ОҚушылардың ойлау қабілетін дамытудың белсенді әдістері р. Ж. Жалғасова



жүктеу 46.91 Kb.

Дата06.03.2017
өлшемі46.91 Kb.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ 

 

Р.Ж.Жалғасова  



Алматы қ.  

 

Оқыту методикасында білім берудің ұйымдастырудың басты формасы-сабақ болып табылады. 



Бұл  анықтамада  терең  және  кең  мазмұн  берілетін  себебі  сабақ  оқытуды  ұйымдастырудың  формасы 

ғана емес, жалпы педогогикалық процестің жүйесіндегі ең басты маңызды жауапты бөлігі. 

Педогогикалық  жұмысты  жетілдіру  үшін,  алдымен  әркім  өзін,  өзінің  азаматтық  позициясын 

айқындап,  еңбекке  деген  ынта-ықыласын  арттырудан,  тапсырылған  ісі  үшін  жауапкершілігін 

күшейтуден бастауы керек. Оқытудың идеялық, теориялық, методикалық деңгейін арттыру мұғалімнің 

кәсіптік өсу шеберлігін көтеру – сапалы оқытудың басты шарты екені бәрімізге аян. 

Әрине,  мұғалім  мамандығы  қиындығы  да,  қызығы  да  мол  мамандық.  Қиындығынан 

қаймықпай,  қызығына  тоқмейілсімей,  қажымай-талмай,  еңбек  еткен  ұстаз  ғана  шын  мәнінде  өзі  де 

бақытты,  өзгені  де  бақытты  ете  алар  еді.  «Егер  сіз  өзіңізге  лайықты  мамандықты  сәтімен  таңдап 

алсаңыз,  онда  бақыт  сізді  өзі  іздеп  табады»,-  деген  болатын  педогог  К.Д.Ушинский.  Олай  болса, 

ізденіспен жетілдіре беруі, өз ісіне үлгі боларлықтай ұстаздардың білімімен сусындауы өте қажет деп 

ойлаймын. 

Ұстазды  әлемдегі  ең  ғажайып  мамандық  дер  едім.  Көзі жәудіреп  алдыңда  отырған  шәкірттер 

ертеңгі  ел  басқаратын,  ғылымының  тылсым  сырын  ашатын,  қоңыр  даладан  ғарышқа  самғайтын  не 

кітап жазатын еліміздің ертеңгі қожалары емес пе?! Ал, осындай азаматтарды тәрбиелеу сенің қолыңда 

тұрса,  одан  асқан  қандай  сый  керек.  Сондықтан  да  ата-ана,  халық,  Отан  –  мұғалімге  бүкіл  ұрпақтың 

өмірін  сеніп,  оның  болашақ  тағдырын  бізге  тапсырып  отырған  жоқ  па?  Олай  болса,  біздің 

жауапкершілігіміздің қандай маңызды екені өздеріңізге белгілі. Мұндай жауапкершілікті орындау үшін 

Абай  айтқандай:  «Ыстық  қайрат,  нұрлы  ақыл,  жылы  жүрек  керек».  Мұғалімнің  көтерілер  биігі 

шектеулі емес. 

Максим  Горький  айтқандай  «Істеген  ісіңді  сүюің  керек,  сонда  ғана  сенің  еңбегің 

шығармашылық  дәрежесіне  көтеріледі»,-  деген  еді.  Міне,  50  жыл  педогогикалық  тәжірибемде  мен 

әртүрлі  әдістердің  қыр-сырын  меңгердім.  Әр  сабақ,  әрқашанда  өзгеше  болуы  қажет.  Қандай 

технологияны  қолданба,  берген  біліміңнің  сапалы  болуына  септігін  тигізуі  керек.  Мысалы, 

Ы.Алтынсарин  сабағын  өткенде,  мен    Ғ.Қайырбековтың  «Дала  қоңырауы»  атты  поэмасынан  бастап, 

Ғ.Қайырбеков  сол  Ы.Алтынсарин  ашқан  мектептің    түлегі  екенін  айтып  барып  жаңа  тақырып 

бастаймын.Келесі  сабақты  Орынбай  Оралбековтың  Ыбырай  мектебінің  алдында  қойылған  ескерткіш 

туралы  мақаласынан  бастасам,  ал  шығармаларын  оқу  алдында  «Әке  мен  бала»  әңгімесінен 

бастаймын.Қорытынды  сабақта  –  Ыбырай  атамыз  ауылымызға  білімнің,  өнердің  жарық  сәулесін 

әкелгенін  түсіндіріп,  сендер  де  білім  нәрінен  сусыңдаңдар  дей  келе  Бердіоңғаровтың  «Білім»  атты 

өлеңімен аяқтаймын. 

Селтеңдеп босқа жүгірме, 

Ақылдың көзі ілімде. 

Білімсіз адам ол – надан, 

Ыржақтап мәнсіз күлуде. 

Ақылда, ойлы, саналы  

Білімнен қуат алады. 

Керегін іздеп адамдар 

Кітаптан ғана табады. 

Білімге адам қанбайды, 

Білімді құс боп самғайды. 

Білімсіз шырақ жанбайды, 

Білімі таяз халықтар

Тәуелсіздікті өркендете алмайды. 

Ал, Абай Құнанбаев тақырыбын бастағанда С.Сейтовтың «Кім» атты өлеңімен бастаймын. 

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім? 

Жырымен жан сусынын қандырған кім? 

Өзіне өзі орнатып ескерткішті, 

Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім? 

Тайсалмай мыңмен жалғыз алысқан кім? 

Жауына найза сөзін жанышқан кім? 

Өзендей құйған барып көк теңізге,  



Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім? –балалар, десең «Абай» деп жауап береді.Міне, біздің 

тақырыбымыз  «Абай  Құнанбаевтың  өмір  жолы»  -  деп  әрі  қарай  жоспарым  бойынша  сабақты  бастай 

беремін. 

Абай  тақырыбына10  сағат  берілген.  Алғашқы  сабақты  С.Сейтовтың  «Кім»  деген  өлеңімен  бастасам, 

келесі сабақты «Әке мен бала» арасындағы қарым-қатынасын «спектакль» сабақ етіп өткіздім. 

Ал  келесі  тақырып  «Абайдың  орыс  әдебиеті  мен  мәдениетінен  қоныс  табуы».  Бұл  сабақты 

ойланып  отырып,  орыс  әдебиетімен  байланыстырып  интегралды  орыс  тілі  маманы  Г.Абдулаевнамен 

бірлесіп  өткіздім.  Себебі,  Абай-аудармашы.  Төл  шығармалары  мен  Крыловтың,  Лермонтовтың, 

Пушкиннің  шығармаларымен  салыстыра  отырып,  Татьянаның  Онегинге  жазған  хатын  орыс  тілінде 

шырақ  жағып  қойып  қауырсынмен  хат  жазып  отырған  орыс  тобының  оқушысына  көрініс  жасатып, 

қазақшасын  қазақ  тобынан  Әйгерімнің  әнімен  айтқыздым.  Себебі  Татьянаның  әнін  қазақ  сахарасына 

таратқан Әйгерім еді.Ал, «Абай – қазақтың бас ақыны» атты сабақты конференция етіп өткіздім. Оған 

Ғылым Академиясының Абайтану институтынан ғалымдар шақырып, өте жақсы кездесу сабағы болды. 

Бұл сабаққа колледжіміздің бір қатар ұстаздары қатысты.Ал қорытынды сабақты «Қобыланды батыр» 

жырының  желісімен,жарыс  сабақ  өткіздім.  Екі  командаға  бөліп,  Абай  ауылы  мен  Ыбырай  ауылы 

болып,  сөзін,  әнін  белгілеп,  алты  кедергіден  өткізіп,  оқушылардың  сабақта  қаншалықты  білім 

алғандарын тексеріп баға қойдым. Мысалы: 

Абай ауылының ұраны: 

Асқар-асқар белдерден, 

Жалғыз шауып жол шекті. 

Ыбырай ауылының ұраны: 

«Айт,жануар,шу!»-деді 

Құбылып бурыл гуледі. 

Әні: 


Тайбурылдың шабысы-ай, 

Сайгүліктің дабысы-ай 

Біздер қалып қоймайық

Жарысқанда  ей,  достар-ай!-деп  әнін  айтқызып,  оқушылардың  көңіл-күйін  сабаққа  аударамын. 

Сөйтіп,  Абай  мұралары  –  адамгершіліктің,  имандылықтың,  биік  парасаттың  асыл  қазынасы.  Осы 

мұраларды оқушыларға жеткізу үшін, міне,сан түрлі әдістер пайдаланамын. 

Сабақ  берудің  әдістері  сан  салалы,  тақырыпқа  үңіліп  отырсаң  ойлар  өзінен-өзі  ағытылып  келе 

береді. Тағы бір-екі сабақ туралы:Мысалы, Сәкен Сейфуллинді өткенде Сәкеннің портретіне мінездеме 

беруден бастадым. 

Алдында қиындықтың иілмеген, 

Көремін Сәкенді асқақ күйінде мен. 

Кім оның тұрысына қайран қалып

Кім оның тұлғасына сүйсінбеген. 

Жарасар десек те оны дара тұлға,  

Жүзі нұрлы аймен тең жаңа туған. 

Көкірегінде шабыттың шоғы маздап, 

Жан еді өлең үшін жаратылған, - деп Рысты Шотбаеваның өлеңімен бастап,көңілдерін сабаққа 

аударып аламын. 

Ал, Сәкен Сейфуллин тақырыбына 6 сағат берілген. Келесі сабақты неден бастау керек? Газет-

журналды  қарай  отырып,  Сәкен  Сейфуллиннің  інісі  Мажиттің  қызы  Рымжанның  «Сәкен  қалай 

тұтқындалды?»  деген  мақаласын  «Қазақ  әдебиеті»  газетінен  тауып  алып,  сабақты  содан  бастадым. 

Балалар апай, оқыңызшы деп көңілдерін бөле бастады, оқу барысында біреулері мұңайып, әттең Сәкен 

атаға обал  жасаған  екен, не  деген қатыгез  заман деп  оқушылар  ойын ортаға салды. Әрі  қарай негізгі 

тақырыбымызға  көше  береміз.  Ал  келесі  тақырыбымыз  Сәкен  Сейфуллиннің  «Көкшетау»  поэмасы. 

Оны әнмен бастадым. Мысалы: 

Арқаның кербез сұлу Көкшетауы, 

Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын. 

Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп

Жүреді біліп кетіп есен-сауын. 

Сексен көл Көкшетаудың саясында,  

Әрқайсы алтын кесе аясында. 

Ауасы дертке дауа, жұпар иісі 

Көкірек қанша жұтсаң – тоясың ба? 

Қорытынды сабақта Сәкен Сейфуллиннің мына шығармасымен аяқтаймын: 

Ойынды кой, оқы інішегім, алға бас

Жарқыратып ақ нұрыменен көңілді аш, 



Балалыққа жас миыңды алдатпа,  

Ғылым үйрен, нұрға толсын кеудең жас. 

Әрбір  тақырыпты  ашқан  сайын  жаңалық  табасың,  ойланасың,  оқушының  білімін  жетілдіру 

үшін, көңілін сабаққа аудару үшін талай әдістерді қолданасың. Ол үшін ұстаз көп ізденуі керек. Бірде 

«Қазақ  әдебиеті»  газетін  қарап  отырсам,  Файзолла  Сатыбалдиевтің  «Ахмет  қайтыс  болды 

дегенде»деген  өлеңін  оқыдым.  Ойлап  отырып  оған  бір  матив  таптым  да  Ахмет  Байтұрсынов 

тақырыбын  бастағанда  магнитофоннан  оқушыларға  60  жыл  бойы  Сталинизм  құрбаны  болып  келген 

ағартушы,  ұстаз,  ғұлама  ғалым,  көрнекті  ақын,  жалынды  публицист  қазақ  тілі  білімі  мен  сыншы, 

композитор-музыкант  және  шебер  орындаушы  ауыз  әдебиеті  мен  мәдениетін  зерттеуші 

А.Байтұрсыновтың өмір жолын тыңдата отырып, соңынан Сатыбалдиевтің өлеңін тақтаға жазып қойып 

оқушылармен бірге айтып.  

Өлеңі: 


Шынымен бұл дүниеден өткенің бе? 

Қайырылмай алды-артыңа кеткенің бе? 

«Ахмет апат болды» дегенді естіп, 

Егіліп жылай бердім,тек дедім де. 

Айрықша артық көрген,Ғазиз досым, 

Жоқ еді қысқы да кек, ұзын да өшің 

Алаштың қамын жеген азаматы ең. 

Сүйреген алға қарай қазақ көшін. 

Мендағы талай сырды ішке түйдім, 

Жазықсыз жазаланып, отқа күйдім. 

Бақұл боп, қайран Ахмет, ақ сұңқарым,  

Қош айтып, рухыңа басымды идім, - деп сабақты аяқтадым. 

Ал, Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасын шығарма сабақ ретінде өткіздім. Оқушылардың 

жазған  шығармасын  оқып  отырып,  ойың  көкке  өрлейді,  осы  балаларды  осыншама  әдебиетті  сүюге 

үйреткеніме кейде көңілім толқып, жақсы шығарманы балаларға оқып, алғысымды айтамын. 

Тәрбие мен оқу егіз. Тәрбиесіз білім қанаты жоқ құспен тең, -дейді халық. Міне, тәлімгер ретінде 

қыз балаларға арнап «Әдептілік – әдемілік» атты пікірталас, жеңістің 65 жылдығына арнап полковник 

Есенғазиев  Орынғали  ағаны  жолдасымен  шақырып,  кездесу  кешін,  «Құрманғазы-күй  атасы»  атты 

кешке  Университеттің  ғалымдарын  шақырып,  әрі  Құрманғазы  атындағы  халық  аспаптар  оркестрінің 

лауреаты Тілек Мақсат пен филормонияның әншісі Орашева Мейрамкүлді шақырып, әлемді екі шекті 

домбырасымен таңдандырған, халық мұңын өз күйлерімен жеткізе білген Құрманғазы атаның күйлерін 

тыңдап, қатысып тамашалаған ұстаздарымыз алғыстарын білдірді. Оқушыларымыз да кештің соңында: 

Тапсырды ұрпағына домбырасын, 

Күрсінтіп кең даланың кәрі-жасын. 

Тыңдасам, күйлеріңді күйші ата, 

Жүректі өшпес отқа толтырасың,-деп оқушылар да өз ойларын білдірді. 

Шығармашылықпен  жазылған  жоспар  оқушыларға  білімді  жүйелі  тиянақты,  жан-жақты  беру 

үшін  керек.  Сонымен  жаңаша  (инновациялық)  оқыту  дегеніміз  –  бұл  білімді  оқушыларды  өздігінен 

алуға  үйрету  деген  сөз.  Олардың  қызығушылығын,  білім  алуға  деген  қабілеттілігін,  икемділіктерін 

дамыту.  Ол  үшін  мұғалімдер  көп  ізденуі  керек.  Мұғалім  өз білімдерін  көтермесе, ізденбесе, жазбаса, 

ойларын ортаға салмаса, ол мұғалім өз шеберлігін арттыра алмайды. «Іздеген жетер мұратқа» демекші 

қажымай-талмай  жас  кездеріңде  білім  меңгеру  керек.  «Көре-көре  көсем  боласың,  сөйлей-сөйлей 

шешен боласың дегендей мұғалімнің негізгі құралы тілі, айту мәнері, жүріс-тұрысы, киім киіне білуі, 

үлкенмен болсын, кішімен болсын әдепті қарым-қатынас жасай білуімен, ізеттілігімен ерекшеленеді. 

Қорыта  келе,  біздің  елімізде  қаншама  мамандық  иелері  бар  болса,  солардың  қолынан  небір 

кереметтер  жасалмай  ма,  адамның  ақылынан,  қайратынан,  жүрек  жылуынан  артық  нәрсе  бар  ма? 

Қолынан  ғажайып  кереметтер  жасайтын  мамандарды  ең  алдымен  мұғалімдер  өмірге  дайындайды, 

олардың  өмірден  өз  орындарын  тауып  еліміздің  абзал  азаматы  болып  еңбек  етіп  жүрсе,  біздің 

мақтанышымыз емес пе? 

Алғашқы  жазу  үйрету,  оқу,  ойлау  қабілеттерін  ұштаудан  бастап,  Отанын,  елін  сүюге  баулып, 

алтын  бесік  ұясынан  ұшыратын  да  мұғалім.  Аты  әлемге  әйгілі  ғалымдар,  өнер  биігінің  мұнарасына 

көтерілген үздік көркемөнер иесі де, жазушы, ақын, Еңбек ері, ел басқарған шешен, ерлігімен ел есіне 

қалған батыр да ұстаздан тәлім-тәрбие алғандар. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 



1.

 

Халық мұрасының танымдылық-тәрбиелік мәні. Ы.Алтынсарин шығармаларынан 

2.

 

«Балаға жүрек жылуы»,  В.А.Сухомлинский, Алматы, 1976жыл 

3.

 

«Продолжение урока», Еңбек Ері Р. Нұртазина, Алматы,1996жыл 

4.

 

«Қазақстан мектебі» жорналы, 10, 2008 жыл 

 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал