
The new words of the theme:
A kitchen
a cup
a plant
a telephone
a window
a chair
a stereo
a lamp
a door
a picture
a plant
a carpet
a fire
a television
a sink
a sofa
Интербелсенді
тақта.
Ойлан,
бірік, бөліс
Топтық
жұмыс
6 мин
I see that you know more information
about house, flat
Now children, I give you task
1 group – draw a plan of your own
kitchen using new words
2 group- make questions about kitchen.
1 group – drawing a plan of your
own kitchen using new words
2 group- make questions about
kitchen.
Түрлі–түсті
маркерлер,стике
рлер
(топтық бағалау,
жазба түрде),
«Екі жұлдыз, бір
тілек»
Working
with the
book (text)
5 мин
Reading with stops
Оқулықтан қатесіз оқиды.
It’s a modern kitchen.It’s nice and
clean. There’s a washing machine, a
fridge and cooker, but there isn’t a
dishwasher.
There are a lot of cupboards in the
kitchen. There isn’t a carpet on the
floor. There’s a radio. There isn’t a
clock in the kitchen. There aren’t
plates and cups in the sink.
Оқулық
Формативті
бағалау
Discussion
2мин
There’s a washing machine….
but there isn’t……
There are a lot of cupboards in the kitchen
But there isn’t a clock
.......a dishwasher
a clock
Формативті
бағалау
Сергіту
кезеңі.
«оқы,тыңда
, ән сал»
3 мин
Click on the correct pictures and sing
along
Тыңдайды, қайталайды.
Интербелсенді
тақта
Showdown
( өздік
жұмыс)
3 мин
Басқа сыныптастарыңыз үшін 3 сұрақ
жазып, жауабын астына көрсетіңіздер,
басқа топпен алмасыңыздар, болған
соң топ басшысы үлкен саусағын
көтеріп дайын екендіктерін білдіреді,
қалғандары жауапты ашады, талдайды
Are you agree with them?
Көреді, талқылайды
P 1- I am agree
P 2- I am agree
P3-I am agree
Парақшалар
Make a
conclusion
3 мин
Стикермен диалог
Бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгенін
Сұрақтар қойып, жауап береді
Стикерлер
27
байқау үшін стикерге бүгінгі сабаққа
қатысты сөздер, сұрақтар жазып, бір-
біріне қояды.
Рефлексия
Үйге
тапсырма
беру
3 мин
Reflection
«Ай» әдісі арқылы (жаңа ай, жарты ай,
толық ай) кері байланыс стикерін
таратады.
Толық ай – сабақты толық түсіндім;
Жарты ай -мен жартылай түсіндім;
Жаңа ай – менің түсінбегенім
басымдау.
Бағалау критерийлеріне сүйене
отырып, топ басшысы топ
мүшелерін бағалайды.
Бағалау
парақшасы
2 мин
Exercise 12.
Write essay.
«My kitchen»
Күнделікке жазып алады.
Күнделік
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Бостандық ауылы
«Айгөлек» бөбекжайының тәрбиешісі Какенова Динара Темірқызы
Тақырыбы:«Жемісі мол алтын күз»
Зал мерекеге сай безендірілген . Балалар 1қыз ,1 бала боп қолдарынан ұстап, музыка әуенімен билеп кіреді.
Жүргізуші: Армысыздар , құрметті ата- аналар, балалар! Бүгіңгі Алтын күз мерекесі құтты болсын ! сары алтындай сары
күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлады. Олай болса «Алтын күзге» арналған ертеңгілігімізге қош
келдіңіздер.
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен
Күз сәні өнерімен орта толсын,
Ата-ана көңіліңнен балаң шықсын.
Ендеше бүгінгі кешке барлық балаларымыз ата-аналарымен бірігіп сән үлгісін дайындап келіпті.Ортаға шақырып
тамашалайық. Балалардың аты аталып бір-бірден кіреді.
Күз- жыл мезгілдерінің бірі. Күзде күн суытып, барлық жан -жануарлар, жәндіктер қысқы ұйқыға кетеді. Егін
жиналады .Құстар жылы жаққа ұшады .Жапырақтар сарғайып, жерге түседі .Бұл мезгілді «Алтын күз» деп атайды. Өйткені
жер беті сарғайған жапырақтарды жамылып, алтын түске боялады.
Жүргізуші:
Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен
Таңдандырып халқын күз.
Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне бүлдіршіндеріміздің орындауында ____«Күз жомарт» ____атты әнімізді
қабыл алыңыз.
Жүргізуші; Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Иә, Күз мезгілі де келіп жетті.
-Күз мезгілінде неше ай бар?
Күз мезгілінде үш ай бар.
-Күзде қандай құбылыстар болады?
Жапырақтар сарғайып, түсе бастайды., жаңбыр жауады, ауа-райы салқын болады. Балалар бізге сонау ертегілер елінен күз
ханшайымы келіпті. Бәріміз амандасайық.
Күз ханшайымы :Балалар мен сонау алыс елдерден сіздерге айналып келдім.Көп жер аралап келемін. Қасымда күз айлары
бар .
Жүргізуші: Күз айларын ілестіріп келіпті. Күз айларын атайықшы.
Ендеше Қыркүйікті тыңдайық.:
Менің атым қыркүйек.Күздің бірінші айымын. Байлықтың ,барлықтыңайымын сендер мен туралы не білесіңдер?
Хормен : Бірінші қыркүйек,
Қоңырау соғылды.
Күміс күй төгілді
Білімге талпынған балалар жиылды.
Қазан:Менің атм қазан. Жиын терімнің соғғы айымын,еңбеккер елді той думунга кенелтемін .Менде қандай мерекелер бар?
-Ұстаздар күні, қариялар күні
Қараша:Күздің соңғы айы караша деген мен боламын.Күннің суытып,қыстың жақын екенін естеріңе саламын.Қыркүйек
пен карашаға карағанда менде кандай ерекшеліктер бар?
Хормен : Қараша айы жасай бер,
Бар өмірдің белесі.
Адамзатка бақ берген
Он екі айдың төресі.
Күз ханшайымы:Мен бұл елге Бәйтерек елінен жеміс жидектер келгенін естідім.Кәне, өздерін бір тыңдап көрейікші.
28
Жүргізуші:Ендеше күз мерекесіне Бәйтерек елінен келген көкөністер мен жемістеріміз әкелген тақпақтарымызды
тыңдайық.
Бәтерек тобының такпактары:
Жүргізуші: жапқандай жапырағы іздерді,
Қуантым байлығымен ізгі елді.
Бір тойдырып қайту үшін елімді,
Сабырлы сары алтын күз келді.
«Күзгі вальс» қабыл алыңыз
Жиылған қауым, армысыздар,бәріңіз ,
Келіп жетті алтын дәнді сары күз.
Бірге болып қуанышта бәріңіз,
Бізбен бірге шаттық әнге салыңыз .
Жүргізуші: Күз ханшайымы білесізбе Бізге бүгін Көгершіндер елінен де көкөністер мен жемістер келіпті. Соларды
тыңдасақ қалай қарайсыз?
Күз ханшайымы: Жарайды ендеше тыңдайық.
Көгершін тобынын тақпақтары
Жүргізуші
Күз- мереке , күз-ырыстың белгісі,
Қайтып барды мекеніне жыл құсы.
Әнге ұласып, жырға ұласып даламыз,
Алтын күздің той думаны тасталды
Би: «Финская полька» қабыл алыңыз.
Жүргізуші:
Балалар бүгін бізде алтын күз мерекесіне көптеген көңілді көкөністер мен жемістер сонау алыстағы бақтары мен
алқаптарынан келіпті . Енді солармен таныс болайық.
Ән : Күз Кабыл алыңыз.
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы, менің қолымдағы алуан түрлі жапырақтарға. Қандай керемет. Енді біз осы
жапырақтармен ойын ойнайықшы. Мен жапырақтарды шашып жіберем, ал сендер жинайсыңдар.Кейбір жапырақтың
астыңғы бөлігінде жұмбақтар жасырыныпты. Тапқан бала жұмбақтың шешімін табуы тиіс.
Ойын: «Кім жүйрік»
Кұрметті ата-аналар, балалар осымен өздеріңізге арналған алтын күз мерекесі өз мәресіне жете келді. Бүгін осы алтын күз
мерекесіне шын ниеттерімен атсалысқан алдымен балалар сіздерге рахмет, сонан соң осы балаларымыздың жарқырап
көрінуіне ортадан орын алуына себепші болған әрине әлпештеген ата-аналары мен, ата-әжелерін ризашылығымызды
білдіргіміз келіп отыр.
МАРАПАТТАУ.
Жүргізуші:Құрметті ата-аналар , балалар күз мерекесіне атсалысқандарыңызға рахмет,еліміз тыныш, аспанымыз ашық,
отбасымызда амандық болсын !Келесі кездескенше сау болыңыздар.
******
ПІКІРСАЙЫС АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Атырау қаласы, Жұмыскер кенті
Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
Кишкентаева Ардак Алдамжаровна
«Біз жеңу үшін емес, білу үшін пікір сайысамыз, өйткені үлкен жеңістерге
жетудің бірден-бір жолы - білім ғана.» Арнолдь Тойнби
Қазақстанның жедел дамып отырған адамзат қоғамының көшінен қалмай, қазіргі заманға лайық биіктен көріну,
мемлекет басшы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында атап көрсетілгендей, ұлттық білім беру жүйесінің деңгейіне байланысты.
Елдің ертеңгі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны
әлемдік озық ой-пікірмен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет. Бүгінгі қоғам талабына сай білімді де,
саналы да, тәрбиелі азаматтарды тәрбиелеу білім беру жүйесінің басты мақсаты болып табылады. Оқушылардың білуге
деген ынтасы мен мүмкіндігін толық пайдалану және оларды оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру, сабақ барысында
алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін сабақтарда ойын түрлерін пайдаланудың орны
ерекше.
Егеменді елімізде орын алып жатқан көптеген нәтижелі өзгерістер білім беру саласына да елеулі жаңалықтар әкеліп
жатқаны сөзсіз. Сондықтан оқушылардың әдебиет пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында көптеген жұмыс
түрлерін жүргізіп, сабақтың тиімді әдістерін игеру қажет. Соған орай жаңа технологияларды меңгеріп, сабақтарды
түрлендіріп өткізудің мәні өз нәтижесін берері анық. Соның бірі пікірсайыс өнері десем артық айпқандық болмас. Қазіргі
таңда оқушыларды қызықтыра алу өте қиын. Білім жетерлік, оны оқушыға жеткізу үшін үлкен шеберлік керек. Айтқан
сөзіңді оқушылар салғырт тыңдағанда, алынбас қамалға кезіккендейсің? Осындай сабақтың пайдасы бар ма екен деген ойға
қаласың. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін оған басқаша іс-әрекет жасауға, оларға не қажет
екенін зерттеуге тырысамын. Ұлы Конфуций «Мұғалім мен оқушы бірге өседі» - дегендей, ойын формаларын тиімді
қолданып өткен сабақ оқушылардың да, ұстаздың да деңгейін өсіреді. Мен еңбек етіп жүрген Ғани Мұратбаев атындағы
орта мектебінде көп уақыт болған жоқ. Өзім сабақ беретін сыныптарда оқушылардың сөйлеу қабілетінің күнделікті артып,
шешендік өнердің қалыптасуын бақылау мақсатында пікірсайыс өнерін ұтымды пайдалануға назар аударамын.
29
Пікірсайыс дегеніміз не?
Пікірсайыс – қарама-қарсы көзқарас ұсынатын тараптардың белгілі бір ережелерімен шектелген
қақтығысы.Пікірсайыс дегеніміз-ойын.Пікір сайыстырудың мақсаты – үшінші бейтарап жақты, яғни төрешіні сіздің
дәйектеріңіз қарсыластарының дәйектеріне қарағанда серімдірек және салмақты екеніне сендіру, оларды өз
ұстанымдарына иландыру. Пікірсайыс туралы алғашқы түсініктің қалыптасуы көне Грецияның мемлекеттік
құрылысы негіздерімен тығыз байланысты болса керек. Онда белгілі бір пікірдің дұрыстығын дәлелдеу үшін
немесе көпшілік арасында қолдау табу үшін шешен басқаларымен жарыса сөз сөйлеп, тыңдаушыларының өз
дегеніне иландыру тиіс екен. Кейінірек пікірсайыстар Еуропа мемлекетінде де қолдау тауып дамығаны соншалық,
тіпті ортағасырлық білім беру жүйесінде шешендік өнер арнайы пән ретінде енгізілген. Бертінгі ғасырларда
ресми пікірсайыстардың қоғам өміріне өзіндік орын алған елдердің бірі- АҚШ. Онда либералды Англияның ресми
пікірсайыс дәстүрлі дамып, жетілдірілген болатын. Бүгінгі күні Шығыс Еуропа мен бұрынғы Кеңес Одағына
кірген мемлекеттердің барлығында дерлік пікірсайыс технологиясы ашық, демократиялық қоғам құру ісінде
кеңірек пайдаланылды. Пікірсайыстың пайдалы жақтары көп, соның ішінде бизнес, саясат, ғылым мен өндірісте
жүрген адамдар белгілі бір шешімдерді қабылдау үшін және оларды қорғау мақсатында пайдаланылады. Өнердің
бұл түрімен таныс болған оқушылар өздігінен сыни ойлау, көптеген мәселелерді зерттеуге және өз аудиториясын
сендіріп сойлеуге үйретеді. Бүгінгі таңда демократияны сөз бостандығы, көзқарастар қақтығыстары мен өркениетті
пікірталастардан тыс елестету мүмкін емес. Піксайыс -бүгінде әлем жастарының арасындағы кең таралған
интелектуалды ойындардың бірі. Пікірсайыс қозғалысы Қазақстанда 1996 жылдың сәуір айынан «Сорос Қазақстан»
қорының аясында жаңа білім беру бағдарламаларының бірі ретінде жұмыс істей бастаған болатын. Пікірсайыс
өнері арқылы оқушылар өздігінен жұмыс істеуге үйренеді, ойлау қабілеті дамиды, өздігінен қорытынды жасай білуге
машықтанады. Сондықтан да ойынның пәндік мазмұны басты назарда болуы тиіс. Сонда ғана ол оқушының ойлау
қабілетін дамытып, білімділік, тәрбиелік мақсаттарға жеткізеді. Пікірсайыс өнері арқылы тапқырлық, шапшаңдық, еңбек
сүйгіштік сияқты қасиеттер мен қатар ақыл – ой тәрбиесі де жүзеге асырылады. Пікірсайыс балалардың өмір сүру кезеңіне
сай. Пікірсайыс барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады. Оқушының белсенділігін,
саналы ойлана білуін, ой – өрісінің дамуын қиындықты жеңу, төзімділікке баулуды үйрету мұғалімнің негізгі міндеті.
Мұғалім бұл әдісті пайдалану методикасында пікірсайыс тақырыптарының дұрыс таңдалуына назар аудару керек.
Сабақ үстінде жүргізген ойын элементтері оқушылардың өмірге көз – қарасын қалыптастыруымен білімін, ой – өрісін
кеңейтумен қатар өнер, әдебиетке деген көзқарасы артады . Көңілді бала жаттығу түсіндіру, бекіту білімін тексеру
барысында кездескен қиындықты жеңе алатын өз ісіне тыңғылықты, алға қойған мақсатына жетпей қоймайтын оқушы
болып өседі. Пікірсайыс не үшін қажет? Пікірсайыстың атқаратын негізгі қызыметі сын тұрғысынан ойлай білу
қабілетін дамыту болып табылады. Оқушыларға тақырыптарға пікір таластыру арқылы жан- жақты білім алуға,
дүниетанымын кеңейте түсуге мүмкіндік алады. Тақырыптарға қатысты ақпараттарды сараптау негізінде жастар
бара-бара қандай да болсын мәселе бойынша біржақты көзқарас ұстанудан көрі кез келген мәселе бойынша
әртүрлі пікір ұстану мүмкіндігі құндылығының түсінігіне келеді. Бұның сыртында, пікірсайыстар жастарды
өркениетті қарым-қатынастарға, өз көзқарасын қорғауға, қарсыластарына дәйекті сын айтуға үйретеді.
Қысқасы, шешендік өнер негіздеріне баулиды.
өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарау.
ойлауға, толғануға, зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, дәлелдеуге үйрету.
ашық , әсерлі, нақты сөйлеу.
тарихи тілде сөйлеуді үйрету.
логикалы, ой қортындысын жасау.
достық, жылылық ұстамдық, пікірді силау,құрметпен қарауға дағдылану.
шешендік өнерін жетілдіру.
белсенділікті дамыту.
Сонымен қатар пікірсайыс арқылы қоғамда саяси сауатты, еркін көзқарасы бар демократиялы қарым-
қатынас қалыптасқан тұлға өсіп, жетіледі. Пікірсайыстың 2 түрі бар: формальды және формальды емес
пікірсайыс. Формальды емес пікірсайыстар күнделікті орын алатын пікірсайыстар.
Формальды пікірсайыс белгілі бір ережелері, шектеулері және құрылымы бар пікірсайыстар. Міне,
осыдан кейін оқушылардың бүгінгі саяси өмірге деген көзқарасы қалыптасқан, саяси және құқықтық жағынан көзі
ашық азамат дайындауға үлкен үлес қосады. Пікір сайыстырудың ең негізгі қабілеті - сыни ойлау. Сыни ойлау
дегеніміз - қоршаған орта болып жатқан құбылыстар мен оқиғаларды соңғы ақиқат ретінде бағалап қоймай,
сонымен бірге оның барлық аспектілерін қарастыруға талпыныс жасау. Хирургияда скальпель қаншалықты
маңызды болса, пікірсайыстағы сыни ойлау да соншалықты маңызды. Яғни, нақты дәйектерге сүйену маңызды.
Дегенмен кейде дәйектерге қарапайым логикалық ой түйіндер мен жалпыға мәлім мысалдар жеткілікті болып
жатады. Бұл жерде нақтылық пен сөз сөзіңе нақты сенімділіктің болмауы төрешінің сенімінен айырады.
Пікірсайыс – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтанда оқушылар сабақ үстінде ойынды көп
қажет етеді. Бұл әдіс оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарамайды. Ойыншылардың ой белсенділігін, саналы ойлана
білуін дамыту және жетілдіру – мұғалімнің негізгі міндеті.
Оқушы:
Өз бетімен оқиды, ізденеді, жазады.
Жаңа бір мәселені талдайды.
Белсенділік көрсетеді.
Өз ойын еркін жеткізе алады.
Пікірсайыс - ақыл-ой мен сезім күшін талап ететін ерекше ұйымдастырылатын сабақтар. Ойын әрқашан шешім
қабылдауды ұсынады – қалай істеу, не айту, қалай ұту қажет? Осы мәселелердің шешу тілегі ойнаушылардың ойлау
әрекетін арттырады. Балалар ол туралы ойланбайды. Дебат олар үшін ең бастысы – еліктіргіш сабақ. Ойын кезінде барлығы
тең. Ол тіпті нашар оқушылардың да қолынан келеді. Кей кезде бұл жердегі тапқыштық пен түсінгіштік пәнді білуден де
маңызды болады. Теңдік сезімі, еліктей мен қуаныш атмосферасы, тапсырманың қолынан келетіндігін сезіну – сөзінде басқа
30
тіл сөздерін еркін қолдануға бөгет жасайтын балалардың ұялшақтық сезімін жеңуге мүмкіндік береді және оқыту
нәтижесіне жағымды әсерін тигізеді. Сонымен бірге ойынды оған тән белгілермен – сөйлеу ықпалының мақсаттылығымен,
күтпегендігімен, әсерлілігімен шынайы сөйлеу арқылы араласуға барынша жақындатылған сөйлеу үлгісінің көп
қайталанатын пысықтауы үшін мүмкіндік туатын жағдайдағы түрлі жағдайлы жаттығу ретінде қаралады. Бүгінгі күн –
талантты, жігерлі өзіне сенетін адамдардың, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік – жігері бар адамдардың
уақыты. Біздің әрқайсысымыз – оушы, мұғалім, ата-ана басшы немесе шенеунік болсын – осы міндеттердің атқарудағы
өзіміздің жоғары жауапкершілігімізді нақты сезінуіміз қажет. Сонда ғана бүгінгі білім беру жүйесінде елдің ертеңі, жас
ұрпақтың нұрлы болашағы үшін жұмыла атқарылып жатқан жұмыста жоғары нәтижеге қол жеткізіп, халықтың игілігінен
жарар ізгілікті іс жасалмақ. Жалпы ұрпақ тәрбиесінде, білім беру ісінде ұстаздардың ролі ерекше. «Мектептің жаны -
мұғалім» деп ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, тәуелсіз Отанымыздың күні ертеңгі тұтқасын ұстайтын ұрпақтың
білімді де білікті болып шығуынада ұстаздың орны бөлек екенін қайталап айтуды өзіме парыз санаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |